Стоматология



бет134/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

Біріншілік көмек. Жараға қысым түсіретіндей етіп таңу. Профузды қан кететін жағдайда тамырды саусақпен басу керек. Жалпы ұйқы артериясын VI мойын омыртқасының бүйір өсіндісінің тұсында басады. Бұл нүкте төс-бұғана-емізікше бүлшықетінің алдыңғы қырымен қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегінен жүргізілген көлденең сызықпен қиылысқан жері. Бұл жерді бас бармақпен басады, ал қалған саусақтар мойынның артында қалады.
Жалпы ұйқы артериясына қысымды таңба салуға болады. Мойынның жарақаттанған жеріне тығыз білік салып, қолынан өткізе дәкемен байлап тастайды. Бұл сау жағындағы ұйқы артериясын қысымнан сақтайды. Мойындағы жарақаттан қан кеткенде, алдымен мойынның қан тамыр шоғырын төс-бұғана-емізікше бұлшықеттерінің алдыңғы жиегінен ұзынша тілікпен жалаңаштап, жалпы ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венасының астына провизорлы лигатура енгізеді, содан кейін ғана жарақатты тексеріп таңады.
Сыртқы ұйқы артериясын байлау. Науқасты шалқасынап жатқызып, жауырын астына білік қойып басын шалқайтады. Төс-буғана-емізікше бұлшықетінің алдыңғы қырынан төменгі жақтың бұрышына дейін 5—6 см тілік жасап, теріасты май қабатын, беткей фасция және теріасты булшықетін, мойынның меншікті фасциясын кеседі. Төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің медиалды жиегін жалаңаштап, оның алдыңғы жағын жарып сыртқа қайыра-ды. Қынаптың артқы қабырғасын да кеседі. Тұйық жолмен венозды бағаналар мен тіласты нервін жылжытады. Егер бет венасын жанынан әкетуге мүмкіндік болмаса оны байлап, кесіп қояды. Одан кейін үйқы артериясының фасциясын ашады. Жалпы ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық веналарының арасында, артқа таман кезеген нерв орналасқан. Жалпы үйқы артериясының бойымен оның бифуркациясына жетеді. Ол қалқанша тәрізді шеміршектің алдыңғы деңгейінде. Сыртқы ұйқы артериясы ішке және алға қарай орналасқан және ол ірі тармақтар береді. Ал ішкі ұйқы артериясының тармақтары жоқ. Сыртқы ұйқы артериясын ішкі мойындырық венасы мен кезеген нервтен ажыратып алған соң, астына екі лигатура салып бір-бірімен 1 см қашықтықта жоғарғы қалқанша және тіл артериялары араларында байлап, сол аралықтан қияды. Артерияның ортаңғы шетіне екінші лигатура салады. Лигатураны байламай тұрып самай артериясының пульсі тоқтап қалмауын байқап алу керек.
Тіл артериясын байлау. Төменгі жақасты аймағында параллель болатындай етіп жақтың жиегінен 2 см төмен ұзындығы 6 см тілік жасайды. Теріні, теріасты май клетчаткасын, мойынның беткей фасциясын, беткі жапырақшасын кеседі. Төменгі жақасты сілекей безін жалаңаштап ашып, мобилизациялап, жоғары және ішке әкетеді. Шамамен Пирогов үшбұрышын анықтайды, ол (алдынан) жақ-тіл бұлшықетінің артқы қырымен (артынан) қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарынша сіңірімен және (жоғарыдан) тіласты нервісімен шекараланады. Үшбұрыш аймағында тіласты-тіл бұлшық еті, одан ішкері тіл артериясы орналасады. Бұл бұлшық еттің талшығын қысқашпен жылжытады да тіл артериясын ашып, тігіп байлайды. Егер манипуляция дөрекі орындалса жұтқыншақ қабырғасын жыртып алу қаупі туады.
Бет артериясын байлау. Төменгі жақтың қырынан 2 см төмен параллель ұзындығы 5 см тілік тілінеді. Тіліктің бастамасы төменгі жақ бұрышынан 1 см алға орналасу керек. Теріні, теріасты май қабатын, мойын фасциясын, теріасты бұлшықеті кесіледі. Меншікті шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегінен өтетін бет артериясын ажыратып алып, байлап таңады. Оның жанында бет венасы болады. Кеш асқынуларға екіншілік қан кету бронхопу-льмональды асқыну, контрактура, сынықтар консолидациясы, жалған буындардың түзілуі, жарақатты остеомиелит және гайморит.
Екіншілік қан кету. Жарақаттанғаннан 7—15 күннен соң, әсіресе оқ тиіп жарақаттанғанда кездеседі. Негізгі себептер: тромбтың іріңді қалқуы немесе қан тамырдың тесілуі. Кеш қан кету бірнеше рет қайталануы мүмкін. Бұл жарақаттың сипатына, іріңді асқынудың ағымына, ол жарақатты хирургиялық өңдеудің сапалылығына байланысты. Кеш қан кету 2—5% жағдайда кездеседі. Ол кенеттен пайда болады, күндіз немесе түнде екіншілж қан кету пайда болғанға дейін мынадай белгілері біліне бастайды: а) жа-рақатта еш себепсіз ауыру сезімі күшейеді; б) жарақаттан қан шыға бастайды; в) қанды сілекей аралас қақырық немесе жөтел пайда болады; г) ауыз қуысы түбінде және мойында ірі қан тамырлар маңайында іріңді процестер күшейеді. Дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейін ұйқы артериясын қысу қажет. Шұғыл дәрігерлік көмек — қысқаш салып, тамырды екі лигатурамен көрші жұмсақ тіндерге бекітеді. Қан тоқтатқаннан кейін науқастарға антигеморрагиялық, антибактериялық дәрілер тағайындалады. Қатаң төсек режимі, арнайы бақылау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет