Ұстаз болғым келеді
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның.
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып нәр алдын
«Перизат Медиева»
Ұстаз. Бұл қасиетті де киелі, көне де жаңа мамандық. Әлемдегі адам баласының бірде – бір оған соқпай өте алмайды. Небір ғалым, ғұлама да, ақын мен дана да, ғарышкер мен саясаткер де, малшы мен кеңші де мектеп партасына отырып, ұстаздан тәлім мен білім алғаны барлығына аян.
Мен 11 – сыныпта оқимын. Мектепте жан жүрегіме жақын, аяулы да ардақты ұстаздарым барын мақтанышпен айта аламын. Талай жарыстарға мені баптаған, сөзімен бүкіл сыныпты ұйытып алатын мұғалімнің бірі - Алмахан Баратқызы Шакиева дей аламын. Мен апайымның төңірегінде жиі жүремін, тәрбие сағаттарына, сыныптан тыс шараларға жоспарлар ойласып, материалдар іздесіп, өткізіп беруге де көмектесемін. Сондай сәтте өзімді ұстаздай сезінетін кезімде болады. Ғаламто жүйесінен жаңалықтар тауып, қосып, жаңа – әдіс тәсілдер қолданған кезеңдерім де бар.
Иә, сүйікті ұстаздарыма еліктей жүріп, мен де өмірден өз орнымды тапқандаймын. Менің ұстаз болғым келеді. Оның ішінде таңдауым ағылшын тілі мұғалімі болу. Неге десеңіз, қазіргі таңда, ағылшын тілін білу, оны жетік меңгеру – ғаламдық білім алуға жол сілтейді. Егер, ағылшын тілі бөліміне түсіп жатсам, бар ынтамен үздік оқып бітіруге тырысамын. Өйткені үздік оқу - мықты маман болу үшін қажет. Ал мұғалім дипломын алған жағдайда, ұстаздық қызметті ауыл мектебінде атқарғым келеді. Себебі ауылдық шәкірттерге ағылшын тіл сабақтары қаладағылардай ғажап қолжетімді емес. Мен осы оқулықты толтыратындай түрлі жеке сабақтар, танымдық кештер, аударма ісін қолға алуды жоспарлар едім. Ауыл мектептерінде де дарынды балалар көп. Олардың шет тіліне деген құштарлығы да керемет екенін мектеп қабырғасында жүріп ақ байқап жүрмін. ---- мен ---- ауыл мектебінің ғажап ағылшын тілі маманы болуды өзіме мақсат етіп қойдым.
Жалпы ұстаз болу оңай іс емес. Ол ----- -----. Олай дейтінім әр үйдің бір – бір еркесін жинап, 25 – 30 баламен сабақ өту, оларға тәлім мен білім беру ---- солмайтұғын төзімділігін қажет етеді. Оған қоса терең теориялық білім мен ізденімпаздық, шығармашылық керек. ХХI ғасырдың жаңашыл мұғалім бойында болуға тиісті қасиеттерді талдап көрсем төмендегідей болар деп есептеймін:
1.Интеллигент
Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім киісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұруы керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты мәдениетті, интелегентті тұлға болуы керек. Өйткені қазір қоғамда жастар әр әрекеттен үлгі алуға асығады. Ал көзін ашқан күннен бастап, үлкен өмірге қадам басқанға дейінгі үлгі тұтары – мұғалім. Ендеше оның интеллектуалды қабілеті аса маңызды.
2. Әмбебап мұғалім
ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына қояр талабы осы. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді.
3. Психолог
Мұғалім тек білім беріп қана қоймай, алдында отырған әр шәкірттің психологиясын зерттеу керек. Топтан бөлек, әр шәкіртпен жеке-жеке жұмыс жасау басты талап. Өйткені әркімнің қабілеті әртүрлі. Ал топтық жұмыс кезінде бірін кем, бірін артық көрмегені абзал.
4. Білікті педагог Педагог сөзінің өзі тәрбие мен ұстаз ұғымына етене жақын. Бірақ мұғалімнің өзі білікті әрі сауатты педагог болғаны дұрыс. Шәкіртке түрлі әдістер арқылы тәрбие беру, білім суымен сусындату ең маңызды дүние.
5. Заманауи технологияны игреу
Классикалық кітаптың, қалам мен қағаздың дәурені өтіп бара жатқаны шындық. Дегенмен кітаптың құндылығын айта отырып, оған шәкіртті қызықтыру үшін бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты заманауи инфрақұрылымдарды, техниканы меңгеру керек. Соның ішінде компьютердің ішкі жүйесін, офистік бағдарламаларды, электронды тақталарды игеру арқылы жаңа заманға бейім жастардың көңілін алдандыра да, сабақты қызықты өткізе де алады.
6. Көшбасшы
Бүгінгі таңда мұғалімдерге тек қана сабақ беріп, лекция оқумен шектелуі шәкіртті қанағаттандыра алмайды. Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білу керек. Қоғамды соңынан ертуге қауқарлы, ісіне берік әрі тиянақты болғаны жөн. Көштің басын бастау әрине қиын, дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.
7. Рухани бай болу керек
Қай елдің болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес.
8. Тәуекелшіл Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Оның бойындағы осынау қасиеті өзгелерге үлгі болады. Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |