Стиль – (латынша stylus – жазу құралы) –белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің колданылу принциптері. Ғылыми стиль



Дата14.12.2023
өлшемі19,38 Kb.
#196749
Байланысты:
стиль түрлері


Стиль – (латынша stylus – жазу құралы) –белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің колданылу принциптері.
Ғылыми стиль ғылыми еңбектерде, ресми іс-қағаздар стилі іс-қағаздарда, публицистикалық стиль газет-журналда, көркем әдебиет стилі көркем шығармаларда, ауызекі сөйлеу стилі еркін әңгіме кезінде қолданылады.
Стильдік ерекшелік

Публицистикалық стиль

Ғылыми стиль

Жанрлары (мақала, ақпараттық хабар, очерк, шолу, памфлет, сұхбат.)
Мақсаттары (ақпараттық; түсініктеме-баға берушілік; танымдық-ағартушылық; ықпал ету қызметі.)
Ерекшелігі ( үгіт, үндеу, экспрессивті сарын, екпіннің болуы.)

Жанрлыры (монография, оқулық пікір, есеп, диссертация, реферат.)
Мақсаттары ( түсіндіру; салдарын ұғындыру; заңдылықтарын ашу; жаңашылдығын дәлелдеу.
Ерекшелігі ( логикалылық, нақтылық, дәлелдемеге негізделуі.)

Стильдік ерекшеліктер

Публицистикалық стиль – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелер талқыланатын, өзек етілетін функционалды стильдердің бірі.

Ғылыми стиль – зерттеу нысаны болған зат пен құбылыс теориялық негіздермен дәлелденіп, ғылыми тұжырым жасалынатын стиль түрі.

Мақсаттары:

  • ақпараттық (түрлі деректі жеткізу);

  • түсініктеме-баға берушілік (деректі түсіндіру, талдау, баға беру);

  • танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи, ғылыми білім қорын толықтыру);

  • ықпал ету қызметі (көпшілік көзқарасы, санасына әсер ету).

Тілдік тәсілдері:
эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, мақалдар, афоризмдер, тұрақты тіркестер, аудиториямен байланыс орнататын қаратпа сөздер, риторикалық сұрақтар, бұйрық рай тұлғалы сөздер, сөздердің инверсиялануы, бағалауыш лексика

Мақсаттары:

  • қоршаған шындықты мүмкіндігінше дəл жəне толық түрде түсіндіру;

  • құбылыстардың арасындағы байланыстың себептерін, салдарын ұғындыру;

  • тарихи дамудың заңдылықтарын ашу;

  • тұжырымның өзектілігін, жаңашылдығын дәлелдеу.

Тілдік тәсілдері:
ғылыми терминдер, мәтіннің бірізділігін көрсететін кіріспе сөздер мен сөйлемдер: біріншіден, екіншіден, арнайы тілдік оралымдар:
... дәлелдеуге мүмкіндік береді, дәйексөздер осы шақ және ауыспалы келер шақтұлғалы етістіктер

Мақала мен презентацияның жанрлық, құрылымдық ерекшелігі
Жанры

Презентация – ақпаратты, деректі, жобаны, модельді таныстыру, ұсыну, жалпы жұртқа көрсету мақсатында қолданылатын жанр.

Мақала – коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.

Мақсаттары – таныстыру, ұсыну, көрсету

Мақсаттары – деректі жеткізу, баға беру, білім қорын толықтыру, көзқарасы, санасына әсер ету.

Тілдік тәсілдер: сызба, сурет, кесте, сурет, тұтас және аралас мәтіндер

Тілдік тәсілдер: экспрессивті сөз, мақал, афоризм, тұрақты тіркес, байланыс орнататын сөз, риторикалық сұрақ, инверсия, бағалауыш лексика


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет