Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері



Дата09.04.2022
өлшемі18,46 Kb.
#138624
Байланысты:
Мысаев Бибит


Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері
Мысаев Бейбит Куанышович
Жосалы орта мектеп-балабақшасы
Қарғалы ауданы, Жосалы ауылы
mysaev7373@mail.ru

Ұстаз-ұлтының сауатты таудай асыл заңғары. Қандай теңдесіз ешнәрсеге теңеуге келмейтін дара сөз. Бұл атауды берген заманының ұлы ойшылдары мен ғұламаларының ұстаздарына ерекше ырзалықтарын керемет хошеметпен көрсеткен алғыстары. Соған орай еңбегі өлшеусіз еленген ұстаз да шәкірттеріне рақметін: «Ұстаздан шәкірт озар» -деп, керемет ой салған. Әлемге мәдениет өркен жайған заманда өнерге ұмтылған әрбір жас өскін өмірдің кілті: оқулықтың бетінде; ұстаздың жүрегінде екенін анық ұғынған. Сол себепті, өмірдегі асыл жан ұстаз екенін түсінді. Осы екі тұлғаға сүйсіне қараған адамзат баласы: «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы»-деп, өлмес мұра боларлық тәрбиелі сөз қалдырды. Не деген ұлы адамдар-ұлағатты сөздер.


Әлемде күлкісімен бақытқа бөлеген қанша сәби болса, сол әрбір жүрекке өз жүрегінен шұғылалы сәуле беріп, жұмбақ әлемге бағыт берер, шырақ ұстатар соншама ұстаз бар. Ұстаздың ең бақытты сәті қыркүйек айында өзіне бейтаныс, өзге жүрек иелерімен танысу. Себебі, бұл өзінің өмірдегі армандаған адамдары, қиялындағы өміріне қуаныш сыйлайтын шәкірттері. Өңі бал-бұл жанған ұстаз әр оқушымен жеке-жеке танысуға көшкен кезде өмірінде қызық пен қиын оқиғалардың күтіп тұрғанын күлімдеп түсінеді. Осыған орай ұстаз өзіне-өзі алдындағы шәкіртінің қиялындағы ұстазға айналуына бұйрық береді. Сонда ғана шәкіртінің өзіне табынатынын сезеді. Себебі, шәкіртке құр біліммен шектелу аздық ететінін сезетін ұстаз тәрбиелік ұстанымды басты орынға қояды. Мектеп табалдырығынан тарыдай болып аттаған кішкене бүлдіршіндер жас шыбық сияқты күтімді қажет етіп тұрады. Олардың баптаушысы бола білген ұстазы әрқайсысының болашағы үшін жанын беріп, рухани саналы болуына тәрбиелейді. Бейтаныс әлемге тосырқап қараған әрбір жанардың айналасындағы тіршілік иесі өзінің өміріндегі рухани байлығы екенін түсіндіреді; өзін қоршаған табиғат құбылыстарын да дос санап, қамқорлығына алуына баулиды. Осылай ұстазынан он жыл бойы дәріс алған, он жыл бұрын мектеп табалдырығынан тарыдай боп аттаған шәкіріттер таудай болып, елінің болашағы үшін еңбек етер адал азамат болып, мұхит атты өмірге сапар шегеді. Біздің тілегіміз біреу ғана. Ол-сәттілік. Өміріне тек адалдық серік болсын, өмірде өзі аңсаған мамандық иесі болып, өмірдің бір кетік жеріне кірпіш болып қаланса деген тілек. Әттең жас өркенге өмірде бағыт берер тек ұстаз болса ғой, өмір өз бағытымен қозғалып, зұлымдық атаулы шеттеп қалар еді. Бірақ, бұл ойымыз арман ғана, қазіргі техникалық білім жетілген заманда көптеген оқымыстылар бірінші орынды дәрігер мамандығына шылау еткелі қашан...
Халқымыз: «Қиял жүйрік пе, көкдөнен жүйрік пе?»,-деген мәтелді не үшін қолданды?! Бізде қиялға еріп асығамыз. Қайда барамыз, не іздеп барамыз?! Жауап тағы да біреу-үстемдік. Не үстем? Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Бұл білім атаулының толып болып солуы ма, жоқ әлде ғасырлар тоғысындағы белгісіз күштер жиынтығы ма?! Бұл сұрақтың жауабын да тек ұстаз ғана шешер, күтейік. «Ештен кеш жақсы»,-деген атам қазақ...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет