Стоматология


СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ



бет182/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Сілекей бездері жарақаттанғанда айналасындағы жұмсақ тіндер, кейбірде сүйектер бұзылады. Өткір өтпейтін заттармен жарақаттанса, олар кесіледі немесе езіледі. Ал оқ тисе барлық айналасындағы тіндермен қоса талқандалуы мүмкін.



27-сурет. ГА. Васильев бойынша құлақмаңы безінің түтігін пластикалық жолмен қалпына келтіру операциясы.
Сілекей бездерінің ішінде көбінесе құлақмаңы сілекей бездері жарақатқа көп ұшырайды. Оның себебі бұл без төменгі жақ өсіндісінің сыртқы бетінде және төменгі жақ артындағы шұқырда орналасқан. Сонымен қатар ол осы маңда жасалатын операциялар кезінде жарақаттануы мүмкін. Мысалы өзінен шыққан ісіктерді алғанда, құлақ маңындағы және жақ артындағы флегмоналарды ашқанда, төменгі жақ өсіндісінде, шықшыт буынында жасалатын операциялар кезінде.
Үлкен сілекей шығатын түтік ұртта орналасқан ісіктерді алу, флегмонаны ашу кезінде зақымдануы мүмкін.
Жақасты және тіласты сілекей бездері оқпен жарақаттанғанда, флегмона мен абсцестерді ашқанда, ісіктерді алғанда жарақаттануы мүмкін. Бірақ бұлардан кейін жыланкөз пайда болмағандықтан тиісті ғылыми еңбектерде ескерусіз қалған (А. И. Евдокимов). Стоматологтардың жүмысында сілекей түтіктері тіс емдеу немесе сепарация жасайтын дискімен жұмыс істеген кездерде зақымдануы мүмкін. Жаралардың орналасуына байланысты түтік және сілекей паренхимасының жарақаттары деп бөледі.
Сілекей бездері жарақаттарының клиникасы олардың орналасуына (түтік, паренхима) байланысты әр түрлі болады. Егер жара үлкен болса, ондағы сілекей бездерінің бүртіктенген тіндерін көруге болады. Қабыну процесі аяқталғаннан кейін жыланкөздер, сілекей түтіктерінің тарылуы, жабылуы пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет