Байланысты: Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Әлеуметтік педагогқа төмендегі қызметтер жүктеледі:
2.1.
Оқушыларды табысты әлеуметтендіруге (бейімделмеу құбылысының
алдын алу) көмектесетін, әлеуметтік білімді, икемділікті, дағдыларды, тұлғаның
әлеуметтік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған шаралар
кешенін жүзеге асыру.
2.2.
Тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек шараларын жүзеге асыру,
олардың БҰҰ баланың құқығы туралы конвенциясына сәйкес толық құнды
даму мен білім алуға деген құқықтарын қорғау.
2.3.
Оқушылардың әлеуметтік дамуындағы бұзылыстарды анықтау және
оларға нақты өмірлік жағдайда дер кезінде әлеуметтік көмек көрсету
мақсатында апробацияланған әдістемелерді практикада пайдалану.
2.4.
Мемлекеттік басқару органдарымен,қоғамдық ұйымдармен, оқу
орындарымен, әлеуметтік қорғау органдарымен, сонымен бірге оқушылардың
мүдделерін білдіру, қорғау қажет болатын басқа да құрылымдармен серіктестік
орнату.
2.5.
Оқушылардың әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ата-аналарға
(олардың орнындағы тұлғаларға), педагогтар мен мамандарға сабағаттық көмек
көрсету.