Алдын алу. Науқасқа бір кездерде жағымсыз әсер еткен дәрілерді сынап көру. Бірнеше рет анестетик қолданылатын науқастарға алдын ала (3 күн бұрын) гистаминге қарсы дәрілермен (пипольфен, димедрол, супрастин) премедикация жасалады.
Новокаинмен, тримекаинмен улану.Организмге новакаин мен тримекаинді белгілі мөлшерден артық ендіру улануға соқтырады. Улану орталық нерв жүйесін қоздырады, содан кейін оның қызметін тежеп коллапсқа, тыныс алу мен жүрек қызметін тоқтатуға соқтырады. Уланудың жеңіл түрінде науқас лоқсып, басы айналады, ыстықтап, аяқ-қолының еті тартылады. Уланудың ауыр түрінде бұл аталған жайларға нерв жүйесінің қозуы, тырысу қосылады. Көп кешікпей қозу тоқтап, тежеу басталып тыныс алу тоқталады. Қозу мен тежеудің тез алмасуы бірнеше минут ішінде болуы мүмкін.
Емі. Уланудың жеңіл түрінде науқасты жатқызып, мүсәтір спиртін иіскетіп тыныш халде қалдырған жеткілікті. Уланудың ауыр түрінде венаға тез әсер ететін барбитураттар (13% 1-2мл тиопентал натрий) жібереді. Барбитураттар анестетик күшін азайтып оның улану әсерін тежейд. Қажет жағдайда 10-20 минуттан соң барбитураттарды қайтадан венаға жіберуге болады. Тыныс алу нашарлағанда (респиратор арқылы) күштеп тыныс алдыру керек. Онымен қатар тырысуға қарсы кураре тәрізді дәрілерді қолданамыз. Улы организмнен айдап шығу үшін тездетілген диурез (маннитол, лазикс) қажет.
Емханада уланудың белгілері сезіле бастағаннан-ақ оған қарсы күрес шараларын жүргізіп, жедел жәрдем шақыру керек. Улануға қарсы қолданылатын дәрілер емханада дайын тұруы қажет.