СРС-3 АПТА
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Бағдарламалық мақалада дамыған мемлекет болып, зерделі де зияткер ұлт болып әлемдік аренада ойып тұрып өзіндік орын алу үшін қажетті қадір-қасиеттер санамаланып айтылған болатын.
Елбасы аталған тарихи құжатта ұлттық құндылықтарымыз – ұлттық кодымызсыз ешқандай да жаңғыру болмайтындығын айтты. Ғылым мен техника көз ілеспес шапшаңдықпен дамып, жедел өзгеріп отырған әлемде Мемлекет басшысы айтқандай, рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодымызды, ұлттық мәдениетімізді сақтай отырып, әлемдік өзгерістерге сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастырғанымыз абзал. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз, тамыры тереңнен бастау алатын рухани әрі ұлттық болмысымызды нығайтып, жетілдіріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, тарихымыздан, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады десек, атадан балаға мирас болып келе жатқан сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, жетілдіріп, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын, жаңа ұрпақтың кемел келешегін қалыптастыруымыз қажеттігін ерекше ескертті.
Бағдарламалық мақала аясында рухани кодымыздың басты тетігі болып табылатын қоғам үшін маңызды көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі қабылданды және оны ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда өмірімізге енгізудің кешенді жоспары жасалынып, латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілінің емле ережелерінің жобасы сараптамадан өтуде, жаңа әліпбидегі алғашқы ақпараттық-танымдық мерзімді басылым «Til-Qazyna» оқырманына жол тартты. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын 18 оқулықты қазақ тілінде сөйлетті.
Ендігі мақсат – осындай баға жетпес дүниені оқу үрдісіне енгізе отырып, студент жастарға әлемдік деңгейде білім берудің зор тетігін қалыптастыру көзделуде. Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихына негізделген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында заманымыздың озық ойлы, жасампаз, еңбекқор адамдарының есімдері мен ерен еңбектері ұлықталуда. Алдымен азаматтық патриотизм, одан кейін қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бастамасы болған «Туған жер» бағдарламасы аясында да ауқымды шаралар жасалуда. Сонымен қатар халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қалыптасуда.
Рухани жаңғыра отырып, болашаққа бет түзеген халықтың Ұлы Даласы киелі жерлерге толы. Біз үшін Атырау – Арқа – Алатау – Алтай сияқты ұлан-асыр аймақты алып жатқан Қазақстанның әрбір сүйем жері қасиетті де киелі. Қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүрген ата-бабаларымыз «кие» сөзіне ерекше мән беріп, кіндік қаны тамған туған жерінен бастап, тарихи жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындарды киелі де қасиетті мекеніне балады. «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың», «Әркімнің өз жері – жұмақ», «Ел іші алтын бесік», «Өз елің – алтын бесігің», «Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз», «Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз», деп туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалай білді. Халқымыздың ұлттық санасының ерекшелігі де осында.
Ендігі жасалатын негізгі әрекетіміз, осы құнды ерекшелікті жоғалтып алмай, өскелең ұрпақ бойына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін Елбасы «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау керектігін тапсырды.
Достарыңызбен бөлісу: |