Стоматология



бет138/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

БЕТ КҮЙІКТЕРІ
Белгілі жетістіктерге қарамастан, соңғы екі онжылдықта күйген ауыр науқастардың емі клиникалық медицинада күрделі бөлімнің бірі болып саналады.
Термиялық жарақаттар патогенезі күрделі және толық зерттелмеген.
Терең және аумақты күйіктер кезінде барлық негізгі ағзалардың және жүйелердің морфологиялық қызметтерінің терең ауытқулары байқалады. Осы себепті өзара байланысты бұзылыстар клеткалық және субклеткалық деңгейде табылады да ондағы жүріп жатқан патологиялық процестерді анықтауын қиындатады.
Соңғы екі онжылдықта куйіктердің жиілігі үздіксіз көтерілді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша термиялық зақымданулар басқа жарақаттар арасында үшінші орын алады. Бұл қазіргі кезде өндірісте, транспортта жоғарғы кернеулі токтарды, агрессивті химиялық суйықтарды және қауіпті газдарды қолданғанымен түсіндіріледі.
Әскери медициналық тәжірибеде термиялық зақымданулардың сипатталуы соғыс әдістеріне байланысты. Шетел баспа мәліметтері бойынша ядролы қару қолданбаған соңғы шайқастарында барлық жарақаттардың ішінде күйіктер 10—30% жағдайда кездеседі. Белсенді соғыс әрекеттерін ескермесе, көбінесе әскери қызметкерлер күйіктерді бензин және басқа жеңіл жанатын зат-тарды дүрыс қолданбағаннан алады. Әсіресе дененің киіммен қорғанбаған жерлері (беті, қолдары) зақымданады.
1945 жылы Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларында бірінші атом бомбасы жарылған кезде барлық жарақаттар ішінде термиялық зақымданулар 80—85% кездесті, соның зардабынан өлген адамдардың ішінде 50% термиялық жарақаттан.
Соғыста қолданатын өртегіш заттарға өртенгіш напалм, пирогель, термит және ақ фосфор жатады.
Өртегіштерді-мұнай өнімінен дайындайды. Олар 800-1100°С температурада 5—10 мин қызыл жалынмен жанып, ұлы заттар аралас қара қою түтін бөліп шығарады.
Пирогельдер — мұнай өнімінің негізінде жасалған темір аралас өртегіш сұйық заттар. Жану температурасы 1400—1200°С жетеді. Олар ашық жарық жалынмен, құрамында улы өнімдері көп ақ қою түтін бөліп 1—2 минут жанады.
Термиттер 2—3 минут алаулап түтінсіз жанып, температурасы 2800—3000°С дейін қызу бөліп жанады.
Фосфор аралас жанатын заттар өздігінен ауада көгілдір жалынмен жанып температурасы 800—1200° қызу бөліп шыгарады. Фосфордың термохимиялық күйіктерге әкелуімен қатар жалпы уландыру әсері бар.
Термиялық факторлар әсерінен пайда болған барлық күйіктерді 4 дәрежеге бөледі.
I. Эпидермис жарақаттанады, тері ісініп әрі қызарып, аздап ауыру сезімі байқалады. 2—3 күннен кейін осы белгілер қайтады. Жарақаттанған эпидермис қабыршақтанып күйіктің беті өздігінен эпителиймен жабылады. Біраз уақыт күйген жерде дақ сақталады, кейін ол ізсіз жоғалады (46-сурет).

Беттің 1 дәрежелі күйігі.
II. Эпидермиспен бірге дерманың беткей қабаты жарақаттанады. Қызарған теріде сары мөлдір сүйықтық толған көпіршіктер пайда болады. Оның астында ашық-қызыл түсті ылғалды тін көрінеді. Жара 1—2 апта ішінде тыртықсыз өздігінен эпителиймен жабылады.
III а. Эпидермиспен қоса дерманың торлы және емізікті қабаты бүзылады, тек тер бездері және түк қапшықтары жарақаттанбай-ды. Олар сарғыштау түсті сүйыққа толған. Күйікті жараның түбі ашық-қызғылт түсті және ылғалды болады (47-сурет).

47- сурет. Беттің 3 дәрежелі күйігі.
Ауыру сезімі толығымен сақталған немесе төмендеген. Күйіктің айналасы ашық-сұрғылт және қоңырқай түсті болып келеді. Оның беті жұмсақ, ауыру сезімі төмендеген, сезгіштігі сақталған. 4—6 аптаның ішінде жұмсақ тыртықтар пайда бола отырып өздігінен жазылады, күйіктің бетінде эпителий болуы мүмкін. Кейде келлоидты тыртықтар пайда болады; олар функционалды өзгерістерге алып келеді.
III б. Эпидермис және дерманың түк қапшықтары тер бездерімен бірге толығымен зақымданады. Жанында жатқан тіндер жарақаттануы мүмкін. Күйіктің беті сарғыштау, сұр немесе қоңырлау түсті, III а дәрежесіне қарағанда қаралау болады. Пайда болған көпіршіктер қанды суға толған. Жараның түбі құрғақ және анық емес ақ дақтар көрінеді. Ауыру сезімі бірден төмендеген немесе толық жойылған. Гранулденген жара нәзік тыртықтанып жазылады. Жазылу мерзімі жараның көлеміне және орналасуына байланысты. III а және III б дәрежелі күйіктерді өзара клиникалық белгілері бойынша ажырату қиын.
IV. Эпидермиспен және дермамен бірге, теріасты майлы клетчаткасы, фасциясы, бұлшықеттері, кейде сүйектер жарақаттанады (48-сурет).

48-сурет. Жақ-бет аймағының 4 дәрежелі күйігі (электркүйік)
Күйіктің беті қоңыр немесе қара түсті әртурлі қабаттағы тығыз өлеттенген қабықпен жабылған. Ауыру сезімі байқалмайды. Күйіктің IV дәрежесінде баяу жазылатын тіндердің, мүшелердің қалыптасқан ақаулары болуы мүмкін. Ересек адам күйіктерінің аймағын анықтау үшін „тоғыздық ережесімен" "алақан ережесін" қолданған тиімді.
Біріншісі әрбір анатомиялық аймақ проценттік қатынаста 9-ға тең: бас пен мойын 9, кеуденің алдыңғы және артқы беті— 18, әрбір қол— 9, әрбір аяқ— 18, жыныс мүшелері және аралық — 1. Бет аймағы 3 құрайды. Алақанның көлемі -1-1,1. Күйіктің бетіне қойылатын алақанның саны зақымдану аймағын анықтайды. Балаларда күйік алаңын анықтау үшін арнайы кесте қолданады. Оның ауырлығын Франк индексі арқылы бағалайды, бірақ анықтау үшін терең күйіктің көлемін білу керек. Проценттік қатынаста есептегенде I терең күйікті 3 беткей күйікке теңестіру керек. Франк индексі проценттік қатынастағы беткей күйіктің көлемі мен терең күйік көлемінің үш еселенген аумағының қосындысына сәйкес келеді. Мысалы күйік жарақатының жалпы аумағы дененің бетінде 50% болса, онда 20% терең жарақатына келеді. Бұл жағдайда Франк индексі беткей күйік аумағы мен үш еселенген терең күйік аумағына тең болады (20x3 = 60), 30 + 60 = 90%. Егерде күйік 30%-тен аз болса оның болжамы жақсы, 30— 60% болса салыстырмалы жақсы, ал 61—90% болса күмәнді, 91% жоғары болса нашар болады. Күйік ауруы аумақты термиялық жарақаттанған кезде дамиды: Терең күйіктер ересек адамдарда дене беткейінде — 15%, балалар мен қарт адамдарда — 10% орын алады. Беткей және аумағы бойынша шектелген терең күйіктерден күйік аурулары дамымайды. Бастың, бет пен мойынның жекелеген күйіктерінде, күйік ауруы өте сирек дамиды. Күйік ауруының 4 кезеңін ажыратады.
1. Күйіктік шок. 2. Жедел күйіктік токсемия. 3. Күйіктік септикотоксемия. 4. Реконвалесенция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет