Үстел теннисінің тарихы мен ережелері Үстел теннисі (Пинг-понг)



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі205,86 Kb.
#79321
  1   2   3
Байланысты:
Үтол теннисі бойынша ойын ережелері


Үстел теннисінің тарихы мен ережелері

Үстел теннисі (Пинг-понг) – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз.
Пайда болуы
Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында XIX ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тордың орнына кітаптарды қойып, бөтелкенің тығынын соғып ойнаған.
Атау тарихы
Пинг-понг сөзі 1901 жылдардан бастап кездесе бастады. Оған дейін, ойын кезінде шығатын әр түрлі дыбыстарға байланысты "Флим-флам", "Виф-ваф", "Госсим" деп аталып жүрді. Яғни, ресми түрде "Пинг-понг" атауын бір ғасырдай бұрын американдық Джон Джаквес тіркеді. "Пинг" - ракеткамен допты соққан кезде шығатын дыбыс, "понг" - доп ойын үстеліне тигенде шығатын дыбыс.
Ойын ұзындығы 2,74 метр (9 фут), ал ені 1,525 метр (5 фут) болатын үстел үстінде ойналады. Үстелдің биіктігі 76 см (30 дюйм). Үстел әдетте жоңқадан не оған ұқсас материалдан жасалып, жасыл, қара көк немесе қара түске боялады. Үстелдің ортасында биіктігі 15.25 см (6 дюйм) болатын тор орналасқан. Ойын кезінде екі жағы бір немесе екі қабат арнайы резеңкемен қапталынған ағаштан жасалған қалақша қолданылады. Үстел теннисіне арналған кішкене шар целлулоидтан жасалады. Шардың диаметрі – 40 мм, салмағы – 2,7 г., түсі ақ немесе қызғылт сары болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет