Стоматология



бет169/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173
Байланысты:
hirstom-qaz

Тіндерді еркін көшіру
Бет қаңқасы мен жумсақ тіндерінің ақауларын қалпына келтіру үшін хирургиялық стоматологияда тіндерді еркін көшіру кеңінен қолданылады.
Еркін қөшірудің 5 түрі бар. 1)аутогенді өз тіндерінен; 2) синогенді генетикалық жағынан бір организмнен алынатын тін; 3) аллогенді осы тәрізді организмнен алынады; 4) ксеногенді — бөтен түрдегі организмнен алынған тіндер; 5) өлі материалдарды ендіру — имплантаттар егер олар тінге түгелдей енсе, тінге жартылай ендірілсе, эксплантаттар деп аталады.
Бітісіп кетуі жағынан ең тиімдісі — аутопластика. Себебі организмнен алынған тін бірден жойылып кетпей белгілі бір уақыт өзінің өмірін сақтайды. Жаңа орынға отырғызылғаннан кейін ол өзінің өмірін сақтап қана қоймай, отырғызылған жерге бітіп кетеді. Пластиканың бұл тәсілі аутопластикалық материалдың аздығына байланысты жиі қолданылмайды және оны алу кезінде науқасқа қосымша жарақат жасалады.
Генетикалық жағынан туыс адамдардан алынған тіндер көшіріп қондырғанда жақсы бітіседі. Мысалы, бір жұмыртқалы егіздерден алынған тіндер.
Алдогенді пластика — бір кісіден алынған тінді немесе мүшені басқа кісіге салу. Антигенді қасиеттерді төмендету үшін қанша әдістер қолданылғанымен тіндердің белоктық қайшылықтарына байланысты, оларды көшіріп қондыру сәтсіз аяқталады. Тірі организмдерден алғанға қарағанда, өліктен алынған материалдар тиімдірек болып саналады. Себебі өліктің антигенді қасиеті әлдеқайда төмендейді.
Ксеногенді пластика — жануардан алынған тіндермен адамның ақауына пластика жасау. Қазіргі уақытта пластиканың бұл әдісі қолданылмайды. Тек ақаудың айналасындағы тіндердің қайта жетілу процестеріне жағдай жасау үшін ғана қолданылады. Тірі емес заттармен пластика жасау — бұл пластмасса, металл, көмірсутекті қоспалар т. б. Отырғызылған тірі тін — транспланттар деп, өлі (жасанды) зат имплантат немесе эксплантат деп аталады. Биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ кез келген отырғызылған тін бітісіп өмір сүріп кетуі керек.
Егер отырғызылған тін айналасындағы тіндермен тығыз байланысқа түсіп оның бір бөлшегіне айналып, зат алмасу процесі жүрсе онда оның бітісіп кеткені және оны трансплантат деп атайды.
Егер оны тек дәнекер тін қоршап өсіп айналасындағы ортамен қатынаста болмаса, кез келген бөгде денелер секілді қапшықпен қапталып қала береді.
Теріні, теріасты клетчаткасын, шандырды, байламдарды, шырышты қабықты, етті, шеміршекті, сүйекті, нервті, тамырды, аралас тіндерді көшіріп отырғызуға болады.
Теріні еркін көшіру пластикалық хирургияның ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Қиықтың қалыңдығына байланысты теріні көшірудің 3 түрі белгілі.
1. Қалыңдығы 0,4 мм эпидермалық және терінің өзіңдік қабатының өсу қабатынан ғана тұратын жұқа тері қиығы. Мұнда эластикалық талшықтар аз. Сондықтан бүл қиықтар астындағы тіндердің тыртықтануына байланысты қыртыстанады.
2. Қалыңдығы 0,5—0,7 мм терінің екі ажыратылған қиық. Қиықтарда терінің торлы қабатының эластикалық талшықтары көп болады. Бұл қиықтарды әртүрлі арнайы дерматом аппараттарына (Педжет, Колокольцев, Драже) байланысты кеңінен қолданыла бастады.
3. Қалыңдығы 0,8 мм-ден қалың тері қиығы (Яценко, Лаусон, Краузе). Ол терінің бар қабатынан тұрады. Бүл қиықтар өзінің көрсеткіштеріне байланысты қолданылады. Теріні қондырған соң оның бітіп кетуі, оның қалыңдығына байланысты. Қалыңына қарағанда жұқа қабықтар жақсы бітіп кетеді.
Әрбір жағдайға байланысты хирург қай әдіс тиімді екенін ескеруі керек. Бет жараларын жабу үшін көбінесе екі ажыратылған қиық қолданылады. Ауыз қуысына жұқа қиық қолданған дұрыс.
Тері пластикасы алғашқы, екінші және теріні грануляцияға отырғызу деп бөлінеді. Алғашқы тері пластикасы жаңа жараға жедел жарақаттан кейін немесе терісі көп жоғалған операциядан кейінгі жараға жасалады.
Алғашқы тері пластикасы қалыпқа келтіру операциясының алғашқы кезеңі болып саналады. Ол тері пластикасының басқа да түрлерімен бірге жүргізілуі мүмкін.
Екінші жасалатын терінің еркін көшірілуі әртүрлі гранулденген жаралардың бетін кескеннен кейін жүргізіледі. Грануляция түгелімен алынып тасталуы керек.
Күйіктерді емдеу барысында теріні еркін көшіру жиі қолданылады. Бетте және мойында теріні тұтас қиық түрінде ақаудың көлеміне сай етіп отырғызады.
Шеміршекті отырғызу. Контурлық немесе тіреуіштік пластикада, қалыпқа келтіру хирургиясында шеміршек кеңінен қолданылады. Ең алғашқы рет 1890 жылы кеңірдектің ақауын жабу үшін аутошеміршекті Мантольдт қолданды. Шеміршек пышақпен оңай кесіліп өңделетіндіктен емес, жоғары биологиялық қасиетіне байланысты жақсы пластикалық материал болып сан-алады. Шеміршек тамырсыз тін. Тін сүйығының диффузиясы арқылы қоректенеді. Өзінің өміршеңдігіне байланысты ол инфекцияға төзімді және іріңдеген күнде өлмейді. Мүрын қырының ер тәрізді деформациясын, көз ұясының төменгі қырының ақауын түзеу үшін беттің контурлық пластикасы қолданылады. Көбіне VII қабырғаның шеміршегі қолданылады. Себебі ол көлемді (8—12 см) әрі алуы оңай. М. М. Михельсонның ұсынған өлік шеміршегін отырғызу өте тиімді. Себебі өлік шеміршегінің антигенді қасиеті төмен, сондықтан ол сирек сорылады (әсіресе оларды үлкен түйірімен отырғызғанда). Мұздатылған немесе кептірілген шеміршек көбірек сорылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет