Ұстаздық еткен жалықпас



Дата21.12.2021
өлшемі14,94 Kb.
#104496
Байланысты:
Ұстаздық еткен жалықпас


Ұстаздық еткен жалықпас
Мақала авторы:

№151 жалпы білім беретін мектептің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Серікбек Нұрғұзар

Жер бетінде «Ұлы» деген атқа лайықты ұлағатты бір есім бар. Ол –ұстаз. Жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, көкірек көзі мен көңіл сарайын ашатын осы ұстаз емес пе?! Сан ғасырлар бойы жер бетіндегі барлық адам ұстаздан тәлім-тәрбие алып, өнер-ғылымды меңгеріп, болашағына қадам басады. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаздар ұрпақ тәрбиесімен айналысады. Ақ бордың шаңын жұтып, ақ самайы ағарғанша ақ тер, көк тер болып жанын аямай, бар ынта-жігерімен білім беретінде осы ұстаздар қауымы.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өзі бәр өлеңінде:

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.-деп бекер айтпаса керек. Осы екі жолдың өзінде қаншама мән-мағына жатыр. Жар құлағы жастыққа тимей, не берсем не үйретсем деп тұратын ұстаздарымыз әрине әр баланың екінші ата-анасы іспеттес. Жаратылысынан жан дүниесі бай ұстаздар, өнер-білім үйренуден де, үйретуден де жалыққан емес. Өмір бойы ізденіспен, шығармашылықпен жүретін осынау бір жандардың мәртебесі бүгінде күн санап көтеріліп келе жатқаны айдан-анық.

Жер бетінде жылулық бар білсеңдер,

Жер бетінде сұлулық бар көрсеңдер.

Жаны жайсаң ұстаздар бар және де,

Жер бетінде ұлылық бар сенсеңдер.
Жанға медеу, сая болар көңілге,

Нұр шуағын сыйлар жарқын өмірге.

Ұстаз-ұлы өмір гүлі жайқалған,

Ұстаздарсыз мынау өмір – өмір ме?!

Баулыған балаларды ізгілікке,

Жетелер барша жанды ізгі үмітке.

Қадірлейік, қастерлейік ұстазды,

Салатын сан тарауды ізділікке.


Ежелден қайсар, қамқор ел екенбіз,

Қайыспас қара нардай өр екенбіз.



Жанына жақсылықты тұмар қылған,

Ұстаздар, құтты болсын мерекеміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет