34.Стандарт «Қынапты былау»
Мақсаты: емдік
Көрсетілімдері: - жатыр мойны мен қынаптың қабыну аурулары:
Қарсы көрсетілімдері:
Ішкі жыныс мүшелерінің жедел қабыну аурулары
Жатырдан қан кету
Етеккір
Жүктілік
Ресурстар:
Қолғаптар
Екі жақтаулы гинекологиялық айна
Емдік ерітінді
Мақта шариктері
Корнцанг
Іс – әрекет алгоритмі:
Гинекологиялық креслоға жеке жаялықты төсеп, пациентті жатқызыңыз.
Стерильді қолғаптарды киіңіз.
Техникасын сақтай отырып екі жақтаулы гинекологиялық айнаны енгізіп, ашыңыз және бекітіңіз.
Жатыр мойыны көрінетіндей етіп қынапты ашыңыз.
Қынапқа ерітіндінің алғашқы порциясын құйыңыз да, айнаны төмен еңкейтіп бірден төгіңіз.
Ерітіндінің екінші порциясын құйып қынапта 10-15 минутқа қалдырыңыз.
10-15 минуттан соң ерітіндіні төгіңіз.
Құрғақ дәке шариктерімен қынап қабырғаларын құрғатыңыз.
Техникасын сақтай отырып гинекологиялық айнаны алып тастаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |