Ұстазым ақылшым



Pdf көрінісі
Дата01.04.2022
өлшемі52,35 Kb.
#137628
Байланысты:
-1483662744.rtf
172628456, 284592


Ұстазым - ақылшым
“Ұстаз” сөзін естігенде, білім, тəрбие, өнеге, мейірім-қайырым, махаббат-
құрмет, өнер, шешендік, көсемдік, батылдық - ерлік тағы да басқа асыл
қасиеттерді сезініп əсерленіп қаламыз. Жүрекке жылу кіреді, ой жақсылығы
күшейеді.
Əрбір шəкірт ұстаз алдында қарыздар. Бұл дегенім есейіп, ер жеткенде
алған білімді өмірде қолдана біліп, білікті маман атануым. Яғни, биік
белестерді бағындырып, елімді, ұстазымды əлемге таныту. Сондай-ақ білімімді
шыңдай отырып,бойымдағы өнер-дарынды алғаш байқап, қолдау көрсететін де
ақылшы ұстазым.
Ұстаз - біздің екінші анамыз. Əрбір шəкірт жылдар бойы тəлім алған
ұстазының аяулы бейнесі жүрек түбінде сақтау керек.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы
«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тəрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол
ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,
шəкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де
бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек
.
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай,
мұғалім тəрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы деп білемін.
Бақтыбаев Мирас
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия- интернатының 5"а"-сынып оқушысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет