Срм тақырыбы: География ғылым ретінде Орындаған: Седенов Ш. Т. Қабылдаған: Калиаскарова З. К. Алматы, 2022 жыл. МазмұНЫ



бет5/7
Дата24.02.2022
өлшемі91,87 Kb.
#133034
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мухаметхан макпал СРМ

География ғылым ретінде.

География – жаратылыстану және қоғамдық циклдар оқу пәндеріне кіретін жеке дара мектеп пәні болып табылады. Географиядан берілетін білімнің маңыздылығы қоршаған ортаға қатысты оқушылырдың көзқарастары, ұстанымдары, тәртіп нормалары, өмірлік біліктіліктері жүйесін және алған білімдері негізінде табиғи, шаруашылық, әлеуметтік және әр түрлі аумақтардың экологиялық жағдайларын бағалауға қатысты біліктерін қалыптастыруға бағытталумен ерекшелененеді [7].
География - жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым. География ертеден дамыған табиғатты зерттейтін жаралыстану ғылымдарының біріне жатады. Зерттеу нысанына, әдістері мен мақсаттарына қарай география ғылымы физикалық және әлеуметтік-экономикалық салаларға бөлінеді [8].
Физикалық география табиғат нысандар мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Физикалық география жалпы және аймақтық географияға бөлінеді. Жалпы физикалық география жердің географиялық қабығының құрылысын, құрамын, дамуын, территориялық бөлшектенуі мен олардың сыртқы және ішкі байланыстарын зерттейді, ал аймақтық физикалық география табиғи бөлек территориядағы жоғарғы аталған заңдылықтардың жергілікті ерекшеліктерін зерттейді [8].
Физикалық география дамуына байланысты көптеген ғылымдар салаларына бөлінеді: геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақ географиясы, геоботаника, зоогеография, гляциология, геокриология және палеогеография [9].
Әлеуметтік-экономикалық география өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы түрлерінің, көліктің, халықтардың орналасу заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география, халық географиясы, демография ғылыми салаларына бөлінеді.География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалған жоқ. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды [10].
География (гр. γεωγραφία, «жерді сипаттау» деген мағына береді: гр. γαία — «Жер» және гр. γράφειν — «сипаттап жазу», «суреттеу») — жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым:

  • Жердің географиялық қабығын зерттейтін ғылымдар кешені. Географиялық ғылымдардың зерттеу нысандары: геосфера (биосфера, атмосфера, литосфера, гидросфера және жер қабаты) және геожүйелерді (ландшафтты, табиғи аймақтарды, биогеоценозды т.б.)

  • Белгілі бір территорияның аймақтың, нысанның, құбылыстың немесе процестің уақыт пен кеңістікке байланысты ерекшеліктері туралы білім жиынтығы (мысалы, мұхиттар мен құрлықтар географиясы, Қазақстан географиясы, дала географиясы, әлеуметтік география, тарихи география).

Географияның зерттеу нысаны - әр түрлі дәрежедегі географиялық орта компоненттерінің орналасуы мен өзара әрекеттесу заңдары мен заңдылықтары болып табылады. Зертеу нысанының күрделілігіне және кеңдігіне байланысты география пәні ортақ географиялық ғылымдар жүйесін құрайтын бірнеше мамандандырылған (салалық) ғылым түрлеріне бөлінеді. Олардың ішінде ерекше аталатындар: жаратылыстану география ғылымдары (физикалық география, жердің географикалық қабықтарын тану ғылымы, тoпырақтану, климатология, гляциология, гидрология, океанология, палеография) және қоғамдық географиялық ғылымдар (әлеуметтік-экономикалық география, тарихи география). Кейде географиялық картографияны да жеке ғылым ретінде бөліп айтады. Географиялық зерттеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін жасау [10].
Географиялық зерттеулер әдістерінің мәселелері Ғылыми әдістің ғылыми тәсілдерімен байланыстары. Қоғамдық географиялық зерттеулерге қолданылатын әдістер жүйесі. Жалпы ғылыми әдістер: жүйелік анализ және синтез, үлгілеу, формализация, идеализация. Аксиматико-гипотетика, дедуктивті әдістерді пайдаланудың келешігі. Болжау әдістері: математикалық әдістер мен компьютеризация рөлі. Арнайы әдістер: картографиялық, баланстық, баламалы-ареал және далалық. Қоғамдық географиялық эксперимент. Қашықтық әдістерінің рөлінің артуы [10].
Географияның гносеологиялық мәселелері Қоғамдық географиялық таным үрдістері мен білімнің қалыптасуы. Негізгі және жеке қоғамдық географиялық заңдар, танымның теориялық және эмпириялық деңгейлері, танымның қалыптасу алгоритмі, ғылыми зерттеулер кезеңдері, ғылыми таным жолдары. Географиялық зерттеулер әдістерінің мәселелері Ғылыми әдістің ғылыми тәсілдерімен байланыстары. Қоғамдық географиялық зерттеулерге қолданылатын әдістер жүйесі. Жалпы ғылыми әдістер: жүйелік анализ және синтез, үлгілеу, формализация, идеализация. Аксиматико-гипотетика, дедуктивті әдістерді пайдаланудың келешігі. Болжау әдістері: математикалық әдістер мен компьютеризация рөлі. Арнайы әдістер: картографиялық, баланстық, баламалы-ареал және далалық. Қоғамдық географиялық эксперимент. Қашықтық әдістерінің рөлінің артуы. Географияның теориялық мәселелері. Қоғамды аумақты ұйымдастырудың теориялық әдістері. Қоғамды аумақты ұйымдастырудың иерархиялық әдістері. Табиғат пен қоғам байланысының әлеуметтік географиялық аспектілері [10].
География ғылымдарының теориялық және әдіснамалық негіздерін түсіндіруге қажет болатын бірқатар ілімдер, теориялар және концепциялар бар. Ғылыми танымның логикалық дамуына сай әрбір ілім, теория және концепция өзінің алдындағы білімдердің негізінде пайда болып, жаңа теориялардың қалыптасуына негіз болып табылады. Сондықтан да кез келген ілімнің, теорияның және концепцияның дамып қалыптасуы терең және мұқият зерттеулерді жүргізуді қажет етеді. Мақсаты: Географияның жаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының бағыттарынан тұратын біртұтас ғылыми жүйе екендігі 22 жөнінде пікір қалыптастыру. Сонымен қатар, оның қазіргі кездегі теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайтын мәселелерді анықтау. Міндеттері: Географияның объективті әлемді зерттеудегі міндеттері мен оның қоғамдағы атқаратын қызметі жөнінде сипаттама беру. Осыған байланысты географияның теориялық және әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, оның тарихи даму кезеңдерінің сатыларын ашып көрсету. Географиялық, соның ішінде жалпыгеографиялық, физикалық – географиялық және қоғамдық – географиялық ғылымдардың терминдері мен түсініктеріне, олардың иерархиялық деңгейлеріне, ілімдері мен теорияларына және тұжырымдары (концепциялары) мен гипотезаларына жан – жақты тоқталып, толық мәнде мәліметтер беру. Географиялық ғылымдар жүйесінде қалыптасқан ілімдерге, теорияларға және жалпығылымдық, географиялық концепциялар мен гипотезаларға сүйене отырып, закманауи географиялық мәселелерді қалай шешуге болатын мүмкіндіктердің сыр – сипатына түсініктемелер беру. Географиялық білімдерді күнделікті өмірде, іс жүзінде қалай пайдалану керек екендігін түсіндіру. «Географияның теориялық және әдіснамалық мәселелері» курсының дәрістік мазмұны магистранттардың ой – өрісін, біліктіліг мен құзіреттерін қалыптастыруға байланысты құрастырылған [11].




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет