Үстеу туралы түсінік
Дата 07.02.2022 өлшемі 1,19 Mb. #91377 түрі Сабақ
Байланысты:
Үстеу туралы түсінік Сабақ тақырыбы: Үстеу туралы түсінік Сабақ мақсаты: Сабақ мақсаты: Білімділік: үстеу туралы толық түсінік беру,білімін тексеру Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу Сөйлемнен көсемшені көрсет. Олар хат жазып отыр. Сөйлемнен есімшені тап. Көрген көзде жазық жоқ Етістіктің сұрақтарын ата Сабақты етістік қандай жалғауды қажет етеді? -у жұрнағы арқылы жасалатын етістіктің түрі Бала ақырын жүрді. Жұмыстан соң анам тез келді Оны бұрын да көрген едім. Босқа әуре болып жүр екенмін. Жолдасымнан ілгері озып кеттім. Аласұрып қайғырып еді. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге, түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады. Үстеудің сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Қайда? Берілген үстеуді сәйкестендір: емін-еркін, ақырын, асыға, бірте-бірте, әрең, балаша, таң сәріде Сөйледі, отырды, күлді, жүрді, келді, үйренді, сөйледі “Көктем келбеті” шағын мәтін құрау Сабақты бекіту Сабақты бекіту 1. Үстеу дегеніміз не? 2. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? 3. Бұрын көрген сөз тіркесіне сұрақ қой 4. Жоғары-төмен ұшу сөзіне сұрақ қой 5. Жайлауға көшу сөзіне сұрақ қой 5. Үстеу қай сөйлем мүшесімен тіркесіп қолдданылады? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Сабақтың осылай өткенін қалар ма едің? Үйге тапсырма 139- бет, 269- жаттығу Сөйлемдегі үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы қай сөзге қатысты екенін анықтау. Достарыңызбен бөлісу: