Стан археологиясы


ІІІ-тарау ПАЛЕОМЕТАЛЛ ДӘУІРІ



бет27/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

ІІІ-тарау

ПАЛЕОМЕТАЛЛ ДӘУІРІ

Энеолит 

Кӛптеген тарихи-мәдени аймақтарда б.з.б. ІV мыңжылдықта заттай 


мәдениетте тҥбегейлі ӛзгерістер басталғандығы мәлім. Бҧл кездері адам
баласы металл бҧйымдар жасауды ҥйрене бастайды. Сондықтан да әлемдік 
тарихнамада палеометалл дәуірі ерекше маңызға ие, ал оған кӛпшілік
мамандар энеолит пен қола дәуірлерін жатқызып келеді. Жаңадан пайда 
болған металл ӛз кезегінде тастан жасалған еңбек қҧралдарын тҥгелдей
ығыстырып шығара қоймады. Энеолитте мыс бҧйымдар кең тарала қойған 
жоқ. Оның жҧмсақтығы, мыс ӛндірудің кҥрделілігі бҧрынғыдай тасты
кеңінен пайдалана беруге алып келді. Тас бҧйымдарды жасаудың біршама 
қарапайымдылығы әрі шикізат кӛздерінің барлық ӛңірлердегі молдығы қола
дәуірінде де олардың кеңінен пайдаланылуына алып келген болатын. 
Қазақстан жеріндегі энеолит дәуірі шамамен б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарды
қамтиды. Оның республика аумағындағы хронологиялық шегі әрбір мәдени-
тарихи ӛңірлердегі тарихи дамумен тығыз байланысты. Шамамен мың
жылдай уақытқа созылған бҧл ӛтпелі кезең адамзат тарихында маңызды рӛл 
атқарды, адам баласы ӛз дамуында жаңа сатыға кӛшті.
Энеолит дәуірі басталмас бҧрын табиғатта кездесетін қҧрамында тҥрлі 
металы бар кентастар неолиттік адамдарды ерекше қызықтырғандығын айта
кету керек. Кентастар неолиттік адамдардың сенімінше магиялық кҥшке ие 
болған, оны қҧдіреті кҥшті тылсым дҥние туындысы деп есептеген. Мҧны
Ә.Х.Марғҧлан зерттеген Орталық Қазақстандағы Шом тауларындағы 
неолиттік жерлеу орындарынан кӛруге болады. Бҧл жердегі обаларға
мәйітпен бірге кентастар қоса жерленген. Кентастардың не себепті тҥрлі 
тҥсті екендігін немесе кҥнмен шағылысқанда тҥсі қҧбылып тҧратындығын
тҥсінбеген неолит дәуірінің тҧрғындары, олардың әйтеуір бір ерекше бір 
қасиеті бар екендігіне сенген. Кейіннен олар бірте-бірте кентастардың мәнін
тҥсініп, оны игеруге кӛшсе керек. Бірақ ғылымда металл игерудің ең 
алғашқы қолданылған әдісі қайсы екендігі (суық немесе ыстық) жайлы
ғылымдар арасында пікір-сайыстар тоқтамай келеді. Дегенмен кӛпшілігі 
бастапқыда табиғи кесек (самородок) металл пайдаланылған деп есептейді.
Одан алғашқыда механикалық ӛңдеу арқылы пышақ, бігіз, ине, қармақ ҧшын 
және басқа да бҧйымдарды жасады.
Сонымен қатар барлық мамандар адам баласы ең алғашқы игерген 
металл «мыс» екендігімен келіседі.
Тағы да бір айта кететін жайт, энеолит (мысты тас) дәуірі адамзаттың 
мысты ашуымен ғана сипатталынып қана қоймайды, сонымен қатар
қоғамдық ӛмірдегі бірқатар ӛзгерістермен де сипатталынады. Олардың 
ішінде алғашқы еңбек бӛлінісі, жекелеген ӛңірлерде шаруашылық тҥрлеріне
кӛше бастау, кейбір бҧйымдар мен әшекейлердің шығуы мен жетілдірілуін де 
атап кетуге болады. Мысты алу оңайға тҥскен жоқ. Ол аса қымбат




96


дҥниелердің бірі болған еді. Сондықтан да кӛптеген энеолиттік тҧрақтарда
мыстан жасалған бҧйымдар некен-саяқ қана ҧшырасқанымен, бҧл тарихи-
мәдени кезеңнің негізгі сипатын кӛрсетуге едәуір мҥмкіндік береді.
Энеолит кезеңінде Еуразия аймақтарында егіншілік пен мал 
шаруашылығы қарқынды тҥрде дами бастағандығын, ондағы тҥрлі
археологиялық мәдениетті қалдырған тайпалардың ертеден келе жатқан 
ӛзіндік мәдени дамуды бастан кешіргендігін далалық зерттеулер нақты
кӛрсетіп отыр. Әсіресе Қазақстан энеолиті басқа ӛңірлерге қарағанда мҥлдем 
ӛзгеше еді. Мҧндағы табиғи-экологиялық орта мен оны адам баласының
игеруі нәтижесінде мал шаруашылығына ӛту біртіндеп қалыптаса бастайды. 
Бҧл кезде тас қҧралдарын пайдалану одан сайын жетіле тҥсті, тіпті ол
жоғарғы деңгейге жетті. Адамзат тас ӛңдеудің соңғы жетістіктеріне осы 
кездері қол жеткізді де, ӛнім тҥрлерін кеңейте тҥсті. Дегенмен, бҧл
уақыттарда тілікшелі-қыстырма индустриясы ӛз мәнін біршама жоғалта 
бастады. Есесіне жебе ҧштары асқан шеберлікпен жасалынғандығы
байқалады. Энеолит дәуірінде климат біршама ылғалды болды. Мҧның ӛзі ірі 
сҥт қоректілерді кӛптеп ӛсіруге деген мҥмкіндікті арттырды. Айта кету
керек, бірқатар ӛңірлерде тіршілік еткен топтар (ру-тайпалар) белгілі бір 
шаруашылық тҥріне бейімделіп қана қоймады, сонымен бірге кӛптеген
қосалқы шаруашылық тҥрлерімен (аңшылық, балықшылық, т.б.) де 
айналысты. Ӛйткені, демографиялық ахуал ӛнімге деген сҧранысты кҥн
ӛткен сайын арттырып отырды. Осыған орай Қазақстан далаларында жылқы 
ӛсіру кең етек жайды. Тҥбі жалпақ, ою-ӛрнегі мол қыш ыдыстар жасалынды,
табиғатқа бейімделген баспаналар соғылды. Қыш ыдыстарындағы ою-
ӛрнектер мен жартасқа тҥсірілген шимай суреттер энеолит заманындағы
тҧрғындардың дҥниетанымы біршама кҥрделене тҥскендігін де аңғартады. 
Энеолит дәуіріндегі тҥрлі жартас суреттеріне қоңыр-қызыл жосамен
бедерленген символдық белгілер, антропоморфты бейнелер тән болып келеді. 
Мҧндай суреттер Ертіс алабындағы Смолянка, Бҧқтарма ӛзендері бойынан,
Манат және Жантас ауылдары маңынан, Монастырь кӛлдері қасынан, 
Ӛскемен қаласының тӛңірегінен табылған. Жасыбай кӛлі (Баянауыл ауданы)
маңындағы ҥңгірлер мен жартас қуыстарынан да жан-жануарлар мен 
антропоморфты жан иелерінің суреттері ХХ ғасыр 30-жылдарынан бастап
кеңінен белгілі. Осындағы бедерлерге ҧқсас жартас суреттері Оңтҥстік 
Қазақстан (Сусіңген, Тесіктас, т.б.) мен Жетісу жерінен (Қапал-Арасан жаны)
де анықталған. Әсіресе Шығыс Қазақстандағы Ҧлан ауданындағы Ақбауыр 
ҥңгіріндегі 80-нен астам жануарлар суреттері мен символдық белгілердің
мәні зор. Онда кейбір зерттеушілердің ойынша, аспан әлемі жайлы тҥсініктер 
де орын алған.
Ӛткен ғасырдың екінші жартысында зерттелінген кейбір ескерткіштер 
материалдары энеолит дәуіріндегі шаруашылық қаракеттерді толымды тҥрде
сипаттайды (Л.Чалая). Солардың бірі Пеньки-2 тҧрағы. Ескерткіштен 
алынған тас қҧрал-саймандар Пеньки-1 неолит тҧрағында қолданылған тас
ӛндеу

техникасындағы


дәстҥрлермен 
сабақтастықта
дамығандығын 
кӛрсетеді. Сонымен қатар ол уақыты жағынан едәуір кейін шыққан:




97


қҧралдардың тҧрпаттарының ӛзі ӛзгерген, тас тіліктерінің пайыздық мӛлшері
ғана емес, олардан жасалған бҧйымдардың пайыздық мӛлшері де азайды. 
Қҧралдар кӛбінесе әмбебап сипатта болып келеді, оларды ӛңдеудегі
мҥқияттық та тӛмендеген. Жебелердің ҧштары неғҧрлым сҥйір болады; 
олардың қыры екі жағынан ӛңделген; сағасындағы ойықтары тереңдеу;
сағасына келгенде бҧл қырлар шығыңқы ӛткір тістер болып шығады. 
Қоныстан кӛптеген балталар мен шоттар табылды. Табылған жалпақ тас
мҥсін де ӛте қызық; онда аузын ашып тҧрған бҧланның басы мен мойны 
бейнеленген; кӛзі ойылған шҧңқырша тәрізді, қҧлағы жымпитылып
жасалған. Ол, сірә, ғҧрыптық міндет атқарған болса керек. 
Пеньки-2 тҧрағының қыш ыдысы бірінші тҧрақтың ыдысына ҧқсас.
Бірақ мҧндағы ыдыстардың қабырғасы қалың, тҥбі жайпақ. Ӛрнек те 
ӛзгерген. Ыдыстар тарақ тәрізді қалыппен тҥсірілген ҥш бҧрыштар мен
шҥңқыршалардан тҧратын кҥрделі композициямен сәнделген. Мҧндай 
ӛрнектер қола дәуірінде андронов мәдениетінің ескерткіштерінде кеңінен
тараған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет