Стоматология



бет98/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

ТІЛМЕ (РОЖА)
Тілме — терінің және шырышты қабықтардың жедел сарысулы немесе сарысулықанды қабынуымен сипатталанатын организмнің жалпы улануымен көрінетін инфекциялы дерт.
Этиологиясы. А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да сероварлары болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық процесте т. б. микробтар, соның ішінде стафилококк та қатысады.
Патогенезі. Организм сенсибилзацияланып оның жалпы және жергілікті антиинфекциялық қорғаныс факторлары төмендегенде тілме дамиды. Гетеро-және аутосенсибилизациялық факторлардың ішінде терінің және жалпы организмнің салқындауы, қажуы, созылмалы аурулардың өршуі, әртүрлі стресті жағдайлар жататынын атау керек. Терінің қарсыласу және бактериоцидтік белсенділігінің көп маңызы бар. Аурудың дамуы, әсіресе терінің стрептококкпен ұрықтанғанында ықтимал. Инфекция ену көзі тері, көп жағдайларда, оның жарақаттары эрозиялар, қабыну дерттері.
Кей жағдайларда тілмеге организмнің туа біткен бейімділігі де байқалады. Организм сенсибилизацияланып оның иммундық қорғанысы бүзылады, қан қүрамында гистамин көбейіп және организмнің гистаминді залалсыздандыру қызметінің төмендеуі тілменің дамуына әкеліп соқтырады.
Патологиялық анатомиясы. Тілменің патологиялық анатомиясы терінің емізікше қабатының сарысулы немесе сарысулы-қанды қабынуымен және ретикулярлық қабатының домбығуымен сипатталады. Қан және лимфа тамырлары кеңейіп, құрамында көптеген микробтар бар экссудатпен толады. Қан тамырларының айналасында, лимфоидты және ретикулогистиоциттардан тұратын клеткалы инфильтрация байқалады. Пайда болған экссудат эпидермиске қарай тарайды да, құрамында фибрині бар көптеген көпіршіктер пайда болады.
Экссудат жанасып жатқан клетчаткаға жайылып оның флегмонозды қабынуына кей кезде өлеттенуіне соқтыруы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Бет аймағында көбінесе тілменің алғашқы қабынуы дамиды. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 4—5 күнге созылады. Ауру жедел басталып, жалпы қабыну көріністерімен сипатталады. Кейбір жағдайларда ауру, дене қызуының субфибрилді температурасымен, бас ауруымен, әлсізденуімен және жалпы жағдайының нашарлауымен басталады.
Ауру басталған соң 2—3-ші күні, оның жалпы көріністері күшейе түседі, дене қызуы 3 8°-қа дейін көтеріледі. Науқас лоқсып, құсып, денесі қалтырап, қан айналымы бұзылады, есеңгіреп, сандырақтайды. Аурудың жергілікті көріністері жалпы көріністерімен бірге немесе ауру басталғаннан соң 2—3 күннен кейін дамиды. Бетте тілме көбінесе мұрын, ұрт аймақтарында, көбелек тәріздес болып орналасады. Дами бара қабыну қабақ, мойын, құлақ, бастың шаш бөлігіне қарай жайылады. Кей кезде ауыз қуысының шырышты қабығы, жұтқыншақ, ауыз қуысының түбіне жайылып, ауру ағымын ауырлатады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейіп ауырсынуы мүмкін. Тілменің клиникалық жіктелуінің негізіне жергілікті өзгерістер алынған. Оның эритематозды, эритематозды-буллезды, эритематозды-қанды және бул-лезды-қанды түрлерін ажыратады осымен қатар, өлеттенген және флегмонозды асқынған түрлері де болады. Қамту аймағына байланысты, жергілікті, көшпелі (блуждающий) немесе жайылмалы түрлерін ажыратады. Жалпы қабыну процесінің ағымына қарай жеңіл, орташа, ауыр және біріншілік, рецедивті (бірнеше айдан 1—2 жылға дейін), қайталанған (алғашқы тілмеден 2 жылдан аса уақыттан соң) түрлеріне бөлінеді.
Диагнозы және ажырату диагнозы. Тілмені анықтап диагнозын қою аурудың жалпы клиникалық көріністеріне негізделеді. Егер тілме ошағында орналасқан көпіршіктерден патогенді стрептококктар бөлініп шықса, оның диагнозын анықтау тіпті оңайға түседі. Тілмені жақ аймағының абсцесі, флегмонасы, лимфаденит, бет ве-насының флебиті, актиномикоз және сібір жарасынан ажырата білу керек.
Емі. Тілменің эритематозды түрінде сульфаниламид, витаминдер, десенсибилизацияландыру, осылармен қатар науқасқа тыныштық және ультрасәулесімен емдеу тағайындалады. Оның басқа түрлерінде антибиотиктер және қабынуға қарсы комплексті ем жүргізеді. Флегмонозды немесе өлеттенген түрі дамыған жағдайда жоғарыда атап өткен емге қоса науқастың жасын, қосақталған ауруларын ескере отырып қосымша интенсивті (екпінді) терапиялық ем қолдануын қажет етеді. Аурудың жеңіл түрінде витаминдер, метилурацил, пентоксил, продигиозон және аутогемотерапия тағайындалады.
Тілменің эритематозды-буллезды, буллезды-қанды, флегмонозды, өлеттенетін түрлерінің жергілікті емі көпіршіктер мен іріңді ошақтарды ашып, өлеттенген тіндерді кесіп алып тастауды қажет етеді. Зақымданған жерлерге фурацилинмен Вишневский, Шостаковский майларымен емдік таңбалар тартылады. Ауру инфекцияның жайылуы, менингит, сепсиспен асқынуы мүмкін. Тілмен ауырған науқастарды арнайы инфекциялы бөлімшелерде емдеген жөн. Аурулар толық емделіп шығады, бірақ жасы келген, кәрі кісілерде тілме асқынып өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Алдын алу инфекция енетін көздерді жою, әртүрлі физикалық ем-тәсілдерін қолданып терінің резистенттігін көтеруден тұрады. Осымен қатар одонтогенді ошақтарға санация жасап, ауыз қуысының, беттің гигиенасын сақтау керек. Тілменің рецидивті түрімен ауыратын науқастар диспансерлік есепке алынып, жыл бойы бициллин емін алуы керек.


ШИҚАН
Түк фолликуласының және оның айналасындағы тіндердің жедел түрде іріңдеп, өлеттене қабынуын шиқан дейді.
Бірнеше түк фолликуласы мен майлы бездерді қамтып тері және теріасты клетчатканың іріңдеп өлеттене қабынуын көршиқан дейді.
Бір уақытта немесе біртіндеп терінің бірнеше жерлерінде қабыну ошақтарының дамуын фурункулез дейді.
Беттің аз ғана шектелген бір бөлігінде бірнеше шиқан орналасса, оны жергілікті фурункулез дейді.
Шиқанмен көршиқанның дамуы тікелей бет-жақ аймағының, оның ішінде терісінің анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тері адамның маңызды ағзаларының бірі, ол зат алмасу және жылу реттестіру процестеріне қатысады. Тері қорғаныс, тыныс алу, секрет (тер, тері майын) бөліп шығару қызметтерін атқарады. Теріде орналасқан күрделі нерв аппараты көптеген сезіну, қысым, ауру, ыстық, суық сезімдерін қабылдап ми қатпарларына жібереді. Бет терісінің бірнеше ерекшеліктері бар. Оның беткей қабаты эпителиалды клеткалардан құрылған эпидермистен тұрады. Бет терісінің мүйізді қабаты адам денесінің басқа жерлеріне қарағанда жұқалау болып келеді. Эпидермистің жылтыр қабаты, ал кей кезде дәнді қабаты да бетте жоқ болуы мүмкін. Дерма немесе меншікті тері торлы және емізікше қабаттан құрылған. Дерманың торлы қабатында тер, май бездері және түк түбірлері орналасады. Түк түбірінің буылтығына, терінің терең қабатынан түкті қоректендіретін қан тамырлары бар емізікше жанасып жатады. Сондықтан оны түбірімен қоса зорлап жұлуға болмайды, өйткені бұл жағдайда дерма жалаңаштанып микробтарға қарсы төтеп бере алмайды. Терінің үшінші қабаты көптеген майлы клетка жиынтығынан құралған теріасты майшелі болып табылады. Мұнда бет терісіне бекіген ымдау бұлшықеттері орналасады. Бүл еттердің үнемі қозғалысы клетчаткалық кеңістіктерге микробтардың еніп, терінің терең қабатында қабыну процестерінің жайылуына соқтырады. Ымдау еттерімен терінің осы байланысы қабынған тіндерге жергілікті тыныштық тудыруға мүмкіндік бермейді, ал бұл беттегі шиқан мен көршиқан емінің негізгі бір жағдайы болып табылады.
Бет-жақ аймағындағы қан тамырлардың, оның ішінде әсіресе, вена тамырларының молдығының беттегі іріңді қабыну ағымына өте маңызы көп. Беттің сол жағындағы веналар оң жағындағы веналармен, беткей веналар тереңдегі веналармен жалғасып көптеген анастомоздар құрады. Көз веналары арқылы, бас қаңқасының ішкі веналары мен мидың қатты қабығының синустары, оның ішінде үңгірлі қуыспен байланысатын бет веналары анастомоздарының маңызы бар. Бет веналары мен ми қабаттарының синуста-рын байланыстырып жатқан қан тамырларындағы қан ағымы бағытының да маңызы көп. Қалыпта қан бұрышты вена арқылы бет венасына құяды, бірақ жоғарғы ерін, көзасты және мұрын-ерін қатпары аумақтарында қабыну процесі дамыған жағдайда, қан ағымының бағыты көз веналары мен үңгірлі қуысқа қарай өзгереді (М. А. Сресли 1957). Бұған бет веналары мен мидың қатты қабатының анастомоздарында қақпақшалардың болмауы мүмкіндік тудырады. Осы жоғарыда атап өткен бет веналарының құрылыс ерекшеліктері бетке орналасқан шиқан, көршиқанның асқынып, менингит және үңгірлі қуыстық тромбоздың дамуына мүмкіндік тудырады. Осымен беттің шиқан, көршиқандарының клиникалық ағымының өзгешелігі, асқынуларының жиілігі жақ-бет аймағының, оның тері құрылысының ерекшелігімен тығыз байланысты.
Шиқан мен көршиқанның диагнозын қою, емін дұрыс жүргізу, олардың асқынуларының алдын алу үшін бұл ерекшеліктерін білген жөн.
Бет шиқаны мен көршиқаны вирулентті патогенді стафилококктың (алтын немесе ақ) кей жағдайларда оның басқа микроб ассоциацияларымен сырттан енгенінде дамиды. Бұл дерттердің дамуына келесі себептер мүмкіндік тудырады:
— бет терісінің шаң басып кірлеуі, әсіресе майлы заттармен жұмыс жасағанда лас қолмен бетін сүртіп, қасу;
— терінің микрожарақаттары (түгін алу, қырынғанда кесіп алу, тырнап алу, қасты теру);
— температураның күрт өзгеруі;
— кейбір тері дерттері (экзема, сикоз, безеу);
— зат алмасуының бұзылуы, қант диабеті, авитаминоз;
— әр түрлі созылмалы дерттер, ауыр жұқпалы дерттердің әсерінен организмнің әлсіреп жүдеуі;
— жас өспірімдердің безеулерін сығуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет