Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қаазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Азаматтық авиацияда сертификаттау мәселелері Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңдарына қайшы келмейтін билігінде осы Заңмен реттеледі.