Стоматологиялық аурулардың кешенді профилактикасы



Дата16.09.2024
өлшемі71 Kb.
#204428
Байланысты:
стом аурулардын кешенди профилактикасы

Стоматологиялық аурулардың кешенді профилактикасы


ЦНИИС стоматологиялық аурулардың бірлескен жүйелі профилактикасын ойлап тапты. Бүгінгі күнде стоматологиялық профилактика – ауыз қуысы мен айналасындағы тіндердің патологиялық өзгерулерінің алдын-алу және емдеуге бағытталған сауықтыру шараларының кешені. Ғылым мен қоғамның әрбір даму сатысы өзіне сай стоматологиялық аурулардың профилактикасын еңдіру жолдарын ұсынады. Жеке стоматология саласында мұндай медициналық даму қарқынды жүріп жатыр.


І Жалпыресейлік одонтологтар съезінде (1923ж., қараша) денсаулықсақтау ұйымының бірінші наркомы Н.А.Семашко: Тіс емдеу саласындағы жұмыскерлер алдында маңызды міндет Балалар мен оқушылардың ауыз қуысын сауықтыру.
Қазіргі уақытта әлемдік әдебиетте тіс және пародонт ауруларының этиологиясы мен патогенезі мәселелері бойынша мол мағлұмат жинауы профилактиканың тиімді әдістерін жасауға себеп болды.
БДҰ-ның стоматологтар-эксперттер тобы айтқандай: «Егер әрбір стоматолог бүгінгі күнде белгілі тиімді профилактика құралдарын қолданса, 1-2 буыннан кейін, кариес – тісті жоғалтудың бастапқы себебі ретінде толық жойылар еді». Профилактика әдісің ендіру жолдарының қийындығы, оның жылдар бойы күнделікті орындалуы.
Мысалы, кариес профилактикасы үшін бала күнде, (жылына кем дегенде 250 күн), 3 жастан 14-15 жасқа дейін натрий фторид таблеткаларын қабылдауы керек. Талаптың орындалуы үшін, ата-ананың, әдістің тиімділігіне сенімі мол болуы керек. Ал сенімді тәрбиелеу қажет.
ЦНИИС стоматологиялық аурулардың кешенді жүйесін жасады.
Профилактика жүйесі – денсаулықсақтау қызметінің, білім беру мекемелерінің, тұрғындар топтарының қатысуымен жүргізілетін стоматологиялық аурулардың алдын-алуға бағытталған барлық меңгерілген профилактика әдістерін арнайы схема бойынша қолданылатын шаралар кешені.
Профилактиканың кешенді жүйесі тіс кариесінің, пародонт ауруларының қазіргі этиологиясы және патогенезі жайлы мағлұматтарға сүйене отырып, адамның жасын ескере отырып жасалған. Профилактиканың кешенді жүйесі құрамына жалпы аурулардың алдын-алуға бағытталған және тіс пен пародонт резистенттілігін арттыруға бағытталған әдістер кіреді.
Осыған байланысты әдістерді 2 топқа бөлеміз: негізгі және көмекші.
Негізгі – күн тәртібі, тамақтану тәртібі, ауыз қуысының гигиенасын сақтау, санитарлы-профилактикалық жұмыстар, медико-педагогикалық түсіндіру.
Қосымша – тістерді реминералдаушы заттармен өңдеу, емдік тіс сықпасын тағайындау, алғашқы және екіншілік жарақаттық окклюзияны түзеу, коррекциялық жаттығулар және т.б.
І. Жалпы рациональды режим – адамның дұрыс гармониялық дамуына жағдай жасайтын социальды-гигиеналық кешені – бұл, дегеніміз организмнің оптимальды тамақтану, жетілу, қызмет ету, қартаю жағдайлары.
Рациональды режимді мемлекет, қоғам заңдары қамтамасыз етеді. Ол ақысыз медициналық қызмет көрсету, мөлшерленген жұмыс күні, демалыс және т.б. қажеттіліктер.
Рациональды жалпы реимге жеке гигиеналық шаралар кіреді.
ІІ. Балансталған тамақтану – бұл денсаулық пен жұмысқа қабілеттілікті оптимальды сақтауға қажет қорек ететін су, витаминдер, белок, май, көмірсулар, минералды заттар мөлшері мен қатынасы. А.А.Покровский теоариясы бойынша органикалық қоректік заттарға физиологиялық қажеттілігі адамның жасына, жынысына, орталық нерв жүйесінің жағдайына, жұмысына, сыртқы орта жағдайына және т.б. байланысты.
Кешенді профилактикалы жүйені іске асырудағы
ұйымдастырушы шаралар
Кешенді профилактикалық жүйе іске асыру үшін материалды-техникалық база сай болу керек. Барлық негізгі және көмекші профилактикалық шаралар арнайы жабдықтандырылған бөлмелерде жүргізілуі керек. Барлық жүйені реализациялау үшін арнайы дайдындалған мамандар қажет, арнай тіс щеткалары, сықпалар қажет. Осыған байланысты профилактиканың кешенді жүйесін ендіру үшін жүйені ендіру жоспарланған жердің мекеме жетекшілерін біріктіру қажет . Денсаулықсақтау қызметі жетекшілері арнайы мамандар бөледі, бұл өзарақатынастар келісім-шарт негізінде орныдалуы қажет. Профилактика жүйесін ендіретін ұйымдар: әйелдер кеңесі, мектепке дейінгі мекемелер балалары, орта мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары, зауыттар, фабрикалар. СЭС және санитарлы ағарту үйі де жұмылдырылады. Профилактиканың кешенді жүйесін ендіретін мекемелер жетекшілері үшін міндетті болып, арнайы сыныптарды құру және жаьдықтау жатады, 500 адамы бар ұйымда бір аға мед.бике, шараларды жүргізуге жауапты адам болу қажет.
Профилактиканың кешенді жүйесін ендіруге ұйымдастырылған топ-жүкті әйелдер, балалар және үлкендерді стоматологиялық қарау жатады. Біріншілік және қайта қарау кезінде негізгі тіркеуші құжат болады: «стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактикасының тиімділігін бағалау картасы».

Әрбір мекемелерде профилактиканың кешенді жүйесін


ендіруге тән ерекшеліктер
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, колледждарда, зауыттарда, фабрикаларды баланың, жасөспірімдердің және үлкендердің жасын ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізу жоспары бекітіледі. Мұндай әрбір ұйымда арнайы бөлме (сыныптар) ұйымдастыру қажет, онда профилактика жүйесін енгізетін жұмыстар дүргізілуі тиіс, гигиена және профилактика сыныптары орташа 10-15 оқушыға арналады және стоматологиялық бөлмелерге мүмкіндігінше жақын орналасады.
Әйелдер кеңесі
Жүкті әйелде, сондай-ақ болашақ бала үшін стоматологиялық аурулардың профилактикасы (кариес және пародонт аурулары) әйелдер кеңесі базасында жүргізіледі. Дәрігер-стоматолог акушер-гинеколог, терапевтпен тығыс байланыста жұмыс істейді. Дәрігер-стоматологтың мақсаты: тісті дұрыс тазалауға үйрету, тісті тазалау дұрыстығын бағалау, тіс шөгінділерін алу, тістерді құрамында фторы бар сықпалармен өңдеу. Жүктіліктің алғашқы 20 аптасында айына 1 рет, 20 аптадан кейін айына 2 рет, 32 аптадан кейін айына 3-4 рет қарайды.
Санитарлы-ағарту жұмысына аса көңіл бөлу қажет. Дәрігер-стоматолог медико-педагогикалық сендіру бойынша жоспар құрайды:

  1. Тіс туралы анатомо-физиологиялық түсінік беру

  2. Жүктілік кезінде тістердің деминералдануы

  3. Іштегі баланың барлық тісжақ жүйесінің және тіс тіндерінің салынуы мен қалыптасуы

  4. Жүктілік кезінде ауыз қуысын күту ерекшеліктері

  5. Ауыз қуысының гигиена жабдықтарын дұрыс таңдау

Жүргізілген жұмыстар тиімділігін баланың тісжақ жүйесі, шайнау аппараты жағдайы бойынша кейіннен бағалайды.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Профилактикалық жұмысты балалар бақшасында, балалар яслиінде, ұйымдастырылған балалар ұйымдарында жүргізеді. Ең алдымен, ата-аналары мен тәрбиешілерді медико-педагогикалық сендіру жоспарын ұйымдастыру қажет.
Негізгі сұрақтары:

  1. Сүт және тұрақты тістердің қалыптасу, пісіп-жетілу, қызметінің ерекшеліктері

  2. тістердің жарып шығу мерзімдері

  3. балалардың тістерінің кариесі және оның асқынулары

  4. тіс щеткасы мен сықпасын дұрыс тағайындау

  5. тісті тазалауды қай жастан бастау және дұрыс тазалауы

  6. балалардың тамақтануы

  7. тіс ауырған кездегі алғашқы көмек

  8. ауыз қуысы кілегей қабатының және қызыл иектің аурулары

Кіші жастағы балаларды қараған кезде қауіп-қатер факторларын бөлу қажет, яғни кариестің пайда болуына қауіп-қатері жоғары топтар:

    • экстрогенитальды аурулары бар аналардан туған балалар (қан-тамыр жүйесі ақаулары, гипертония, нефропатия, диабет, туберкулез, жүкті ана токсикозы және т.б.)

    • жетілмей туған балалар

    • даму ақаулары бар балалар және жаңа туған кезінде және омырау жасында пневмония, іріңді-септикалық аурулар, 4 рет ЖРА ауырған балалар, «Д» гипервитаминозы бар балалар

    • тістердің даму ақаулары бар балалары

Мұндай балаларға натрий фториді таблеткалары тағайындалады. Тістерінің даму ақаулары бар балаларға қосымша ретінде жылына 4 рет құрамында фторы бар лактармен тістерін өңдейді.
2 жастан бастап балаларды тістерін щеткамен тазалауға (сықпасыз) және тамақ қабылдаған сайын ауызын шаюға үйретеді. Тіс щеткасын 3 айда бір рет ауыстырып отыру қажет. Аурудың қауіп-қатері жоғары балаларға натрий фториді, витафтор, кальций глицерофосфаты таблеткаларын тағайындайды.
Тістерінің кариесі бар 4, 5, және 6 жастағы балаларға сауықтыруды жылына 2 рет жүргізеді, натрий фториді таблеткаларын тағайындайды және тістерін фторлакпен жылына 2 рет өңдейді. Балаларды қараған кезде балаларды бірден тістерін дұрыс тазалау әдістемесіне үйретеді және осы процедуранының орындалуын бақылауды жүргізеді. Стоматологтар, ата-аналар және тәрбиешілер күн сайын көмірсуды қабылдау нормасын бақылау керек, қант және құрамында қанты бар өнімдерді негізгі тамақ арасында қабылдамауын қадағалау керек, әрбір тамақ ішкен сайын ауыз қуысын міндетті түрде шаю дағдысын дамыту керек.
Орта жалпы білімберу мектептері
Мектептерге қойылатын негізгі талаптар: гигиена және профилактика сыныптары, стоматологиялық кабинеттің инструкцияларына сай жабдықталу. Оқу жылы басталмас бұрын мектеп қызметкерлері, бөлімше меңгерушілері стоматология факультетінің қызметкерлері дайындап, жүргізген семинарларға қатысуы керек. Семинардағы негізгі сұрақтар: ауыз қуысының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері, тістердің минералдануы мен пісіп-жетілуі, стоматологиялық аурулардың этиологиясы мен патогенезіне жанаша көзқарастар талданады, сондай-ақ профилактиканың әдістері мен жабдықтары детальды талданады.
Емдік және профилактикалық шаралар тістердің кариесінің белсенділік дәрежесіне байланысты құрылады. Кариестің 1 белсенділік дәрежесі бар балалар жылына 1 рет қаралады және сауықтандырылады және 2 рет тістерін құрамында фторы бар лактармен өңделеді. Кариестің 2 белсенділік дәрежесі бар балалар жылына 2 рет қаралады және сауықтандырылады және 4 рет тістерін құрамында фторы бар лактармен өңделеді. Кариестің 3 белсенділік дәрежесі бар балалар жылына 3 рет қаралады және сауықтандырылады және 6 рет тістерін құрамында фторы бар лактармен өңделеді. Кариестің 2 және 3 белсенділік дәрежесі бар балаларға қосымша ретінде жылына 4-6 рет тістеріне реминералдаушы ерітінділермен аппликация жасалынады (құрамында фторы бар лакпен өңдегеннен кейін 3-4 күннен ерте болмауы керек).
Медбике мектептің стоматологымен бірге әрбір оқушыға жеке гигиена жабдықтарын таңдайды және гигиена сабағы тізімін құрып, оны мектеп директоры бекітеді.
Жоғарғы оқу орындары, колледждер
Жоғарғы оқу орындарында жеке гигиена ұйымдастыру қажет. Тістерін фторлакпен және реминералдаушы ерітінділермен өңдейді және таблеткаларды тағайындауды көрсетулері бойынша жүргізеді: эмальдың деминералдану ошақтары, ақау стадиясындағы кариозды процесстің белсенді ағымы, эмальдың гиперестезиясы.
Бағдарламаны құру қоршаған ортаның жағдайын ескере отырып және аймақтық ерекшеліктерінмен жүзеге асады.
Бағдарлама аурудың этиологиясы мен патогенезін білудің мықты фундаментіне негізделеді.
Профилактика бағдарламасының мазмұны:
Бағдарламаны республика, облыс, аудан емханаларының бас дәрігерлері құрады және Денсаулықсақтау Министрлігінде бекітіледі. Бағдарлама облыстық білім беру бөлімінің меңгерушісімен келісіледі, себебі, бағдарламаның орындалуына мектеп директоры, балалар бақшасы меңгерушілері және т.б. қатысады, сондай-ақ облыстық қоғамдық тамақтану басқарулары да қатысады.
Бағдарлама:

  1. Мәселелерді анықтау

  2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

  3. Профилактиканың әдістері мен жабдықтары

  4. Персоналдармен қамтамасыз ету

  5. Материалдық қамтамасыз ету

  6. Тиімділігін бағалау

  1. Мәселелерді анықтау

    1. Эпидемиологиялық жағдайлар (6,12,15 және 35-44 жастағы КПУ және СРІТН)

    2. Демографиялық берілулер

    • барлық тұрғындар, қалалар, селолар;

    • тұрғындардың жылсайынғы өсуі;

балалар (мектепке дейінгі, мектептегі, жасөспірімдер);
жүкті аналар саны;
балалар бақшаслары, колледждер, мектептер, институттар, техникумдар саны

    1. Жағдайды анализдеу:

    • сумен қамтамасыз ету

орталықтандырылған - %
орталықтандырылмаған - %
фтордың, минералды компоненттердің құрамы

    • Тамақтану:

әрбір тұрғынға қажет қант саны
қандай тағамдардың көп болуы

    • Климатты-географиялық ерекшеліктер:

зиянды жағдай еңбегіндегі кәсіпорындар және қауіпсіздік шаралары

    1. Стоматологиялық қызмет байланыстарының сипаттамасы

    • стоматологиялық емханалардың саны

    • стоматологиялық бөлімшелердің саны

    • мектептегі стоматологиялық кабинеттердің саны

    1. Мамандар

    • дәрігер-стоматолог

    • тіс дәрігері

    • балалар тіс дәрігері

    • медбикелер

    1. Бағдарламаның орындалу мүмкіншілігі

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
Әрбңр аймаққа анықталады.
Ориентир – 2005 жылғы БДҰ негізгі мақсаты.


Профилактиканың әдістері мен жабдықтары:

    • ішетін судағы фтор

    • фторлы таблеткалар, лактар, ерітінділер

    • витафтор

    • санитарлы-ағарту жұмысы

    • ауыз қуысының жеке гигиенасы

    • тістесу аномалиялары

    • ауыз қуысын сауықтыру және стоматологта балаларды диспансерлеу

Персоналдарды қамтамасыз ету:
Профилактика бөлімшесінің меңгерушісі – жоспарлайды және бақылайды;
Дәрігер-стоматолог - өызметкерлерді дайындайды, педагогтарды санитарлы-ағарту жұмысына үйретеді;
Мектепке дейінгі, мектеп мед.бикесі – АҚЖГ, таблеткалар таратады және ауыз қуысын фтор ерітінділерімен шаяды, САЖ
Ата-аналар – тістерді тазалауға үйретеді және бақылайды, көмірсуларды қабылдауын шектейді
Материалды қамтамасыз ету
Фторпрепараттары:

    • суды фторлау үшін

    • жергілікті – фторлак, фтор таблеткалары

Реминералдаушы ерітінділері:

    • ремодент

    • Са глюконаты

    • Натрий фториді

Бағдарламаның тиімділігін бағалау
5 жылдан кейін – КПУ және СРІТН
коррекциялау үшін – 3 жылдан соң
Эпидемиологиялық тексерулер:
Орта Азия республикаларында:

    • дәрігер-стоматологтарымен қамтамасыз ету орташа жағдайда

    • тістердің кариесінің таралуы төмеңгі деңгейде

    • пародонт ауруларының таралуы жоғары деңгейде

Прибалтикада:

    • дәрігер-стоматологтарымен қамтамасыз ету жоғары жағдайда

    • тістердің кариесінің таралуы жоғарыі деңгейде

    • пародонт ауруларының таралуы жоғары деңгейде

Профилактиканың жалпымемлекеттік деңгейі

    • салауатты өмір салты

    • бала мен ананы қорғау

    • еңбек және тұрмыс жағдайы

    • тәрбиелеу гигиенасы

    • рациональды тамақтану

    • экология

    • ішетін судағы фтор

    • емдік-профилактиканың жабдықтарды шығару

Профилактиканың топтық шаралары:

    • тәрбиелеу гигиенасы бағдарламасын жүзеге асыру

    • негізгі стоматологиялық аурулардың профилактикасының арнайы әдістерін қолдану

    • негізгі әдіс - диспансерлеу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет