Стоматология



бет89/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Патологиялық анатомиясы: түбір ұшы, периодонт қызарып қалыңдаған. микроскопта гиперемия, ісінуі және сәл лейкоцитарлық инфильтрация көрінеді.
Емі – консервативті.
Жедел ағымды іріңді периодонтит
Жедел ағымды іріңді серозды периодонтит немесе іріңді пульпиттен кейін дамиды. Науқастар жедел, ұдайы, солқылдап тұратын ауру сезіміне шағымданады, ол үшкіл нерв бойымен таралады (құлақ, самай, көзге). Ауыру сезімі суық әсерінен азайып, жылыда және жатқанда күшейе түседі. Периодонтта жиналған эксудат өсіп кеткен тіс әсерінен тудырады. Ауру тіске антогонист тіс тиіп немесе тіл тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейіп кетеді, сондықтан науқас аузын ашып отырады. Қатты ауыратындықтан ауру ұйықтамайды, сондықтан жалпы әлсіздікке, басының ауырғанына шағымданады. Дене қызуы әдетте көтерілмейді, кейде субфебрилді болады.
Көрінісі. Сырт бейнесіне қарағанда өзгерістер жоқ, кейде жақ аймағы жұмсақ тіндерді коллатералды ісінуі мүмкін. Регионарлық лимфа түйіндері үлкейген, сипап тексергенде ауырады. Ауыздың ашылуы еркін. Жарақаттанған тіс түбірі проекциясында өтпелі қатпардың шырышты қабығы қызарған, қызыл иек ісінген, альвеолды өсіндіні сипап тексергенде ауырады. Тісте тіс жегі қуысы немесе пломба бар, сирек сау тіс. Тісті қағып тексергенде көлденең және тік бағытта да күшті ауыру сезімі анықталады, тіс қозғалмалы болады (себебі процесс тез арада диффузды сипат алады). Қанда аз мөлшерде лейкоцитоз, сегментті ядролық және таяқша ядролық нейтрофильдер саны көбейеді. ЭТЖ 20-30 мм/сағ көтерілуі мүмкін.
Рентген көрінісінде біріншілік жедел ағымды периодонтитте еш өзгеріссіз болмайды. Кейде 2-3 күндері альвеола қабырғасы аймағындағы көрініс айқын болмауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет