Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті. СТО сабақ процесінде ең басты тұлға ОҚУШЫ екенін көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт береді.