Степной орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы
тәрбие жұмысының I жарты жылдық есебі
Мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және
патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның
қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарла -
нуына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын,
психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби
қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін
және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету,
жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен
психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4.Отбасы тәрбиесі
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салт
Тәрбие жұмысы Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру
Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:
Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Мынандай үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді:
«Өлкетану», «Шебер қолдар», «Күнделікті физика әлемі», «Он саусақ», «Элементтер химия негізі», «Жас математик», «Тоғызқұмалақ», «Баскетбол», «Қазақша күрес», «Дойбы»
Оқушыларға мектеп кітапханасынан тамыз айнан бастап кесте бойынша оқулықтар таратылды. Жетпеген кітаптар жайлы ата-аналарға ескертіліп сатып алу керектігі айтылды.Сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балалары мен қамқорлықтағы оқушыларға оқулықтарын түгендеп берді.
Аз қамтылған, көп балалы отбасы мен қамқорлықтағы оқушылар жалпыға бірдей білім беру қорынан қырқүйек айынан 47 оқушы (қазақ мектебінде) тамақтанды.
Степной орта мектебінде 1 қыркүйек «Білім күніне » арналған салтанатты жиын болып өтті. Биылғы жиынымыздың ең қуанышты мәселесі ол 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз болса, Степной орта мектебінің 25 жылдық мерей тойының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келуі болды. Мектеп директоры Аубакирова Қ.Б. өз сөзінде биылғы жылдың ерекше екенін; Степной орта мектебіне 25 жыл, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25жылдығына арналатыны туралы айтып өтті. Бүлдіршіндерімізге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыйлығы табыс етілді.
Бұл оқу жылы тек бірінші сынып оқушылары ғана емес жоғары сынып оқушылары үшін де ерекше.Жаңа оқу жылы әдеттегідей сынып сағаттарымен басталды .Сынып сағат тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын»
Экологиялық тәрбие бойынша 9 қыркүйекте «Күзгі гүл шоқтар» сайысы өтті . Сайысқа 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып технология пәні мұғалімі Сахабанова С.Т қортындысын шығарды . 1-4 сыныптар арасында:
I орын 3А сынып
Достарыңызбен бөлісу: |