«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»


махаббат  мазарына  қатысты  белгісіз  оқушының



Pdf көрінісі
бет83/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95
Байланысты:
3-2014
АнтикорТест, varr10rady (1), varr19rady
махаббат  мазарына  қатысты  белгісіз  оқушының 

хаты.

 Түпнұсқасын бұзбастан ұсынуды жөн көрдік. Оқыңыз 

өкінбейсіз!

                                                                                                                                

«Махамбет» ХҒЗО 

Өшкен жалын

(Белгісіз оқушының шығармасы)

Алтын шұғыласын шашып күн шығып келеді. Таңғы салқын 

самалға  кеудемді  тосып,  қойларымды  үлкен  алқапқа  қарай 

шығарып  келе  жатырмын.  Алдымда  үлкен,  өр  тұлғасымен 

зорайып көрінген күмбезді мола тұр. Кішкене ақшыл таспен, өте 

ұқыпты және әсем оймыштап қаланған, өзінің әсем бейнесімен 

көзге тез түседі.

..

...



Бай  ауылы  әбігер.  Қолына  шара  ағаш  табақ  ұстаған, 

белдеріне қызыл орамал байлап, маңдайларының моншақтаған 

терін  сыпырып  тастап  кең  адыммен  жүгіріп  жүрген  жалшы 

жігіттер.  Күмбезді  алты  қанатты  ақ  отаудан  мазасыз 

домбыраның  даусы  безек  қағады.  Айнала  қоршап  отырған 

барқыт шапандылардың ортасында кетік тісті, кең маңдайлы 

қара торының сұлуы ақын жігіт байды мақтап безектеуде. Оның 

ұры көзі кербез байды бір шолып, не сыйлар екенсің дегенді 

көрсетеді. Үй ішінен «Һай, шіркін!», «Сүйке!» деген жағымпаз 

аянышты дауыстар естіледі.

..

Төребай думан ортасынан шығып кетті. Қырдың таза, өткір 



ауасы тершіген маңдайын тез кептіре бастады. Түн қоюланып, 

жалғыз ай ғана қарақошқыл бұлтты серпіп тастап шығып келеді, 

бірақ  қара  бұлт  тағы  басады.  Кең  дала  алқабында  жусан 

аралас изен исі аңқиды. Түн тұнып тұр. Жанын обыр құрттай 

жеген  мазасыз  шырылдақ  ой  Төребайды  өз  дегеніне  қояр 

емес. Түсініксіз, тынымсыз ой оның онсыз да жаралы жүрегінің 

сызатты жерін жаралауда. Оның от шашқан қой көзі, ерекше 

жалын атады, ол кең маңдайын жиырып, қабағын түйе түседі. 

Күрсініп  дем  алды  да,  ілгері  қалың  ой  (үстінде)  құшағында 

кете барды. 

Неткен  сұм  заман?  Қандай  тағылық?  Төребайдың  тісі 

шақырлап,  аузынан  ыстық  демі  аптыға  шығады.  А дам 

түсінбейтін шым-шытырық оқиға Төребайға өткен өмір елесін 

есіне түсіреді...

Төребай оқудан шығысымен, демалмақшы болып, анасын 

ертіп,  осыдан  өте  алыс  тұратын  өзі  қатты  сүйетін  нағашы 

ағасы Қасым үйіне қыдырып барған еді. Ауылдың адамдары, 

жалпы  сол  жердің  табиғаты  Төребайға  қатты  ұнады.  Ауыл 

жастарымен де, қарияларымен де тез шүйіркелесіп кетті. Талай 

алтыбақанда  болып,  ауыл  қыздарына  сүйсіне  қарап  қойған. 

Сол  көп  қызықтың  бірінде  және  алғашқы  көрші  ойынында 

Төребайдың өмірінде ұмытпайтын бір оқиға болды. 

Көрші  ойынының  қызған  шағы  еді.  Бір  уақытта:  «Мен 

Хамиттың  көршісін  қалаймын»  деген,  көңілді  саңқылдаған 

үн  шықты.  Төребай  дауыс  шыққан  жаққа  қарап  еді,  алдына 

жақын  ақ  сары,  бетінің  ұшына  қызғылт  ойнаған  сұлу  қызды 

көрді. Қыздың талабынан сескенді ме, әлде сұлу, қағілез сол 

қызға  тең  көрді  ме,  Хамит  тез  бере  салды.  Төребай  қызбен 

әп-сәтте  танысып  алды  және  күнде  кездесіп  тұратынды 

шығарды.  Қыздың  қара,  мөлдір  көзін  сүзіп  қарағаны  және 

қызарып  үндемеуі,  жігіттің  жүрегіне  шоқ  түсіріп  дір  еткізді. 

Күннен-күнге қызға ынтыққан Төребай ғашық болып қалғанын 

да байқамай қалды. Қыздың аспандай ашық күлкісі, көңілінің 

ақтығы, жастықтың албырттығына ерген ыстық сезімі - бәрі де 

Төребайға ұнады. 

Төребай  Гүлжамалды    көп  маржанның  ішінен  асқан 

қиындықпен тапқан, алтын көзді мәрмәр гауһардай көрді. Көп 

кездесуінің бірінде Төребай албырт жүрегінің тәтті күйін қызға 

шерткен  болатын.  Ол  өзінің  оны  қатты  сүйетіндігімен  қатар 

өзінің  махаббатының  айнымас,  алынбас  қамал  екендігіне 

жете сендірген. 

Қыз  Төребайға  деген  сүйіспеншілігін  мойындай  отырып, 

өзін осы күндер, әлдебір ерекше күш билеп алғанын, сол күш 

орасан  мол  жарығымен  жас  жүрегін  жылытқанын  жасыра 

алмаған-ды. Қыз Төребайдың алыста Белес ауылында тұратын 

қарт  Жарасбай  ұлы  екендігінен  басқа  ештеңе  сұрамаған 

еді.  Кететін  уақыт  жақындады  да,  Төребай  қызбен  өте  бір 

қимастықпен қоштасты. Гүлжамал Төребайға сәт сапар тілей 

отырып:  -  Сіздің  оқуыңыз  бітуіне  неше  жыл  қалды?  –  деп 

сұрады. Төребай оқу бітуіне екі жыл қалғанын, амандық болса 

келер жаз тағы соғатынын ескертті. Төребай кетерде қыз бір 

нәрсе  айтқысы  келді  де  тұрды,  бірақ  жолаушыны  қам  көңіл 

еткісі келмесе керек, үндемеді...

Осыны көз алдына әкелген Төребай қызға айтқан уәдесіне 

тұра алмағанына қатты қиналды. Сол жазда келер алдында 

ауырып қалған еді, артынан әкесі, анасы барып көңілін басып 

қайтқан. Содан бері екі жыл. Міне, сол екі жылдан кейін әкесінің 

тойының үстінен шығып отыр. Байды бойдақ дей алмассыз, 

бұл  -  байлықтың  шалқыған  уақытында  төсек  жаңғыртуы.  Ең 

сорақысы, бұл - үшінші әйелі. 

Төребай  әкесінің  әйелі,  өзінің  анасы  есепті  кісінің,  бір 

кездегі Гүлжамалы екенін көргенде есеңгіреп есінен адасып 

қала жаздады. О, қасірет! О, қасірет! Өзінің бір кездегі жүрегіне 

махаббат шоғын түсірген, алыс жұлдыздай көрген сүйіктісі.

«О, сұм заман! О, бақытсыз, әділетсіз заман! Сүреңсіз қайғы 

мен азап арқалаған, махаббат пен зұлымдықты аңдыстырған 

қандай заман едің!», - деп қатты күрсінді жас жігіт. Көзіне толған 

ыстық  жасты  орамалмен  құрғатып  жатты.  Төребай  екі-үш 

күн ішінде ақ қағаздай жүдеп кетті. Сылдырлаған шолпының 

дауысы естілсе болғаны, үйден алыс безіп кетеді. Мақсатсыз, 

мекенсіз кең даланы кезіп кетеді. 

Жарасбайдың ортаншы баласының аты  Жұман болатын. 

Төребай  Жұманды  әке  демейтін,  Жарасбай  қарт  қайтқалы 

Жұман Төребайды өзіне іш тарта бастады. Жұман баласының 

мұндай  қалге  түсуіне  дал  болды.  Сал  ауруға  ұшырағандай 

қатты  жүдеуі,  оның  шамадан  тыс  үндемей,  әке  жүрегін 

сабырсыздандырмай  қойған  емес,  әкеге  баласымен  жеке 

сөйлесудің  сәті  түспеді.  Кей  кезде  баласының  өзіне  өте 

жиіркенішті, отты көзімен, сұсты кескінде қараған көздерін де 

көрді.  Мұндай  жұмбақ  сырына  Жұман  ұзын  құлақ  сыбыстан 

қаныға бастады да, ойламаған жерден өзі куә бола кетті.

Бір  күні  Төребай  өз  отауынан  шыға  беріп,  Гүлжамалға 

кездесіп  қалды.  О,  қасірет!  Қыздың  құр  сүлдесі  қалған.  Көп 

жылаудан болса керек, беті ісіп, ащы қайғыдан қатты жүдеп, 

жүзі  көгіс  тартыпты.  Бұрынғы  ойнақшыған  отты  көздің  ор

-

нына,  тек  жас,  моншақтаған  қайғы  жасы  қонақтап,  қара  жа



-

нарын  кілегейлендіріп  мұнарлайды.  Тек  қана  қарлығаштың 

қанатындай қара қасы орасан таңданудың әсерімен сәл жоғары 

қонақтапты. Аузына сөз түспей, қолындағы иін ағашын қолына 

қысып, ернін тістелей береді. Жігіт қолын ілгері созып ұмтыла 

бергенде,  қарсы  есік  ашылды  да,  аржағынан  күміс  құман 

ұстаған бай, сұсты кескінмен шыға келді. Төребай ыршып екінші 

жаққа шықты да, өз отауына жүре берді. 

Жұман өзіне белгісіз болған жасырын сырдың шындығына 

енді көзі жеткендей болды. Осыдан бірнеше күн бұрын, өзінің 

туысы,  жырынды  жауыз,  сырлас  ұрысы  Орақ  сескене  отыр

-

са  да,  жұмбақтың  аузын  жібітіңкірей,  оқиғаның  ұзын  іргесін 



жеткізген.  Жұман әуелі зәресі ұшып кетсе де, соңынан анығына 

көзі  жетпекші  болып,  сабырлылыққа  көшкен.  Ал  енді  ше? 

Үлкен алпауыт күш келіп, оның басын сыға бастады, құлағы 

дүңгірлеп,  бет  пішіні  сұмдық  қисайып  кетті.  Бала!  Бала!  Өз 

жаныңды  жегідей  жеп,  жұрт  алдында  айдай  масқара  еткен 

туған бала. Таңда, қай жағы басым!? Ойлан, алас ұр, азаптан! 

Бала біреу, ол жалғыз.

Жұманның  сансыз  байлығын  жұртқа  көрсетіп,  даңқын 

шығаратын бала, әлде кез келген Бекен сияқты азулыларға 

келеке еткізетін бала. Ол баласының шектен тыс әділетті, бір 

беткей екенін жақсы түсінетін.  Білсемші, білсемші бұл тойдың 

арылмас  қайғыға,  азапты  бақытсыздыққа  соқтыратынын, 

білсемші әлеуметке масқара болатындығымды. Не істеу керек? 

Суық тер маңдайынан кішкене, уақ түрінде шашырай төгіліп, 

қолының  тамыры  білеуленген  ұзын  саусағымен  жастықты 

мыжғылай берді. Түндігі ашық, керегесі түрілген үйден, самал 

желді көктемнің бал ауасы жетпегендей көйлегінің тамақ тұсы 

ілгегін жұлып тастап, құрғаққа шығып қалған балықша ышқына 

дем ала бастады. Ауық-ауық көз алды қарайып, сенделе берді. 

Жоқ, жоқ, кетіру керек бұл маңнан. Мәңгілік! Қалайша? Туған 

баланы ма? Бала, жалғыз бала!

Жұманның қанша жауыздығы астам болса да, оның әкелік 

жүрегін жылытып езе берді. Баланың кішкене күніндегі, жаздай 

күлген сықылықтаған балауса жарқын күлкісі, оның қарға адым 

жерге тәлтіректеп ұмтылғаны, елестей берді, елестей берді...

О, ақырзаман! Кешегі балапан қылықты балдырған, бүгін 

жылы  қойнымдағы  қатыныма  қол  салып,  атымды  масқара 

етіп,  әкелік  жүрегімді  езбекші.  Шындық,  әділет,  махаббат 

атын жамылып уын шашпақшы, жылы қойнымнан шыққан сұр 

жылан! О, даңқым! О, байлығым, жер жарған атағым! Бәрінен 

де жұрдай болғаным ба?

Оның  басы  айнала  бастады,  айналасы  сансыз  тесіктен 

мүжілген  үлкен  тұлғалы,  құлағалы  тұрған  шыңның  астында 

тұрғандай, қара жерге түсіп, бос ауаны қармалай берді. Жер 

жұтсын сені!

Жүресінен  басын  сығымдап  ұстап  отырған  Жұманның 

қанталаған көзінен жас сорғалап кетті. Бұл өмір сүргелі тұңғыш 

жас. Жұман батып бара жатқан күнге бетін бұрды да:

-  О,  алла,  тап  мен  қылып  жүрегін  жұлмала,  тап  мендей 

қылып  өмірін  өксумен  өткіз!  Бердім  теріс  әкелік  батамды, 

кетсін бұл маңнан мәңгілік! Ол менің балам емес, улы жалан! 

Кетсін, құрысын! Құрысын! Жұман қасындағы мамық жастыққа 

талықсып қисая кетті. 

Күн бата өзінің сырласы, атақты жырынды ұры Сабыр мен 

Орақты шақырып алды. Жұман бұларға өзінің талабын жеткізді. 

Орақ қанша жауыз болса да, зәресі ұшып кетті.

- Бай-еке, сізге не болған, алла сақтасын, жалғыз бала емес 

пе? Жоо-қ, жоо-қ, мүмкін емес!

- Тоқтат, жауыз көлгірсуіңді, айтқанды орында! Жұман екі 

айтқан емес, орындамасаң, басың иығыңда тұрады.

Орақ  пен  Сабыр  артымен  жүріп  алақтап,  зәресі  ұшқан 

күйде,  отаудан  ата  жөнелісті.  Жұман  Орақтар  кеткен  жаққа 

қолын созды да, еңіреп құс жастыққа құлап түсті...

Төребай  тағы  да  далаға  безіп  кетті.  Ойына  ештеңе 

түспестен, мәңгіреп дала қаңғырып жүр. Өзі ауыр ой үстінде, 

дөң басына шыға беріп еді, алдында Орақ және өзі танымайтын 

қара  сақалды  бір  адам  тұр  екен.  Төребай  Орақты  өте  жек 

көретін. Орақтың өтірік аңқылдаған күлкісін, от жарқылдаған 

жымысқы сығыр көзін, келсаптай ұзын тегеуірінді қолы оған 

әзірейілдей  көрінетін.  Орақ  сызданып  аттың  басын  тартты, 

бет-жүзі адам шошырлық күйге түскен, сірә, бір нәрседен қатты 

булығып терлеген. Әкесінің айтқанын екі еседей етіп жеткізді. 

Ұрылардың үйреншікті әдістері.

- Бала, масқара шығаруды қой, оқуға аттанған болып осы 

тұрған жеріңнен аттан, керек нәрсені соңынан жөнелте жатар

-

мыз. Төребайдың түсі бұзылып кетті, басына бір нәрсемен ұрып 



қалғандай есеңгіреп, атының басын үйге бағыштап, жүре берді. 

Қоштасқысы келді ме, кім білсін. Ауыр күрсінді. 

-  Тоқта,  жарар  енді,  үйге  қарай  аттаушы  болма!  Әкеңнің 

берген теріс батасы жетпей тұр ма? Бұр аттың басын, жоғалт 

қараңды!

Орақ атымен әріден Төребайды қарсылап аттың тізгініне 

жабысты.  Төребайдың  ашуы  басына  шыға  келді,  Орақтың 

қолын қағып жіберді де:

- Тарт, қолыңды, Орақ!

Екеуі беттесіп қалды.

- Сен, малғұн күшік, кімнің қолын қағасың? Орақтың қолын 

қағатын еркек әлі туған жоқ. Шырақ, тым өр көңіл буына піскен 

екенсің!

Жақындап  келіп,  соғуға  батпаса  да,  тізесімен  Төребай 

санын  мытып  жіберді.  Төребай  қайтпас  өр  мінезді  жігіт 

болатын, көңілдің тап осындай шырқау кезінде, мына қара күш 

мазағына шыдамаса керек. Орақты бетке мықтап тұрып, қойып 

жіберді. Орақ ерден қисайып бара жатып, дойырын көтерді. 

Екпіндеген дойыр Төребайға төне алмады, соққы есебін торы 

сәйгүліктен  алатындай,  аттың  жұқа  шабын  тартып-тартып 

жіберді.  Сәйгүлік  шыңғырып  аспанға  атылды,  тізгінді  қолын 

бос ұстап отырған Төребай шалқалай берді. Сәйгүлік тағы бір 

ышқынып  секірді  де,  өте  бір  жылдамдықпен  жалт  бұрылып 

ағыза жөнелді. Төребай аттан қисайып түсіп бара жатқанын 

біліп,  құламауға  жанталасты,  бірақ  қас-қаққанша  жерге 

құлдилап бара жатты. Оң аяғы үзеңгіге кептелді де, Төребай 

аяғының қатты бұралуынан талған күйінде, сәйгүлік жанында 

бір  жапырақ  шүберекше  желбіреді.  Заты  қорқақ  және  осы 

оқиғаның куәсі болатынын білген Орақ қанша көмектеспекші 

болып сәйгүлікті қуса да жете алмады.  Біраздан соң жігіт сарт 

етіп жерге түсіп қалды да, сәйгүлік тіп-тіке үйірге тартты. Орақ 

келгенде,  Төребай  кірпігін  қағып  қана  жатыр  еді.  Орақ  өзіне 

тартып жалбарынған кезде кәдімгідей жан кіріп, қозғалып кетті.

Осындай түкке тұрғысыз арзан өлімге жас жанын қимаған 

жігіт  тамағы  мен  жүрегі  тұсын  сипалап,  қырылдай  берді, 

қырылдай  берді.  Жігіт  бойындағы  жігер  тек  тісінің  ызамен 

қышырлауы  мен  сөніп  бара  жатқан  көзінің  жарқылы  ғана 

еді.  Жігіт  (бойындағы  жігермен)  жүрегін  мыта-мыта  ауыр 

күрсініспен күңірене ыңырсыды. Жоқ! Жоқ! Ол өлгісі келмейді, 

ол әлі де болса сүйгенінің, аяулы анасының жүзін көргісі келеді. 

Аударылып  екпетінен  түсті  де,  бар  күшін  жинап  ауыл  жаққа 

қарады.  Ауылға  ақтық  аянышты  және  күйінішті  көз  қарасын 

салды да, сылқ етіп жүре берді. Жас жігіттің жаңа маздап жанып 

келе жатқан күшіне жалындай жалп етіп сөнген аянышты да, 

мезгілсіз  де  өліміне  қайғырғандай  жан-жағын  қоршаған  ақ 

селеу өлеңдер суылдай бас иді. Жел күшейе түсті...

Осыдан  қозы  көш  жерде  төбе  басында  Гүлжамалды 

буындырып өлтіріп, екі жасты бір молаға салғаннан кейін, бір 

жұмадан соң жынданып өлген Жұман моласы бар. Шөгіп кеткен, 

құлпытасы әрең-әрең көрінеді.

Тағы да молаға көз саламын, үлкен күмбезді алып мола ұлы 

махаббат куәсіндей желмен тілдеседі, өзінің тарихын жария 

қылғандай уілдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет