Үшкүл нервтің қабынуы (неврит) Бұл дерттің себептері жарақаттану, нерв маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық дерттер, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.
Негізгі клиникалық белгі турақты ауыру сезімі үшкүл нервтің ауруға шалдыққан тармағының иннервация жасайтын тіндерінде болып, тістерге, қызыл иекке, бет терісіне тарайды.
Объективті тәсілдермен тексергенде үшкүл нервтің тармақтарының сезімталдық қасиеті гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес болып табылады.
Емі. Үшкүл нервтің невритін емдеу тәсілдері оның этиологиясына байланысты болып, қабынуға қарсы ем бірінші орында тұрады. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған невриттерді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Бул жағдайда нервті қысқан сүйектен босатып, басқа заттарды алып тастау қажет.
Егер нерв үзілсе оны бір-бірімен тігіп жалғастыру қажет. Невриттердің этиологиясы жалпы инфекциялық дерттер немесе аллергия, уланудан болса, онда оларға жалпы ем қолдану қажет.
Бет нервісінің невриті. Барлық сыртқы нерв жүйесінің арасында бұл нервтің қабынуы 2—5%-ке дейін кездесіп, көбінесе әйелдер арасында болады.