23.Босануда кеткен қан мөлшерін анықтау.
Мақсаты: кеткен қан мөлшерін анықтау.
Ресурстар: градуирленген ыдыс,лоток,таразы,жалайықтар, қолғаптар.
Іс-әрекет алгоритмі:
Босанудың 3 кезеңінде босанушы әйелдің астына лоток қойып, оған кіндікбаудың ұшын салыңыз (лоток қан жинау үшін қойылады).
Лотоктан қанды градуирленген ыдысқа қуйып, кеткен қан мөлшерін анықтаңыз.
Жаялықтардың салмағын өлшеп, құрғақ жаялықтардың салмағын шегеріңіз.
100мл қан 125грамм салмақ беретінін ескере отырып, барлық кеткен қан мөлшерін анықтаңыз.
Әйелдің босанар алдындағы салмағына шаққандағы кеткен қанның пайызын анықтаңыз. Физиологиялық деп әйелдің салмағының 0,5% сәйкес мөлшері саналады.
Барлық кеткен қан мөлшерін босану тарихына жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |