«СТО стратегиялары ағылшын тілі сабағында»
Ислямова Гульнур Кадылбековна
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы М.Әуезов атындағы орта мектеп.Мемлекеттік мекеме
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те әдіс жоқ, олардың белгісі – бір ғана әдісті болу» А. Байтұрсынұлы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация-лық желілерге шығуды көздейді. Бұл әсіресе орта мектеп мұғалімдеріне оқытудың оңтайлы, жаңашыл үлгісін қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Себебі: 21 ғасыр –озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, оқу дағдысын ғана емес, оқушының жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр.
Менің ойымша, оқытудың жаңа инновациялық әдістері – жалпы мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. «Инновация» деген ұғым латын тілінде жаңарту,өзгеріс, жаңалық деген түсінікті білдіреді.Оның мәні – білім берудегі және өздігінен білім алуға негізделген қабілеттерді дамыту.
Инновация – оқу тәрбие үрдісінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп,жаңарып отырса,болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер теориялық тұрғыдан дәлелденіп, іс жүзінде жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор.Себебі, тіл үйрену арқылы адам басқа бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді.Тіл мәдениетін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ,орыс және ағылшын тілдерін ер-кін білуі тиіс екендігін баса айтты.Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен біл-мейінше,ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатын-дығын ескере отырып, үш тілді оқытуға шақырды.
Ағылшын тілі - ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.Балаларымыздың ағылшын тілін білу – уақыт талабы десем артық айтпағаным.
Ұстаз ретінде мені мына мәселелер алаңдатып келді.
Оқушылардың білім алуға деген құлшыныстарының төмендеп кетуі
Оқулықтардың жиі өзгеруі және қазіргі жас ерекшеліктеріне қарай сай болмауы
Оқушыларда өз беттерінше ізденістің болмауы
Өз ойларын ашық айта алмай, енжар тыңдаушы ғана болуы
Өзіне деген сенімнің болмауы, бірін бірі тыңдап, бағалай алмауы
Үйде жүйелі сабақ қараудың болмауы, яғни үй тапсырмасының уақытында орындалмауы
Осындай туындаған мәселелерді шешу үшін ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, байқап алған соң ғана,оларды даму деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге назар аударып,тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыра бастадым.Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап,білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында жаңа оқыту технологияларының бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы туралы оқып,таныстым.Арнайы курс оқып,сертификат алдым. Мені ағылшын тілі пәні мұғалімін бірден бұл технология өзіне баурап алды,себебі:
Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен.
Алған білімін өмірде қолдана алатын, өзіндік танымдық шығармашылықпен жұмыс жасай білетін, жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар.
Стратегияларды пайдалану жаңа оқу материалындағы оқиға мен құбылыстарды оқушының өздерінің байқап,талдап,зерттеп, ойларын еркін жеткізе алады,демек білім оқушыларға дайын күйінде беріл-мейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің,шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.
Ең бастысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 5,6,7,9,10,11 сыныптарына арналған ағылшын тілі оқулықтары (авторы Т.Аяпова) осы бағдарламаның әдіс-тәсілдеріне оңтайландырылып жазылған.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады:
Сабақты түрлендіре білу,яғни сабақты белсенді өткізіп,әр
баланың еркін жауап беруіне жағдай жасау.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, әр түрлі жауапқа бірдей қарау,жақсысын мадақтап,жаманын сынамау.
Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, қиялы мен тіл байлығын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландырып, кез келген оқушы жауабын соңына дейін тыңдау.
Жеке тұлға ретінде «мен»деген ролін көтеру,өз пікірін қалып-тастыру.
Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі-білім сапасы.Осы жобаның білім сапасын көтеруге, қызығушы-лықтарын арттыруға тигізетін әсері туралы тоқталғым келеді.
Осы жұмыс нәтижесін байқау барысында бұл бағдарламамен 6,7,9 сыныптарда сабақ жүргіземін.Өз сабақтарымда үнемі қолданатын әдіс-тәсілдер:ассоциация,топтастыру,семантикалық карта, венн диаграммасы,әлемді шарлау,кішігірім дөңгелек стол,араласқан оқиғалар, екі(үш) жақты күнделік,түртіп алу,Джиксо т.б.
Төменде осы жоба бойынша өткізген сабағымды ұсынып отырмын:
The theme of the lesson: Ocean world: whales
The aims of the lesson:
To enlarge pupils’ knowledge on the theme
To develop pupils’ skills on reading, writing and abilities to express their own opinions.
To demonstrate pupils abilities working in a group.
Type of the lesson: Creative lesson
Methods of the lesson: Strategy RWCT
Visual aids: interactive board, cards with texts, pictures
Procedure of the lesson:
Slide 1. “Learn English and you will be lucky” (Эпиграф)
Slide 2.Awakening stage.
Association (Қызығушылықты ояту кезеңі,тақырып бойынша ойлана отырып оқушы өзінің іс-әрекеті ары қарай қалай болатындығын анықтайды)
How many words on the topic do you remember?
Write as many as you can.
(Оқушылар бір бірден тақтаға шығып «Кит» сөзіне топтастыру жасайды, әр оқушыға тақырыпқа байланысты өз ойындағы сөздерді еркін жазуға мүмкіндік беріледі)
Whale
T: Today we’ll speak about ocean whales.
Slide 3.Phonetic drill.(Оқушылар топпен қайталап оқиды,аударады)
- I’m learning to write
And I’m learning to spell
And my teacher says
That I’m doing well.
Slide 4.Pre reading activity.
T: Read these questions and answer them.(Сұрақтарды оқи отырып, оқушы мен нені білмеймін,маған жаңа ақпарат керек пе деген сұраққа жауап табуға да тырысады)
Do you know anything about whales?
Do whales live in water?
Do they eat fish?
Can they stay under water long without breathing?
Do whales have big mouths?
Do they drink water?
Do they sleep?
Slide 5.Realization of meaning.
(Мағынаны ажырату кезеңінде оқушы түсінігінің қалыптасуы, қажет болса мәтінді қайта оқуы,ескі білім мен жаңа білімді көрнекі салыстыруы орын алады.Оқушы бұл кезеңде зерттеу, білімді толық іздеумен айналысады)
Бұл кезеңде Инсерт стратегиясын қолданамын (түртіп алу жүйесі)
Бұл әдіс мұғалімге әр оқушының жұмысын жеке қадағалауға мүмкіндік береді. Мәтінмен жұмыс алдында әр оқушы дәптерлеріне төмендегідей кесте сызады.
Slide 6
I know (мен білемін)
|
I’d like to know(білгім келеді)
|
I’ve known (білдім)
|
|
|
|
1.Білемін. Сұрақ беріліп,өз ойларын жазуға мүмкіндік беріледі.
2. Білгім келеді.Жекелей жұмыс жүргізіп болған соң, топта ой бөліседі,толықтырады.
While reading activity
Келесі кезең “Ocean world: whales”мәтінімен жұмыс(мәтіннің өзімен бірнеше жұмыс түрін жүргізуге болады,бұл мұғалім шеберлігіне байланыс-ты)Әр оқушыға жеке мәтін таратылaды.Мәтін алдын ала негізгі бөліктерге бөлініп беріледі,оқушылар әр бөлімді жеке-жеке оқып,аударып 2-ші бағанадағы сұрақтарына жауап іздейді,топта ой бөліседі)
Post reading activity
Мәтіннен кейінгі кезең кестенің 3-ші бағанасын толтыру,оқушылар ең қажеттісін,түйінін жазады. (оқушы мәтінді қайта қарап шығады)
«Инсерт» стратегиясының тиімділігі:
Оқушылар түгел қамтылады
Кесте толтырғанда бір-бірінен қалмауға тырысады
Жеке жұмыс та, топпен жұмыс та жүргізіледі
Оқушының ой-өрісі кеңейеді
Білмейтін сұрақтарына жауап іздеп,ізденімпаздыққабілеттері артады.
Slide 6. Complete the diagram.(Оқушылар тақтада берілген диаграмманы толтырады,мәтінді тағы да қарап шығуға мүмкіндік алады.)
Slide 7.Reflection.(ой-толғаныс кезеңі) Оқушыларға 2 тапсырманың біреуін орындауға болады.
1.Write an essay. Бұл кезеңде әңгіме-эссе жазу арқылы өз түсінігімен бөлісе-ді. Сабақ басында берілген сұрақтарды негізге ала отырып жазуларына да болады.Эссе –ой-толғаныс, тақырыптан кейінгі шағын өз ойлары.Эсседен ең бастысы қате емес,ой-пікірін іздеу керек.
2.Write cinquin. (Бес жолды өлең) Әр оқушы тақырыптан ұққандарын қысқа түрде береді.(тақпақ мазмұны әр оқушыда әр түрлі болуы мүмкін,тек құрылым сақталады) 1 Noun whale
2 Verbsto swim to breathe
3 Adjectives big long fat
4 They live in water
5 Not fish
Slide 8.Home task. Fill the Venn diagram(Үйге мәтіндегі кит түрлерін салыстыруға тапсырма беріледі,оқушыларым бұл диаграммамен үнемі жұмыс жасайды)
(Венн диаграммасы оқушының ойлау үрдісінің көрнекілік арқылы көрінуі, тақырыпты қорытындылау, пысықтау кезеңінде де қолдануға болады)
Жалпы СТО бағдарламасында көбінесе топтық,жеке,жұп бойынша жұмыстар жүргізіледі.Оқушы жұмыстары жеке папкаларға жинақталуда.Қорыта келгенде,сабақтарымда СТО стратегияларын пайдалана отырып өткізуде оқушыларымның іс-әрекетінен көптеген өзгерістерді байқадым.Атап айтсам: оқушылардың жаппай тілдік әрекетке түсуі,әрине таза ағылшын тілінде сөйлемегенімен көбіне ағылшынша сұрақтар қойып,оған жауап беруге тырысады. Пәнге деген қызығушылықтары біршама артты,бірлесіп топта жұмыс істеуге,білгендерін жарыса ортаға салуға үйренді.Менің ойымша ең бастысы оқушының өзіне деген сенімі артты,өз беттерінше шешім қабылдауға төселді.Үлгерімі төмен деген оқушылардың да сабаққа деген көзқарасы өзгеріп,оларда да талпыныс,ынта-жігерлері қалыптасып келеді.Білім сапасы да көтеріліп келеді.
Оқушының пәнді қызыға оқуы мұғалім шеберлігіне байланысты дей келе,ойымды М.Жұмабаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес,еппен білдіруін-де»
Достарыңызбен бөлісу: |