Байланысты: Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
3. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты мен міндеттері 3.1.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мақсаты оқушыларды
табысты оқыту мен әлеуметтендіру, оларды барынша дамытуға жағдай
туғызуға бағытталған ағарту, диагностикалық және түзету шараларының
кешенін жүзеге асыру жолымен білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын
психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруға тарту болып
табылады. Бұнда қолдау нысаны білім беру үдерісі, ал қолдау мәні – баланы
дамыту жағдайы болып табылады.
3.2.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің міндеттері:
-
тәрбиеленушінің құқығы мен жеке бас қызығушылықтарын қорғау,
олардың оқуы мен психологиялық және дене тұрғысынан дамуын қауіпсіз
жағдаймен қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және медициналық-
әлеуметтік мәселелерді шешуде көмектесу және қолдау;
-
баланың дамуы мен оқуында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу
үшін баланың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін кешенді түрде
диагностикалау;
-
білім беру үдерісінің барлық субъекілерінің арасындағы өзара түсіністік
пен өзара әрекеттенуді нығайтуға көмектесу;
-
оқушылар, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар арасында кеңестік
ағарту жұмысын жүргізу.
3.3. Баланы және оның жанұясын қолдау туралы шешім қызметтің барлық
мамандарымен бірге, ПМПК-тің тұжырымдамасы мен ұсыныстарының
негізінде қабылданады.
3.4.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және мекемелерімен, оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға көмектесетін әлеуметтік
серіктестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.