Байланысты: Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» (жм-бағыты)бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
«Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 1-нұсқа Тапсырмалар 1 Ұзындығы 2м сырық берілген. Сырықтың оң жақ ұшына массасы 80кг жүк ілінген. Жүк ілінген нүктеден 0,5м қашықтықта сырыққа тіреу нүктесі орнатылған.
а)Дененің тепе -теңдікте болу шарттарын анықтаңыз.
___________________________________________________________________________[1]
b)Есеп шартты бойынша суретін салыңыздар.
___________________________________________________________________________[1]
c)Дене тепе теңдікте болу үшін сол жақ ұшына ілінген жүктің массасын анықтаңыз
___________________________________________________________________________[1]
d) Күш моменттерін есептеңіз
___________________________________________________________________________[1]
2. Массасы 12 г , жылдамдығы 800 м/с –қа тең мылтық оғының импульсі 200 г хоккей шайбасының импульсіне тең.
a) хоккей шайбасының ұшатын жылдамдығын анықтаңыз
__________________________________________________________________________[1]
b) мылтық оғының және хоккей шайбасының импульстерін есептеңіз
_________________________________________________________________________[1]
3.Дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен қозғалатын ұшақтың 2500 км/сағ жылдамдықпен қозғалғандағы тарту күші 240 кН
a) ұшақ қозғалтқышының қуатын есептеңіз
__________________________________________________________________________[1]
b) ұшақтың 50 мин уақыт ішіндегі жұмысын анықтаңыз
__________________________________________________________________________[1]
4. Ламинарлық және турбуленттік ағыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын кестеге толтырыңыз
Ағыстардың түрлері
ұқсастығы
айырмашылығы
ламинарлық
турбуленттік
__________________________________________________________________________[3]
5. Ішінде толтырылған суы бар биіктігі 1,2м үлкен ыдыстың түбіне, биіктігі 10см цилиндр пішінді стакан төңкеріліп қойылған. Стакан ішінде тығыздығы 1,2*103кг/м3 май бар.
а)стаканның ішкі бетіндегі К нүктесіне түсірілген қысымын есептеңіз.(р = 105Па)
___________________________________________________________________________[2]
b)Ыдыс ішіндегі сұйық қысымын есептеп шығарыңыз
____________________________________________________________________________[1]
c)Стакан ішіндегі майдың қысымын есептеңіз
____________________________________________________________________________[1]
d)Стакан түбіне түсіретін қысымды анықтаңыз
_____________________________________________________________________________[1]