Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет7/30
Дата21.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#181854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
annotation210703

№4 семинар жұмысы
Тақырып: Тіл – құрал тақырыбында ауызша баяндама жасау, пікір талас ұйымдастыру.
1-тапсырма
1. «Тіл – құрал» сөзіне түсініктеме беріңіз?
2. Тілдің қызметі қандай?
3. Баяндама жасаудың маңыздылығы неде?
4. Пікір-талас сөзіне қалай түсінесіз?
5. Тілдің қоғамдағы қызметі неде?

2-тапсырма


«Тіл-құрал» тақырыбына баяндама жасап келіңіз. Төмендегі баяндамадан сөздердің ауыс келтірінді мағыналары мен лексика-семантикалық топтарын табыңыз.

«Тіл – құрал» (баяндама)


Тіл адам қоғамы бар жерде ғана болады. Тіл қоғаммен бірге туып, бірге жасайды. Қоғамның өмір сүруі үшін тіл қандай керек болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да сондай керек. Қоғам мүшелері (адамдар) бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасайды, өзара сөйлесіп, пікір алысып, бірін-бірі түсінеді. Сөйтіп тіл дегеніміз адамдардың бір-бірімен сөйлесіп қатынас жасайтын, пікір алысып, өзара түсінісетін құралы болып табылады. Сөйлеу тілі қоғамда қалыптасады, дамиды және қоғамда өз қызметін атқарады. Адамзат тілінің өмір сүруі үшін де тіл сондай дәрежеде қажетті болады.
Тіл табиғат заңдарынан ерекше өзінің даму заңдарына ие болады. Мысалы, жануарлар табиғат заңдары негізінде жасаса, тіл қоғам заңдары негізінде өмір сүреді. Соныңмен бірге тіл басқа қоғамдық құбылыстардан ажыралып тұрады. Көптеген қоғамдық құбылыстар қоғамның өзгеруімен бүкілдей өзгеріп кетеді. Тіл бүкілдей өзгеріп кетпейді. Ол тұрақты болады.
Тіл адамдар арасында қатынас жасау құралы болуымен бірге, ол ойлаудың да, ойдың жүзеге шығу құралы болып та қызмет етеді. Демек, тіл мен ойлау тығыз байланысты болады. Бірінсіз-бірі өмір сүрмейді. Ойлау – тіл арқылы жүзеге шығады, дыбыстық көрініске ие болады. Сөз барлық ойдың көрінісі екендігі, сондай-ақ «тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы» болатындығын ұлы ойшылдар ерекше атап көрсетеді.

3-тапсырма


«Абай» өлеңдерінен тілге, сөз өнеріне арналған мақал-мәтел қатарларын жазып орындаңыздар.

1. Мақал-мәтел (тіл, сөз)


Артық білім – кітапта.
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Сайра да, зарла қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы –
Ол ақынның білімсіз бишарасы.(114 б)
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.(135 б)
Мақтау – жел сөз жанға қас.(195 б)
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Қайғы шығар ілімнен,
Ыза шығар білімнен.
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.(118 б)
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз салма.
Оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді
Өлең деген – әр сөздің ұнасымы,
Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.
Сайрай бер, тілім.
Сап-сап, көңлім, сап көңлім!
Сабыр түбі – сары алтын (66 б).
Бейнет көрмей, дәулет жоқ,
Әлі барып кетерге (66 б).
«Талапты ерге нұр жауар»
Жүріп өмір сүруге (100 б).
Болама дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей (138 б.)
Жетім қозы тас бауыр,
Түңілер де отығар (197 б).
Ақыл-бітпес дәулетке,
Дәулет бітпес келбетке (198 б).
Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды (206 б).
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
№ардың суы сықылды тез суалар (225 б).
Сұлу аттың көркіжал,
Адамзаттың көркі  мал (228 б).
Аланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас (296 б).

4-тапсырма


Ана тілге байланысты «Ана тілім – арым бұл», «Тіл алтын қазына», «Ақылың болса сөз тыңда», «Тіл шексіз байлық» т.б. қалаған тақырыптарға шығарма жазып орындаңыздар.

Ана тілім – арым бұл (Монолог)


Ардақты Ана тілім! Туған халқымның байлығысың сен. Халқымның, елімнің, жұртымның көрер көзі, сөйлер сөзі, мәңгі соғып тұрған жүрегісің көрер сенІ Бұрынғы өткен ата-бабаларымыздың көңілдерін көтеріп, көкіректерін сайратып өткен мұңдасы және сырласы болған ардақты тіл! Менің, Ана тілім! … Саған тек алғыс айту, сені тек сүю, сенен тек риза болып қана қоюдың өзі жеткілікті болар ма екен? Сені ұлылап жүруіміз, көктерге көтеріп өтуіміз қажет. Соншалықты әдемісің, көркемсің, соншалықты жақынсың, жағымдысың. Осындай керемет тілді, өзің арқалы осындай өнерлі мақал-мәтелдерді, өлең-әндерді, ертегілерді, дастандарды пайда еткен, абайлап сақтап келген халқыма мың-мың мәрте риза екенімді білдіргім келеді.
Әр перзентке өз анасы қандай аяулы! Жүрегім сені тек өзіне соншалықты жақын тұтады. Сен маған әлди айтып бесік тербеткен, армандарыма қол жеткізген аяулы Анамсың. Соншалықты мән-мағына, асыл сөздерімен безелген бір сырлы, сегіз қырлы сендей тілдің алдында бас иемін.
Дүниеде қанша тілдер бар, сен солардың ішіндегі ең әдемісі, көркемдісі әрі ең таза тілісің. Біздің байлығымыз, біздің бақытымыз, біздің абройымыз, сүйікті - Қазақ тілім, Ана тілім! Халқым менен мәңгі бірге жасағайсың, сүйікті Ана тілім! …
Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты (М.Әуезов).
Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз (Ғ.Мүсірепов).
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту (Б.Момышұлы).
Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ сияқты (Ғ.Мұстафин).

5-тапсырма


Абай өлеңдерінен тілге, сөз өнеріне, шешендікке байланысты өлең қатарларын жазып, жатқа айтып беріңіздер.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,


Ол – ақынның білімсіз бишарасы (114 б).
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Сендерге де келейін, енді аяңдап (115 б).
Сөзі тәтті, мағынасы түзу келсе,
Оған кімнің ұнасар таласуы (118 б).
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез (135 б).
Жұрттың бәрі сөз сатқан,
Сатып алып не керек (195 б).
Онда оны алдайды, мұнда мұны,
Жонып берсе табылмас, сөздің шыны (211 б).
Ұрлаған сөз деп айтпасын,
Сөз ұрлыққа жүре ме? (219 б).
Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң,
Жүгенсіз жүре бермек – сенің ырзаң (222 б).
Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін (223 б).
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған (228 б).
Ақы беріп тыңдатқан,
Сөз көкейге қонар ма? (288 б).
Қуаты күшті нұрлы сөз,
Қуатын білген абайлар (300 б).

6-тапсырма


Абай жолынан алынған үзінділерден антонимдердің стильдік қолданылуын табу.

Қуаныш пен жұбаныш, жақсылық пен жамандық, күн мен түн айырмасы жоқ боп тұтасып, мұнарға айналып барады. (597 бет)


Бірақ қара үйлердің жас-кәрісі, еркек-әйелі сол малдың неше түлігін иелерінен артық біледі. (119 бет)
Бірақ, мен бүгін сізге, әке мен шешеме, аға мен ініме, бірде-біріне айтпаған шынымды, іштегі өзіммен ғана жүрген бар сырымды әкеп отырмын. (223 бет)
Әр үлгіде тымақ, бешпентті қазақы қол қылып тігіп әкелген кәрі, жас қазақ әйелдері байқалады. (339 бет)
Бірі алыстан, біреулері жақыннан, кейде салмақпен, кейде шәуілдеп үреді. (294 бет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет