Стоматология


Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаты



бет144/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаты
Бірлескен жарақаттанулар — бір зақымдаушы фактормен дененің бірнеше анатомиялық мүшелері мен ағзаларының бір мезгілде зақымдануы.
Жақ-бет аймағының бірлескен жарақаттануына — бет сүйегінің немесе жүмсақ тіндердің мимен бірлескен жарақаты немесе дененің басқа аймағындағы жүмсақ тіндер мен қаңқа зақымдануы жатады. Бүл жарақаттар ерекше ауыр болып саналады. Аралас зақымданған науқастардан шағымын сұрап, анамнез жинау өте қиын немесе мүмкін емес. Осыған қарамастан жақ-бет аймағын объективті тексеру мұқият болуы тиіс. Жақ-бет аймағының зақымдануы, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін бұзып, кеңірдек пен бронхқа қанның, сүйек жарықшағының, тістердің түсуінен, аспирациялық пневмонияның дамуына әкеледі. Есін жоғалтып, қорғаныс рефлекстері жоғалғанда бұл қауіп арта түседі. Бұл науқастарды тексергенде және емдегенде тек хирургстоматолог қана емес, нейрохирург, отоларинголог, окулист, невропатолог, хирургтравматолог қатысуы қажет.
Жақтары сынған науқастар организмінде белоктар мен витаминдер қурамы кенеттен тусіп кетеді, ас қабылдауы бузылады. Оларда септикалық асқынулар жиі кездеседі, себебі одонтогенді аурулар инфекция ошағы болып табылады. Жақтың араласқан сынықтарында — жарақатты остеомиелит дамиды, сынықтар дұрыс бітіспейді, жалған буындар қалыптасады. Хирург-стоматологтың арнайы көмегі дер кезінде көрсетілмесе бет сүйек доғасының тұрақты деформациясы дамиды. Аралас жарақаты бар науқастарды емдеу көп салалы клиникалық ауруханаларда жүргізілуі қажет.
Госпитальға дейінгі кезеңде дәрігерлік көмек шокқа қарсы шаралар, қан кету, асфиксиямен күрес, жақ және тірек-қимыл аппарат сүйектерінің сынықтарын уақытша иммобилизациялауға негізделеді. Науқасты тасымалдау кезінде, тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылуын, құсық массаларымен тұншығуын болдырмауды қамтамасыз ету қажет (науқасты етбетімен немесе жанымен жатқызады). Есінен танған науқасқа дереу интубация жүргізу қажет, егер мұндай мүмкіндік болмаса, ауа өткізгіш енгізу қажет. Беттегі жарақатқа салынған таңғыш, жақ сүйектерінің сынықтарының қосымша жылжуына әсер етіп, тыныс жолдары өткізгіштігін нашарлатпауы тиіс.
Наукас аурухананың қабылдау бөліміне түскен кезде, оны хирург-травматолог, нейрохирург, невропатолог, хирургстоматолог тексеріп, көрсеткіштері бойынша реанимациялық шаралар немесе интенсивті терапия жүргізеді. Негізгі клиникалық мәліметтерге және ми мен бетсүйек қаңқасына жасалған көлемді рентгенограмманың нәтижесіне сүйеніп, бет сүйегінің зақымдануы жөнінде қорытынды жасайды.
Мамандандырылған ем науқасты госпитальға жатқызылғаннан кейін жүргізеді. Ол шүғыл түрде, жедел және уақытша болуы мүмкін. Шүғыл мамандандырылған көмек науқас түскен бойда, қан кетуді тоқтату және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуге негізделеді. Жедел көмек жарақатта біріншілік хирургиялық өңдеу, бет сүйектерін уақытша немесе тұрақты иммобилизациялауды жүргізумен көрінеді. Оны науқас емханаға түскеннен кейін 2 күннің ішінде жүзеге асырады.
Уақытша ем науқас емханаға түскен соң 48 сағаттан кейін немесе кеш жүргізіледі.
Анестезиологияның қазіргі даму деңгейі — науқас госпитальға түскеннен кейін тез арада мамандандырылған көмек жүргізуге мүмкіндік жасайды. Шокқа қарсы ем жүргізілгеннен бастап 12 сағат ішінде гемодинамика тұрақтанса, жедел мамандандырылған емдеуді толық көлемде жүргізуге болады. Егер шоктың узақтығы 24 сағатқа жетсе, толық мамандандырылған ем жарақаттан 12—14 сағаттан соң гемодинамиканың тұрақтану көрсеткіштеріне байланысты жургізіледі. Шоқтың ұзақтығы 24 сағаттан артық болса өмірлік көрсеткіштеріне байланысты хирургиялық ем жүргізіледі (қан кетуді тоқтату, сыртқы тыныс алу бұзылысымен күрес және т. б.).
Жақ сынықтарын ерте әрі дүрыс бекіту ауыр бірлескен жарақаты бар науқастарда менингит, энцефалит, ми абсцесі дамуының, ликвореяның алдын алады.
Реабилитация бөлмесінде ми жарақатымен аралас жағы сынған науқасты емдеуді дәрігер стоматолог невропатологпен бірге жүргізеді. Бұл науқастар диспансерлік бақылауға алынады. Еңбекке жарамдылығы бірлескен жарақаттың сипаты мен ауырлығына байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет