Статистикаға сүйенетін болсақ
Ағымдағы жылдың өткен 4 айында Қазақстанда 3 677 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 431 адам зардап шекті.
Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі 10%-ды құрады, зардап шеккендер саны 12%-ға өсті.
Әртүрлі сипаттағы жол-көлік оқиғаларының салдарынан 4973 адам зардап шекті (өсім 13%) және 458 адам қайтыс болды (өсім 5,3%).
Жолдарда кәмелетке толмағандар өлімі деңгейінің артуы ерекше назар аударуды қажет етеді, олардың саны 699-дан 856-ға дейін өсті және зардап шеккендердің жалпы санының 15,8% құрайды.
2020 жылы елімізде 11 837 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 15000 адам зардап шекті. Ал қаза тапқандар саны 1745 адам. Оның үстіне, басым бөлігі елді мекендерде орын алатын жол-көлік оқиғаларында қаза тапты.
Полиция 2020 жылы болған жол-көлік оқиғасын талдап, ел жолдарында 64 пайыз жағдайда жаяу жүргіншілердің соқтығысуы, көліктердің аударылуы және қарама-қарсы соқтығысулар болды деген қорытындыға келді. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес ЖКО-ның 86 пайыздан астамы алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде рульге отыруған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: |