Стоматология


Жедел ағымды жақ сүйек периоститі



бет53/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
Жедел ағымды одонтогенді жақ сүйек периоститі деп альвеольды өсіндінің немесе жақ сүйегі сыртқы қабығының (көбінесе вестибулярлық, таңдай немесе тіл-жақ бетіндегі) жедел ағымды іріңдеп қабынуын айтады. Бұл өте жиі кездесетін ауру. КазММУ хирургиялық стоматология кафедрасының бақылауы бойынша, барлық амбулаториялық аурулардың 5,2% периоститпен емделеді (А. Н. Фокина, Ж. С. Сағатбаев, 1967), оның ішінде жастар мен орта жастағы адамдардың үлесі үлкен. Я. М. Биберманның бақылауы бойынша бұл аурудың 71% 16 мен 40 жастағы адамдарға тиесілі екен.
1. Жедел ағымды іріңдеген периостит — қайта қозған созылмалы периодонтиттің немесе жедел ағымды іріңді периодонтиттің асқынуы.
2. Сонымен бірге маргиналды периодонтитпен, іріңді пародонтит формаларынан да пайда болуы мүмкін.
3. Кейбір жағдайда жедел ағымды іріңдегең периостит тіс жұлғанда, оның жанындағы жұмсақ тіндер көп зақымданғанда немесе альвеолиттің әсерінен дамуы мүмкін.
4. Ақыл азу тістің қиналып жаруы асқынып периоститке айналуы және тіс түбірі фолликулярлық кисталарының іріңдеуі де периоститке әкеп соғуы мүмкін. Соңғы кездері анықталғандай, одонтогенді периоститті көбінесе организмге патогенді емес стафилококктар тудырады. Олар сезімталдығы жоғары организмге гиперергиялық қабыну шақырады. Пародонттағы микроорганизмдер, олардың тіршілігінен ыдыраған заттар, іріңді экссудат альвеоларының пластинкасындағы фолькман және гаверс түтікшелері немесе сүйек куысының майлы кеңістігі арқылы сүйектің сыртқы ығы астына шығады. Сонымен бірге, микроорганизмдер периодонттан сүйектің сыртқы қабығы астына лимфа тамырлары арқылы да жетуі мүмкін. Көп жағдайда, созылмалы периодонтитгің қайта қозған түрінде, тіс түбірін қоршаған тіндердегі іріңді эқссудат сүйектің сыртқы қабығы астына альвеола өсіндісіндегі қабынудың әсерінен пайда болған сүйек қуысшалары арқылы жетеді.
Патологиялық анатомиясы. Бастапқы кезде қызыл иек домбығу әсерінен ісініп, сүйектің сыртқы қабығы мен шырышты қабықтың инфильтрациясы байқалады. Іріңді экссудат сүйек пен оның сыртқы қабығының астына жиналады. Экссудаттың мөлшері кобейген сайын, сүйектің сыртқы қабығы кортикальды пластинкадан ажырайды. Микроскопиялық өзгерістер — іріңді инфильтрация, ал оның шет жақтарында — жаңа сүйек затының пайда болуы байқалады.
Жақ сүйегінің кортикальды пластинкасының іріңді ошаққа жақын орналасқан және сүйектің сыртқы қабығынан ажыраған тұсында қабыну және дистрофиялық өзгерістер болады. Сүйектің резорбациясы гаверс, фолькман түтікшелерінің кеңуіне және жақ сүйегінің кортикальды бөлігінің остеопорозына әкеп соғады. Резорбацияға ұшыраған сүйек учаскесі клеткалы-талшықты тіндермен алмасады, яғни бұл ұлғайып өскен эндоост болып табылады. Мұның бәрі жақ сүйегінің кортикальды қабатының жұқарып, кейбір жерінде ақаулардың пайда болуына әкеп соғады, Осы ақаулар арқылы лейкоциттер сүйек майы кеңістігінің шеткі учаскелері мен гаверс өзектеріне енеді. Соның салдарынан сүйек майының альвеолды өсіндіге жақын жатқан тұсында домбығу пайда болады. Сонымен, периоститте болатын гистологиялық өзгерістер, жедел ағымды периодонтит кезінде қоршаған сүйек тіндерінде болатын өзгерістердегідей. Бірақ та бұл процестер кезінде, сұйық зат учаскесінде айтарлықтай өлеттену мен жойылу байқалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет