Статья посвящена проблеме передачи метафорических единиц в художественных произведениях с английского языка на казахский язык



Дата11.01.2017
өлшемі58,97 Kb.
#7159
Көркем шығармалардың метафоралық айшықталуы
Г.Р.Нұрекешова

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Анонс

Данная статья посвящена проблеме передачи метафорических единиц в художественных произведениях с английского языка на казахский язык. Определены особенности перевода и анализированы научные исследования разных лингвистов по коммуникативной лингвистике.

Ключевые слова: тілдік тұжырымдар, әдеби норма, тұрақты эпитет, эстетикалық мақсат, әдеби тіл.
Қазіргі таңда ағылшын тіл білімінің сан-салалы теориялық ұстанымдары мен тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын саралай отырып, көркем шығарманың тіл үйренушілерге берерінің көптігін, әрі оның өміршеңдігін түрлі зерттеулердегі дерек көздеріне сүйене отырып көз жеткізуімізге толықтай мүмкіндігіміз бар. Соңғы кездері ғалымдардың алдына тың әрі өзекті мәселелер жүктелуде. Яғни, аударма жасауда көркем шығарманың мазмұнын сол қалпында сақтай отырып, оқырманға әсерлі де мәнді етіп маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндей, олардың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіне тән белгілерін саралауға басты назар аударған абзал. Жасалынып жатырған түрлі зерттеулер мен ізденістер қатарында ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың алар орнын нақтылау қажеттілігі әліде болса қалам ұшын арнауға тұрарлық жайт.

Көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері - лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері - алдымен әдебиеттану нысаны.

Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екендігі даусыз, әуел бастан-ақ аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысуына жол ашып, сол арқылы әлем әдебиеттері мен мәдениеттері араласып, баюына жағдай жасайды. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуға негіз бола алады, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқи алуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің теңдесі жоқ шығармалары аударманың арқасында ғана күллі адамзаттың игілігіне айналды.

Бүгінгі таңда ағылшын тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп, тыңғылықты зерттеулерді қажет етіп жүрген проблемалардың бірі және бірегейі – ағылшын тіл білімі теориясының қалыптасу тарихы, әртүрлі лингвистикалық салалар бойынша даму ерекшелігі, аударманың әлемдік деңгейде, алар орны мен қосар үлесі. Осы тұрғыдан келгенде, сан алуан тілдік тұжырымдардың орнығу «соқпақтарына» зер салу, олардың мазмұндық сипатын жан-жақты зерделеу аса маңызды. Өзге тілдердің қатарында ағылшын тілі де XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап зерттеушілердің нысанына ілікті. Аудармашы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене ағылшын тіліндегі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударудың ғажайып мүмкіндіктері, тазалығы, шешендік өнері сөз болып, халық қазынасына қосылды, соның нәтижесінде ағылшын тіліндегі шығармаларды оқып, білудің мүмкіндіктері туып отыр.

XX ғасырда ағылшын тілінің құрылымдық – жүйелік ерекшеліктерін, сөзжасамдық қабілетін, ұғымдық аясын кеңейте зерттеуге бет алынды. Мысалы, В.С.Виноградов «адам өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркем құралдарды жұмылдыруға тиіс» - дей келе, бұған не көмектеседі деп өз-өзіне сұрақ қояды да, былай жауап береді: «басқа тілдер сияқты - ағылшын тілі кез-келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ағылшын тіліне сүйіспеншілік болмайынша, аудармашының алдынан кездескен қиындықтарды жеңуі екіталай». Шетел жазушыларының көркем шығармаларын қазақ тіліне аудару кезінде маңызды лингвистикалық мәселелерді жалпы теориялық және жеке тілдік негізде саралай отырып, аса құнды тұжырымдар жасауда, ана тіліміздің қоғамдық – әлеуметтік әрі этномәдени мүмкіндігін дәйектеп көрсетуде үлкен жетістіктерге жетті.

Қазақ аудармасын қапы қалдыратын жайттардың бірі – сан түрлі себептерге байланысты туыстас тілдерден тәржімені де көп уақыт бойы орыс тілі арқылы жасап келгендігіміз. Әрине, негізгі аударма орыс тілінен болғаны түсінікті. Соның ішінде орыс поэзиясынан басқалары – тәржімеден тәржімелеу. Егер біз тәржімелеуден бас тартар болсақ, онда көп қазынадан кұр қалар едік. Бұл тәсілден бас тартар болса, орыс поэзиясы да жұтаң тартып тұрар еді. Бірақ солай екен деп алдағы кезде де, Батыс, Шығыс поэзиясының асыл үлгілерін түпнұсқа тілін білмегенімізге бола орыс тіліндегі нұсқасынан ғана аудара беру де жарамсыз жол, түптің түбінде тұйыққа тірейтін тәсіл. Ол аудармаларды жасау барысында біраз дүние өзгеріске түскені, біраз нәрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні тағы сөзсіз. Бұл - қазақ тіліне аударатын аудармашылардың өзекті мәселесі. Сондықтан ағылшын тілінен тура қазақ тіліне аударма жасаудың тиімділігіне зерттеу жасай жүріп көзіміз жетуде.

Мысалы, Эрнест Хеменгуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасын зерттей отырып, шығармадағы сөздің реңін, әдеби тілмен ажарлау жайын әңгіме еткен жағдайда айқындау мен теңеуге арнайы тоқтау қажет. Көркем шығармада әр нәрсені терең ойлап-толғап барып, асықпай дәл беруге тырысқан аудармашы Нығмет Ғабдуллиннің аудармашылық шеберлігіне көз жеткізіміз, білімсіздер не нәрсені болса да оп-оңай, шолтаң еткізіп, шорт кесуге құмар ғой. Көркем шығарманы аудару кезінде автор шығарманың түпнұсқасындағы айқындау, теңеу немесе құбылту мен айшықтауды шебер қолдану арқылы оқырманға тартымды жеткізуге тырысқан. Бұл әдебиетшілер мен аудармашылар үшін басты мәселе.

The old man felt faint and sick and he could not see well. But he cleared the harpoon line and let it run slowly through his raw hands and, when he could see, he saw the fish was on his back with his silver belly up. The shaft of the harpoon was projecting at an angle from the fish’s shoulder and the sea was discoloring with the red of the blood from his heart. First it was dark as a shoal in the blue water then that was more than a mile deep.

Then it spread like a cloud. The fish was silvery and still and floated with the waves.

Шал әлсіреп, есеңгіреп қалды, көзіне түк көрінбеді. Гарпунның бауын босатып, жаралы қолымен абайлап қана ұстады. Көзінің алдындағы тұман сейілген шақта ол, бауыры жалтырап, шалқасынан сұлап жатқан балықты көрді. Арқа жағынан гарпунның сабы шошайып көрініп тұр, балықтың жатқан жері қызыл ала қан. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай қарауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады. Аппақ күмістей жайын балық толқында ақырын ғана тербетіліп жатты.

Осы бір үзіндіден Эрнест Хеменгуэйдің шығармасында айқындау, яғни заттың құбылыстың айрықша сипатын суреттеуде әдеби нормаға сай қолданылғанын және соны көркем шығарманы аударушы да дәл бере білуі жазушының тағы бір айғағы екенін көрсетеді.

Көркем шығарманың авторы идеялық, эстетикалық мақсатына жету үшін, метафора мен метонимияны сөз мәнін өңдендіре, өзгертіп айту, суреттеліп отырған құбылысты айқындау, ажарландыра түсу, әсерін күшейте түсу үшін шебер қолданғанын, сондай-ақ аудармашы тұрақты эпитет, тұрақты метафора, тұрақты теңеудің түрлерін бере білген.

1. First it was dark as a shoal in the blue water then that was more than a mile deep.

2. Then it spread like a cloud. The fish was silvery and still and floated with the waves.

1. Қан әуелі қошқылданып, тереңде қаптай жүзген қалың балық шоғырындай қарауытып көрінді де, бірте-бірте ыдырай жайылып, аспандағы түйдек-түйдек бұлтқа ұқсады.

2. Аппақ күмістей жайын балық толқында ақырын ғана тербетіліп жатты.

Шығармада автор да, аудармашы да, «аппақ күмістей жайын балық толқында ақырын ғана тербетіліп жатты» деп теңеуді орынды қолданған.

Көркем шығарманының ағылшын тіліндегі қолданысында аударманың мынандай ерекшеліктері бар екені дәлелденді:

- тәржіме жаңа тілдің төл табиғатынан жаратылған туындыға айналғанда ұлттық сөз өнерінің қазынасына қосылады, туынды аударма аударылған тілдің туындысы саналуға тиіс.

- тәржімеленетін мәтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір мәдениеттен бір мәдениетке (кейде бір өркениеттен екінші бір өркениетке) көшіріледі.

- тәржімеленген туынды ұлттық әдебиеттің төл туындысындай оқылуға тиіс деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның өзі тілдің жатықтығына байланысты айтылуы керек. Мұндай жағдайда аударылған шығарманың өрнегін өзгеше бояулармен, бедерлермен байытуға тиісті.

  

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Виноградов В.С. Введение в переводоведение. Москва, 2001. с.203-204.

2. Гачечиладзе Г. Художественный перевод. – Москва, 1999. с.136-137.

3. Комиссаров В.Н. Общая теория перевода: проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученых. Москва, 1999, с.16-18.



4. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату, Астана: Аударма баспасы. 2004. 234-236 б.

5. Жұмайқызы Г. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер, Алматы. 2006. 53-54 б.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет