Бақылау сұрақтары:
1.Синонимдер сөздігіндегі мақалаларды талдау,өз пікірін дәлелдеуге жаттығу.
2.Синонимдік қатарлардың стильдік ерекшеліктері туралы жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасау,синонимдік қатарларды тиімді қолдану.
15-дәріс. Стильдік қате жіберудің себептері
1.Стильдік қатеге нені жатқызуға болатындығы
2.Стильдік қате жібермеуге ерекше көңіл бөлу керектігі
Стильдік қате жіберудің себептері : 1.Сөздік қордың аздығына байланысты сөйлемдер бірыңғай, қарапайым болады да, оны түрлендіре алмайды. 2. Кейбір сөздердің ауыспалы және көп мағыналылығына байланысты контексте орынды қолданбай, ойды күңгірттеп, әсерлі де нақты жеткізе алмау кездеседі. Сөздердің байланысуын, тіркесуін білмеу де байқалады. 3. Синоним сөздерді сөйлемде түрлендіріп қолдана білмеу, сондықтан сөздерді сөйлемдерде қайталай беру. 4. Сөйлемдерінде қажетсіз басы артық, қыстырма, диалект сөздерді талғамай қолдана беру. 5. Қазақ тілінде аудармасы бар шет елдік сөздерді немесе вулгаризмдердің мәнін ескермей қолдану. 6. Кейбір сөздер мен формалардың экспрессивті-эмоциональды мәнін білмей орынсыз қолдану. 7. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтамау, сөздердің тіркесуі мен орын тәртібінің ауысуындағы стильдік ерекшеліктерді аңғармау. 8. Сөйлемдегі бірнеше ойды байланыстырып жеткізе алмау. 9. Айтайын деген пікірін жүйелі, рет-ретімен айтып не жазып беруге қиналу, шатастырып жіберу т.б. Стильдік қателерді көп жіберу – ол қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білімде олқылықтардың бар екендігін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Стильдік қате жібермеудің жолдары.
2.Мәтіндегі стильдік қатені тауып,түзету.
3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Достарыңызбен бөлісу: |