Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі. Уақытша иммобилизация. Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарында уақытша иммобилизация жабдығы иек-төбелік таңба, Померанцкв-Урбанскийдің эластикалық таңбасы, қатты иектік сақпаннан және қалпақтан тұратын стандартты транспорттық таңба. Тасымалданған уақытта жоғарғы жақ сынықтарын жылжытпай ұстап тұратын биологиялық шендеуіштің қызметін төменгі жақ атқарады. Темір қасық, ағаш таяқшаларын аспаптарды транспорттық шендеуіш ретінде қолданған дұрыс емес, себебі олар сынық бөліктерін артқа ығыстырып асфиксияға әкелуі мүмкін.
Жоғарғы жақ сүйегі сынған науқастарды емдегенде сынған сүйек бөліктерін орнына салып қалыпты жайында бекіту керек.