Стратегический ребрендинг



Pdf көрінісі
Дата07.12.2022
өлшемі5,51 Mb.
#161799
Байланысты:
Темирбаева.С - Бағалы қағаздар



Темирбаева С.М.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
және олардың атқаратын қызметтері.


Андеррайтер – бағалы қағаздар нарығының
брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға
лицензиясы бар жəне эмитентке эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет
көрсететін кəсіби қатысушысы. Эмиссиялық
консорциум андеррайтерлердің эмитентке
эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен
орналастыру жөнінде қызмет көрсету мақсатында
бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған
бірлестігі.


Андеррайтерлердің бірлескен қызметі туралы
шартта эмиссиялық консорциумға
қатысушылардың функциялары; эмиссиялық
консорциумға қатысушылар арасында олардың
құқықтарын, міндеттерін жəне
жауапкершіліктерін бөлу; бірлескен қызмет
туралы шарттың қолданыстағы мерзімі сияқты
мəліметтер болады.


Бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылар:
биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы баға кесу
ұйымы; биржалар.
Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы баға кесу
ұйымы – бұл биржалық емес нарықта құрылатын бағалы
қағаздардың саудасын техникалық қамтамасыз ететін
жəне бағалы қағаздың нарықтық құнының курсын
анықтау функциясын жүзеге асыратын, заңды тұлға
мəртебесі бар, бағалы қағаз нарығының кəсіпқой
қатысушыларымен құрылған коммерциялық емес ұйым.


Бағалы қағаздар рыногы» туралы заңның 57-59 баптарына
сəйкес, кəсіби қатысушылармен бағалы қағаз нарығында
ассоциация түрінде өзін-өзі реттейтін ұйым құрылады.
Сонымен қатар кəсіби көмекті эмитенттің аудиторы да атқарады,
ол компанияның жүйелі, жылдық жəне жарты жылдық
қаржылық есептерін тексеруге жауапты тұлға болып табылады.
Эмитент жаңа эмиссияға байланысты аудиторлардан
инвесторларға ұсынатын есепті растайтын хат даярлап беруді
сұрай алады. Бұл хатта эмитенттің бағалы қағаздарды сату
кезінде ұсынған қаржылық есептің елдегі жалпы бухгалтерлік
қағидаттарға сəйкестігін растаған аудитордың пікірі айтылады.


Бағалы қағаз нарығының инфрақұрылымының тағы бір
субъектісі – депозиторий.
Оның негізгі функциясы – депозиторийлік қызметті жүзеге
асыру. Бұл коммерциялық емес арнайы ұйым бағалы
қағаздың қозғалысын есепке алу, тіркеу жəне сақтауға
байланысты тиімді де, мамандандырылған шараларды
жүргізуді ұйымдастыру үшін құрылады. Депозитарлық
қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий
қалыптастыратын мəліметтер орталық депозитарийдің есепке
алу жүйесіне жинақталады. Депозиторийді бағалы қағазды
сақтау орнынан ажырата алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет