Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты


Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру



бет121/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.

Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру

Мақсаты: диагностикалық, заңгерлік

Жабдықтар: қалам, ауру тарихы

Іс әрекет: сұрастыруды арнайы кесте бойынша жүргіземіз

Төлқұжаттық бөлім:



  1. Науқастың аты-жөні

  2. Науқастың жасы

  3. Жынысы

  4. Ұлты

  5. Білімі

  6. Мамандығы

  7. Қызмет бабы мен жұмыс орыны

  8. Мекен – жайы

  9. Клиникаға түскен күні

  10. Клиникаға жолдаушының диагнозы

  11. Клиникаға түсердегі болжам диагнозы

  12. Клиникалық диагноз

  13. Шешуші қорытынды диагноз

а)негізгі

б)қосымша

в)асқынулар

Стандарт 2



Науқасқа сұрастыру жүргізу

Мақсаты: диагностикалық.

Жабдықтар: қалам, ауру тарихы.

Науқасты сұрастыру схемасы.

Төлқұжаттық бөлім:

  1. Науқастың аты-жөні

  2. Науқастың жасы

  3. Жынысы

  4. Ұлты

  5. Білімі

  6. Мамандығы

  7. Қызмет бабы мен жұмыс орыны

  8. Мекен – жайы

  9. Клиникаға түскен күні

  10. Клиникаға жолдаушының диагнозы

  11. Клиникаға түсердегі болжам диагнозы

  12. Клиникалық диагноз

  13. Шешуші қорытынды диагноз

а)негізгі

б)қосымша



в)асқынулар

Шағым жинау :

Негізгі шағымдар:

  1. Пайда болған орыны

  2. Мінезі

  3. Пайда болған уақыты

  4. Ұзақтығы

  5. Иррадиациясы

  6. Себебі

  7. Емін тексеру тәсілі

Қосымша шағымдар:

  1. Әлсіреу

  2. Шаршау

  3. Тәбеттің төмендеуі

  4. Ұйқының бұзылуы

ІІ. Ауру тарихы:

  1. Аурудың басталуы: бірден немесе біртіндеп

  2. Аурудың басталуы туралы науқастың ойы

  3. Аурудың дамуы

  4. Тексеру нәтижесі

  5. Емдеу нәтижесі

ІІІ.


Өмір тарихы





Гинекологиялық анамнез

Тұқым қуалаушылық

Туу ерекшелігі





Аллергологиялық анамнез

Еңбектену қызметінің басталған уақыты



Ауырған аурулары



Отбасылық анамнез





Тұрмыстық жағдайлары

Зиянды әдеттері





Еңбектену жағдайы



Тамақтану ерекшеліктері

Стандарт 3



Науқасқа қарау жүргізу

Мақсаты: Көптеген диагноз қоюға мүмкіншілік береді.

Жүргізу әрекеті: -қарауды ретімен жүйелер бойынша жүргізу керек,

- жарық бөлмеде

- науқасты біртіндеп шешіндіре отырып, жүргізу қажет

Қарау техникасы: - кеуде торы мен денені тік тұрғызып қараған жөн

- іш тұсын жатқызып та,тұрғызып та көруге болады

Алғашында жалпылама маңызды симптомдары айқындайтын жалпы қарауды жүргізеді,ал кейіннен дененің әр бөлігі: бас, бет, мойын, дене. аяқ-қол, тері, сүйек,буындар, кілегей қабаттары, шаштарына назар бөлу керек.

Бағалау: 1.Науқастың жалпы жағдайын бағалау қажет. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, орташа, ауыр және өте ауыр болып бөлінеді.

2. Науқастың есін бақылау керек. Науқастың есі анық және анық емес: ступор, сопор, кома болып бөлінеді.

3. Науқастың төсектегі жағдайы белсенді түрде, енжарлы түрде, мәжбүрлі болуы мүмкін.

4.Дене бітіміне назар аудару керек: астеникалық, гиперстеникалық, нормостеникалық.

5. Тері мен кілегей қабаттарына қарудың диагностикалық маңызы зор.Терінің түсі боз, сарғыш, көк, гиперемиялық түске боялуы мүмкін.

6.Тыртықтар, жаралар, тырнақ іздері, эрозиялардың пайда болуының диагностикалық маңызы жоғары.Денедегі ангиомалардың орналасқан орнын көрсету керек.

7 .Май-шел қабатының дамуы әр түрлі болады. Май-шел қабаты ағзада біркелкі немесе кейбір жерлерге көбірек жиналуы мүмкін.

8.Ісіктер тамыр капиллярлары өтімділігінің күшейіп, сұйықтықтың ұлпаларға жиналуынан дамиды.

9.Тері асты веналары. Кеңейген тері асты веналары кіндік тұсында бауыр аурулары кезінде пайда болады.(«медуза басы»симптомы)

10.Лимфа түйіндері. Лимфа түйіні қалыпты жағдайда көрінбейді және сипағанда сезілмейді. Паталогиялық процеске байланысты лимфа түйіндерінің көлемі әр түрлі болуы мүмкін(бұршақтан алма көлеміне дейін)

11.Дененің жеке бөліктерін қарап шығу.Жеке бөліктерді анықтап қарауды пациент денесінің ашық бөліктерінен бастау қажет (бас, бет, мойын,көз)

12.Бұлшық ет жүйесін, бұындарды және аяқ қолдардың дамуын бағалау.

Стандарт 4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет