Фенилпропион қышқылының туындыларынан бруфен (ибупрофен) жатады. Ол айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және ыстықты түсiретiн әсерге ие. Iшке белгiлегенде тиiмдi. Максимальды концентрациясы қанда iшке аш қарынға қабылдағанда 45 минуттан кейiн жиналады, ал тамақ кезiнде немесе тамақтан соң - 1,5-3 сағаттан соң.
Қолдануы - индометацин секiлдi, препарат жақсы қабылданады.
Жанама әсері: жүрек айну, iш өту, құрсақ қуысындағы ауырсынулар.
Нафтилпропион қышқылының туындыларына напроксен (напросин) жатады. Қабынуға қарсы белсендiлiгi бойынша диклофенакқа орын бередi, бiрақ ауырсынуды басу әсерi бойынша асып түседi. Ұзақ әсерге ие, сондықтан оны тәулiгiне 2 рет белгiлейдi. Жақсы қабылданады. Кейде диспепсия, аллергия болады.

Оксикамдар тобына пироксикам, лорноксикам, мелоксикам жатады. Пироксикам ЦОГ-ң таңдамалы емес ингибиторiне қасиетi, қолдануы бойынша ұқсас. Iшке қабылдағанда жақсы сiңiрiледi. Ұзақ әсер етедi.