«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»



Pdf көрінісі
бет35/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
Байланысты:
3-2014
АнтикорТест, varr10rady (1), varr19rady
М.ДЖУМАГАЛИЕВА

іздеуге  септігін  тигізеді.  Білім  беру  екі  циклде  жүреді: 

біріншісі – бастапқы (Бакалавр), екіншісі – магистрлық (Мастер). 

Бір  семестрлік  оқу  кезінде  көптеген  сабақтарға  қатысып, 

өзіміздің білім сапамызды көтердік. Сабақтары білікті доктор, 

профессор  сияқты  жоғары  дәрежелі  лауазымды  мамандар 

әрдайым  жүйелі  әрі  қызықты  өткізумен  қатар,  міндетті  түрде 

студенттердің ойы мен ұсыныстарын мұқият тындап, талқыға 

салады. Студенттер арасында бірлескен жұмыстар (талқылау, 

практикалық жұмыстар) қарқынды жүріп отырды. Бәрі де өзін 

емін-еркін сезіне алады. Оқытушылар ұйымы бізге өте қатты 

ұнады: ұйымшыл, жұмысына адал, өте мұқият қарайтын олар, 

қай  кезде  барсаң  да  көмектесуге  дайын  тұрады.  Сабаққа 

қатысты  сұрақтар  туындаса,  өздері  жеке  отырып  түсіндіруге 

де бар.

Университетте  мәдени  шараларға  көп  көңіл  бөлінеді. 

Студенттер өздерінің уақыттарын тиімді әрі нәтижелі пайдалана 

алады. Одан бос уақыттарында көпшілігі жұмыс істейді.

Осы аралықтағы оқу кезінде біз өзімізге көптеген жаңалықтар 

аштық, өмірді басқа қырынан көрдік, шетелде қалай өмір кешуді, 

шетелдік білімнің сапасын, шетелдік оқыту жүйесін танып білдік. 

Сонымен  қатар  көптеген  шетелдік  достар  таптық.  Олармен 

қарым-қатынасымыз әзірге дейін үзілмей жалғасып келуде.

Шет  елге  барып  білім  алу  біздің  бұрыннан  келе  жатқан 

арманымыз  еді.  Асыра  сілтеп  отырғанымыз  жоқ,  бірақ  та 

Халықаралық Ынтымақтастық Департаментімен бірігіп жасалған 

көп жұмыстардың арқасында біздің арманымыз орындалғанына 

біз  өте  қатты  бақыттымыз.  Бізге  Майнц  қаласына  барып 

оқыған  қатты  ұнады.  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Иманғалиев 

Асхат Сәлімұлына, Білім беру бағдарламаларын дамыту және 

академиялық ұтқырлық бөліміне, Халықаралық ынтымақтастық 

департаментіне және Й.Гутенберг университетіндегі оқуымызды 

ұйымдастырған  Барадосова  Майра  Бариевнаға  жеке 

алғысымызды білдіргіміз келеді!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет