Сталиннен кейінгі кезең: бірқатар реформалар
мен сәтсіз декларациялар
Бұл кітапта Сталиннен кейінгі кезеңдегі КСРО-ның жетістіктері мен сәтсіздіктері нақтылы боямасыз көрсетіледі.Мысалы Хрущев билікке келген кезде елде дағдарыс болып жатқан еді.Биліктің алғашқы жылдарында Хрущев мал басын оның ішінде ірі қара санын көбейтуге көңіл бөлді.Дегенмен мал санының артуы жем-шөп жетіспеуі проблемасын тудырды.Осының әсерінен Қазақстанда мал саны азайып кетті.Қой саны 1 млнға дейін қысқарды.Бұл мәселені Хрущев жүгері егу арқылы шешуге тырысты.Бірақ бұған бөлінген қаражат өз өзін ақтамады.Себебі барлық жерде бірдей жүгері егу науқаны басталды.Ол жерлердің топырағы, климаты т.б ескерілмеді.Хрущев “Американы басып озамыз” деп қанша жерден ұран тастап,БАҚ құралдарында жариялағанымен Америкадан ауылшаруашылығы жөнінен бірнеше есе артта қалды.Себебі Кеңес Одағында шаруашылықты тек экстенсивті түрде жүрді.КСРО Америка және Батыс елдерінен тек еңбек ресурсы көрсеткіші,яғни адам саны жөнінен алда болды.Мыслы Франция,Германия т.б елдерде ауылшаруашылығында жұмыс жасайтын адам саны 3-4 млн, 7-8 млн ды құраса,КСРОда бұл көрсеткіш 30 млн ды құрады.Халықтың негізгі бөлігі ауылшаруашылығында жұмыс жасады.
Хрущев реформаларының маңызды құрамдас бөлігі халық шаруашылығын басқарудағы қайта құру болды. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің "өнеркәсіп пен құрылысты басқаруды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы" Заңын қабылдауынан басталды (10 мамыр 1957 ж.).
Осы Заңға сәйкес одақтас республикалардың жоғарғы кеңестері өз аумақтарында әкімшілік экономикалық аудандарды анықтауға мәжбүр болды, оларды басқару үшін халық шаруашылығы кеңестері (совнархоз) құрылды. Қазақстанда 9 совнархоз құрылды.Осы реформа аясында Қазақстанда 83 өндіріс орны ашылды.Олардың қатарында Ертіс химия-металлурниялық зауытын,Жезқазған тау-кен өндірісі комбинатын,Қарағанды,Шымкент ЖЭС-ін т.б атап өтсек болады.Дегенмен Осы кезеңде Кеңестік экономикаға кері әсер еткен факторлардың бірі ғылым мен техникада артта қалуы және әскери-өнеркәсіп саласы болды.КСРО супердержава атағын сақтау үшін АҚШ пен осы салада жарысты.
Хрущевтің тұсында халықтың әл-ауқатын жақсартуға көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданды.Осы бағдарлама аясында Қазақстанда 200-ге жуық жеңіл және тамақ өнеркәсібі кешендері жұмысын бастады.Мысалы,Жамбыл былғары аяқ-киім комбинаты,Шымкент,Серебрянка тігін фабрикалары,Қостанай және Шымкент ет комбинаты,Семей,Теміртау,Рудный сүт фабрикасы т.б
Дегенмен өндіріс орындары тұтынушыларды толығымен қамтамасыз ете алмады.1960 жылы Қазақстанда 10 млн халыққа 35мың кіржуғыш машина,127мың үтік,14мың сервант қана өндірілді.Яғни тауар саны тым мардымсыз болды.
Хрущевтің тұсында тұрғын үй мәселесі шешіле бастады.Ірі қалаларда көпқабатты тұрғын үйлер салынды.Және де халықтың әл-ауқаты да жақсара бастады.Зейнетақыны көтеру,денсаулық сақтау ,білім беру саласындағы қызметкерлердің айлығын көтеру туралы бұйрықтар шығарды.
1962 жылы Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп,Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді.Қазақстан үлкен астықты ауданға айналды.Тың игерудің жағымды жақтары Қазақстанға көшіп келушілердің артуына байланысты қалалар жандана бастады.Онда көптеген мектептер,балабақшалар,ауруханалар,университеттер салынды. Теміржолдар,автожолдар салынды.Және де Қазақстан астық өндіру бойынша әлемдік ондыққа кірді.
Зардаптарына келетін болсақ көшіп келушілердің санының артуына байланысты жергілікті қазақ халқының саны мүлдем азайып кетті.Тіпті 29% ды ғана құрады.Көптеген қалалар мен ауыл атаулары орысшаға өзгертілді.Қазақстанда орыстандыру саясаты жүрді.Бұл қазақ тіліне де кері әсерін тигізді.Тағы бір зардабы экологиялық зардап.Қазақ жерінің 9млн га эрозияға ұшырады.
КСРОның ғылым мен техникада артта қалғанын ауылшаруашылығынан да байқауға болады.Мысалы 0,9млн га ғана егістік жері бар Голландия әрбір гектардан 8900 доллар өнім алды.Ал бұл көрсеткіш КСРОда 300 долларды құрады.
Қорыта айтқанда, Кеңес Одағының экономикасында көптеген кемшіліктері болды.Социализм мен коммунизм теңдік деп ұрандағанымен бұл даму бағытының нашар екеніне көз жеткізуге болады.Бұған дәлел ретінде қазіргі күндегі халқы бір,Оңтүстік және Солтүстік Кореяны салыстырып қорытынды жасауға болады.Бірі социалистік бағытта қалып халқы аш,экономикасы телтіреп тұрса,екіншісі капиталистік бағытты таңдап,білім мен ғылымы дамып,медицинасы дамыған,халықтың әл-ауқаты жақсы,киноиндустрия саласы дамыған,машина өңдеу,электротехнология салаларында монополистік елге айналды.(Samsung , Hyundai , LG , Kia т.б)
Достарыңызбен бөлісу: |