Актиномикоздық артрит. Самай-төменгі жақ буынында мойын, бет актиномикоздарының асқынып буын қапшығына таралуынан дамиды. Бұл кезде буынмен бірге шайнау бұлшықеттері ауруға шалдығатындықтан жақ қозғалысы бірден шектеледі. Аурудың шағымы кез келген керендік аурудағыдай секілді баяу, қоршаған жүмсақ тіндерге оқтын-оқтын өршуімен суреттеледі. Бір өршумен екіншісінің арасында науқас ешқандай ауруды сезбейді. Тек иекті алдын артқа қарай итерген кезде буында ауыру сезімі пайда болады. Процесс тек буын қапшығын зақымдайды, сондықтан ауру жазылғаннан кейін де төменгі жақтың қозғалуында шектелулер сақталады.
Жарақатты артриттер ағымына қарай жедел және созылмалы болып бөлінеді. КазММУ-ның хирургиялық стоматология кафедраларының зерттеулері бойынша самай-төменгі жақ буын патологиясының 50% стоматологиялық себептер болып табылады: терапевтік (пломбалық заттарды артық салу), ортопедиялық (дер кезінде дұрыс протез жасалмау), хирургиялық (жақтардың сынуы кезінде жедел жарақатты артритті дер кезінде анықтап емдемеу).
Клиникасында науқастар жарақаттан немесе аузын қатты ашудан кейін пайда болған біржақты немесе екіжақты ауыру сезіміне шағымдайды. Ауызды ашу, есінеу, тамақ ішу, тіпті сөйлеу мүмкін болмайды.
Сырт көрінісінде төменгі жақ қимылының шектелуі, буын айналасындағы тіндердің инфильтрацияланып қанталауына байланысты ісінуі анықталады, саусақпен басқанда ауыру сезім күрт күшейеді. Рентгенографиялық зерттеулер буын қуысында айтарлықтай өзгерістерді көрсетпейді. Ол кезде саңылаулардың кеңейгені анықталады,