«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей , оқушыларының тәрбиелі болуы- ұстазынан көрген өнегесі мен тәлімінен екені даусыз.Ы.Алтынсарин : «Мұғалім- адам жанының инженері» деп , өз заманында ұстаздар қауымына зор баға берген.Ұстаз- адам жанының емі, шипагері десек артық айтқандық емес.Күнделікті күйкі тірлікте өз шәкіртіне үнемі көңіл бөліп, жылы сөзімен жылытатын да ұстаз.Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық екені белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан – жақты дамыған, оқушының жан дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген, барлық нәрседен хабары бар иман жүзді, талапшыл азамат болуы керек деп ойлаймын.