Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз етy қажеттілігін, төсекте дәрет сындыру, төсектен енжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.
Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жай кереуетті
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп оның келісімін алыңыз.
Науқасқа психологияық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз.(палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).
Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егер де ол болса).
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Мейірбике тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егер де ол болса).
Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қаратып жылжытыңыз.
Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.
Науқастың бас жағын 45-60˚С бұрышпен көтеріңіз (90˚С - жоғарғы
Фаулер қалпы 30˚С - төменгі Фаулер қалпы) немесе 3 жастықты салыңыз:
кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарылату қалпы
өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым-қатынасына
қолайлы жағдай жасайды).
Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егер де науқас ерікті
қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкі және төмен қаратып орналасқан болуы қажет.