Бақылау сұрақтары:
1. Стилистиканың зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты қалай бөлінеді?
2. Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын түрлері?
2 -дәріс. Функционалдық стилистиканың өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктелуі.
Дәріс сабағының мазмұны:
1.«Стиль» сөзінің мәні мен мағынасы
2. Функционалдық стилистиканың түрлері
Функционалдық стилистика өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктеледі:
Ауызекі сөйлеу стилі.
Ресми стиль.
Ғылыми стиль.
Публицистикалық стиль.
Көркем әдебиет стилі (тілі)
Тіл ресурстары стилистикасын бұдан сәл ықшамдап, тіл стилистикасы деп те атап жүр. Стилистиканың бұл түрінің басты бағыты – сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі стилистикалық қызметін айқындау.
«Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы.функционалдық стиль және экспрессивтік – эмоционалдық стиль, олардың арақатынасы. Функционалдық стильдерді жіктеуге қатысты әртүрлі ғылыми көзқарастар. Функционалдық стильдің түрлері.
Бақылау сұрақтары:
1. Стиль терминіне анықтама беріңіз
2. Функционалды стиль түрлерін атаңыз
3 .Стилистика ғылымының зерттелуі жайында әңгімелеңіз
3 -дәріс. Ауызекі сөйлеу стилі.
Дәріс сабағының мазмұны:
Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы
Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері
Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті
Жалпы сипаттамасы. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері, бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі.
Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерешеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен фразеологиясы. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен синтаксисі.
Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті. Ойдағыдай қарым-қатынас жасаудың шарттары(коммуникативтік қажеттілік, әңгімелесушінің көңіл-күйі; тыңдаушының айтушы көңілін түсіне білуі; айтушының әңгіме нысанын жеткізе алуы; сөйлеу кезіндегі сыртқы жағдай; сөйлеушінің сөз әдебін сақтай білуі т.б). коммуникативтік сәтсіздіктердің себептері (коммуникативтік ортаның ықпалы; әңгімелесушілердің арасындағы сәтсіздік; сөз арасындағы қисынсыз ескертпе т.б.) коммуникативтік мақсат, сөйлеу стратегиясы мен тактикасы тәсілдері. Тілдік қарым-қатынастың жанрлары (ақылдасу, әңгімелесу, талас, әңгіме, тарих, хат, күнделік, т.б.) тілдік қатынастағы әдеп.
Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.
Бақылау сұрақтары:
1. Ауызекі сөйлеу стилінің жалпы сипаттамасы
2. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлерін атаңыз
3. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті жайлы не айтасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |