-
психологиялық түзету жұмысы – оқушылармен түзете дамыту жұмысын
жүргізу мен бағдарламаны әзірлеу бойынша педагог-психологтың, әлеуметтік
педагогтың, логопед мұғалімнің, дефектолог мұғалімнің, дәрігердің бірлескен
жұмысы,әлеуметтік-психологиялық тернингілерді, рөлдік ойындарды, білім
беру үдерісіне қатысушылардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту
бойынша педагогикалық ұжым мен ата-аналардың арасындағы топтық
дисскуссияларды ұйымдастыру және өткізу;
-
әрбір жастық кезеңде оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке бастық
толық құнды дамуына және өзін-өзі тануына жағдай тудыру, сондай-ақ
тұлғалық дамуы мен зерде дамуында мүмкін болатын бұзылыстардың алдын
алу мақсатындағы білім беру үдерісіне қатысушыларды психологиялық-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік тұрғыда ағарту;
-
білім беру үдерісіне қатысушыларға әр түрлі психологиялық-
педагогикалық және әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша әлеуметтік-
педгогикадық және психологиялық кеңес беру; өмірдегі қиын жағдайларды
жеңу үшін оқушылар мен ата-аналарға көмектесу; оқушыларды дамыту,
тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша педагогтарға кеңес беру;
-
ұйымдық-әдістемелік қызмет – ұйымдық-әдістемелік және ғылыми-
әдістемелік жұмыстарды (қолдау нәтижелерін талдау және жинақтау,ғылыми
зерттеу жұмыстарының материалдарын өңдеу) жүргізу; тәрбиелеу және
әлеуметтендіру мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктер, семинар
практикумдер, конференциялардың жұмысына қатысу; тәрбиеленушілердің
денсаулық жағдайын есепке ала отырып, оларды сауықтыру бағдарламаларын
әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; инновациялық әдістерді меңгеру
бойынша семинарлар, тренингілер мен кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және
өткізу; мүмкіндіктері шектеулі балалар туралы мәліметтер қорын
қалыптастыру; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік
қолдау бойынша отандық және шетелдік ғылым мен практиканың жетістіктерін
зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: