Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?


Мағынасына қарай /объектіге қатысына қарай/



бет4/10
Дата09.04.2022
өлшемі153,43 Kb.
#138527
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
tpUAlQSjnP9JFVtFRGDvwjRIwIIcKIGyaguCA3ao

Мағынасына қарай /объектіге қатысына қарай/
(по значению /по отношению к объекту/)
1. Салт етістік - өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.
(Непереходный глагол – глагол, не требующий от предыдущего слова формы винительного падежа)
Мысалы: үйге кел, мектепке бар т.б.
2. Сабақты етістік – алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік.
(Переходный глагол –глагол, требующий от предыдущего слова формы винительного падежа)
Мысалы: хат+ты оқы, үй+ді көрді т.б. сұрақ: нені?

Мағынасына қарай (по значению)
1. Негізгі етістік – толық лексикалық мағынасы сақталады, тікелей сұраққа жауап бере алады,сөйлем
мүшесінің қызметін атқара алады.
(Основной глагол-сохраняет полное лексическое значение, может отвечать на вопрос и являться членом
предложения)
2. Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды, тек негізгі етістіктер
мен есім сөздермен бірге қолданылады.
(Вспомогательный глагол – не имеет полного лексического значения, не может являться членом
предложения, применяется только в составе основного глагола и именными словами)
Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып баласынан сұрады. (Ы.А.)
Не істеп? – келе /жатып/ -негізгі етістік. Не істеді? – сұрады –негізгі етістік.
жатып – сұраққа жауап бере алмайды.-көмекші етістік.
 
Күрделі етістіктерге (Сложные глаголы) - құрама, құранды, қосарлы, біріккен, тұрақты тіркесу
арқылы жасалған етістіктер жатады.
1. Құрама етістік (составные глаголы етістік+етістік) Мысалы: барып кел, кіріп шық т.б
2. Құранды етістік (составные есім+етістік) Мысалы: жәрдем ет, қызмет қыл, адам бол т.б.
3. Қосарлы етістік (парные глаголы) Мысалы: алдап-сулап, жығыла-сүріне т.б.
4. Біріккен /кіріккен етістік (сращенно-слитные) Мысалы: әкел, әпер, апар, бүйт, сүйт т.б.
5. Тұрақты етістік (фразеологические) Мысалы: ауыз жаласу, таяқ жеу, жүрек жалғау т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет