Стандарт Лабораториялық анализге саусақтан қан алу.
Мақсаты: диагностикалық: жалпы клиникалық анализге қан алу; қанның ішіндегі элементерінің сандық және сапалық құрамын анықтау (эритроциттердің. лейкоцитгердің, тромбоциттердің); қандағы гемоглобин санын және эритроциттердің туу жылдамдығын (ЭТЖ) анықтау; қандағы глюкозаны анықтау, сонымен қатар қан ұю және кан ағу уакытын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тагайындауы бойынша.
Терінің тесетін жерлері: құлақтың сырғалығы, төртінші саусақ, жаңа туған нәрестенің өкшесі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған садак-скарификаторын, мақта шариктерін, қолғаптарды, тері аптисептигін, 5% йод ерітіндісін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Мейірбике зерттеу алдында, алда тұрған қанды алу туралы алдын ала науқасқа ескертуі керек және қан ашқарында, дәрі-дәрмектерді қабылдауға дейін алынатынын, ал кешкі тамақта майлы тамақ қолданбау керектігін түсіндіреді.
Науқасты ыңғайлы отыргызыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Тері антисептигіне ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өндеңіз, қолғаптарды киіңіз.
Сол қолыңызбен науқастың сол қолының 4 саусағын алыңыз, сіздің бірінші саусағыңыз науқастың қолының сыртқы бетінде, ал қалғандары алақан жағында орналасады.
Тесілетін жерді тері антисептигіне ылғалдандырылған мақта шаригімен тазартыңыз және оның кебуін күтіңіз, өйткені тесілгеннен кейін шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.
Науқастың саусағының тырнақ жағын ақырындап қысыңыз және садак- скарификаторды тік ұстап орталық сызықтан солға қарай тырнақтан аз ғана кейін жылжытып теріні тесіңіз.
Тілік саусақ терісінің сызықтарына көлденең орналасуы керек, жарақат ашылып тұрады, одан қан оңай және мол ағады. Тері сызығы бойына орналасқан тілік жылдам түседі. Тілікті тура тырнақтың қасынан жасауға болмайды, себебі қан оның астына ағады және оны зерттеуге жинап алу қиындайды.
Залалсыздандырылған құрғақ мақта шаригімен қанның алғашқы тамшысын сүртіңіз.
Әрбір қанды зерттеу үшін жаңа тамшыдан жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |