Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» «Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті»
«Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Осы тұрғыда үкіметіміз білім беру мекемелеріне тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.
Мен Пердебай Жания Қайратқызы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті бұл мамандықты таңдауымның бірден-бір себебім, болашақта өскелең ұрпаққа қазақтың тілі мен әдебиетін терең ұғындырғым келеді.
Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады.
Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына сіңірген ұстаздарымыз қаншама! Ұстаздың жолында шаршамай, талмай қызмет етіп жүрген асыл жандарымыз барша құрметке лайық.
Бұл мамандықтың қызығы мен шыжығы көп. Ел ертеңі – ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, шыншылдық пен қайырымдылықты, рухани байлық пен ұлттық байлықты сіңдіретін, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда зор үлес қосып, мол еңбек ететін де осы – ұстаздар.
Менің бұл мамандықты таңдауыма себепкер болған адам менің ұстазым. Ол мені тілді құрметтеуге, шығармаларды оқуға баулыды.
5-сыныптан бері түрліше ақындардың өлең шумақтарын оқуға үйретті. Міне, сол кезден бастап алдыма үлкен бір мақсат қойдым.
Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек деп ойлаймын.
Сонымен қатар екінші анамыздай бар жылуын бізден аямай беріп жүрген жандар – аяулы ұстаздар, «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс ана мен бала не әке мен бала арасындағы сүйіспеншілікпен бірдей. Өйткені бала көзін ашқанда ата-анасын көрсе, білім көзін ашқанда ұстазын көреді.