«Стратегия «Казахстан 2050»: укрепление здоровья нации средствами физической культуры и спорта»



Pdf көрінісі
бет40/95
Дата13.12.2021
өлшемі8,46 Mb.
#125670
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95
Байланысты:
3-2014
АнтикорТест, varr10rady (1), varr19rady
А.С.АМАНБАЕВ



директор Центра карьеры

ЖАСТАРДЫ 

салауаттылыққа 

тәрбиелеу – ортақ іс

Елбасының  халыққа  жолдаған  «Қазақстан-2050» 

Стратегиялық Жолдауында басты фактор жастар болашағы 

екені  баса  айтылған.  Өйткені,  жиырма  бірінші  ғасырдағы 

болашақ  қоғамның  салауаттылығы  сол  қоғамды  алып 

жүретін болашақ жастардың салауатты өміріне байланысты.

Салауаттылық  ұғымының  ауқымы  мол,  шеңбері  кең. 

Мәселен,  нашақорлық  пен  темекі  шегудің  алдын-алу 

орайындағы  ұйымдастырылатын  салауаттылық  өмірге 

тәрбиелейтін әр түрлі спорт шараларына жастарымыздың 

бейімділік танытып, сондай арнайы шаралардың біртіндеп 

олардың  күнделікті  мінез-құлық  мәнеріне  айналуы  осы 

салауаттылық  өмірдің  әр  түрлі  жақтары.  Сондықтан  да 

салауаттылық  өмір  салтын  білдіретін  түсініктің  тек  үстірт 

көзқарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінбеуі үшін 

психологиялық  білім  қажет.  Салауаттылық  өмір  салтын 

қалыптастыру жайындағы мәселерлердің бәрі де психоло

-

гиямен тығыз байланысты.



Психологияның  міндеті  –  психикалық  өмірдің  негізгі 

заңдарын  зерттеу.  Бұл  ғылым  тек  адамның  психикалық 

өмірін бейнелейтін әдебиет, тарих т.б. қоғамдық ғылымдарды 

зерттеп беруде ғана емес, жастарды салауаттылық өмірге 

қалыптастыруда  да  алатын  маңызы  зор.  Психологтардың 

пікірінше, салауатты өмірді қалыптастыру әрекетінің барлық 

сатысында қарым-қатынас жасау, пікір алысу болу керек.

Қарым-қатынастың түпкі негізі – адамдардың бір-бірімен 

пікір алысуында. Ал адамдар арасындағы қарым-қатынасты 

қамтамсыз ету ең алдымен психологиялық ықпалға байла

-

нысты. Бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізі 



болуымен қатар пікір алысудың да бірден-бір құралы. 

Жастарды  салауатты  өмірге  тәрбиелеуде  ескеретін 

психикалық  құбылыстар  көп  десек,  соның  бірі  -  түйсік. 

Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Мәселен, 

қарапайым  психикалық  процесс  деп  аталатын  осы 

түйсік  түрлерінің  бірі  –  көру  түйсігі  салауаттылық  өмірге 

бейімделуде аса қажет. Түйсік және оның түрлері біздің айна

-

ламызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап 



отыратын психикалық құбылыс. 

Таным әрекеттерінің бірі – қабылдау. Қабылдау берілген 

ұғымдар мен түсініктерді, психикалық құбылыстарды сауат

-

ты салыстыра отырып талдау мен ойланудың жүзеге асыруда 



көрінетін күрделі психикалық жан қуаты. 

Салауаттылықты меңгеруде іс-әрекеттердің де атқаратын 

қызметі  ерекше.  Ол  адамның  жеке  құбылыстарды,  яғни 

қабылдау,  ойлау  және  еспен  т.б.  тығыз  байланысты.  Әр 

түрлі үгіт-насихат, ұйымдастырылған салауаттылық өмірге 

тәрбиелейтін  арнайы  шаралар  адамның  есінде  жақсы 

сақталады.

Барлық танымдық әрекеттеріміздің ішінде ой ең күрделісі 

болып  есептеледі.  Ой  –  сыртқы  дүниені  бейнелеудің  ең 

жоғары түрі. Адамның ойы сөз арқылы беріледі десек, ол 

сөз, оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу әрекеттерімен орын алады. 

Мәселен, сөйлеу өнерінің де оқу орындарында беріліп жа

-

татын  психологиялық  білімдер  арқылы  жеке  адамдардың 



күнделікті  өмірде  не  болып  жатқан  құбылыстарды  дұрыс 

талдап,  салауатты  бағалай  білуіне  тигізетін  септігі  зор. 

Осындай адамдардың айналасында болып жататын әр алуан 

психикалық  құбылыстардың  мәнін  анықтауда  ескерілетін 

мәселелердің  бірі  –  адамның  көңіл-күйі.  Бұл  эмоциялық 

жағдай, ол негізінен адамның өзіндік әлсіз немесе орташа 

күтімінен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. 

Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптаға, тіпті 

айға  дейін  созылуы  мүмкін.  Әрине,  көңіл-күйдің  әр  түрлі 

болатыны да белгілі. 

Мәселен  қуану,  жабырқау  т.б.  сондай  көңіл-күй  жақсы 

не жаман болып келуі мүмкін. Бұл әр түрлі себептерге бай

-

ланысты болады. Ол адамда жеке және қоғамдық өмірінде 



болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Көңіл-

күйдің  осындай  болу  себебі,  адамның  жүйке  жүйесінің 

жағдайына жалпы оның денсаулығының жағдайына да бай

-

ланысты. Ол адамның басқа да эмоциялық жағдайларына, 



оның белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне 

де ықпал етеді. Мысалы, адам шат көңіл-күйде белсенді, ал 

көңілсіз жағдайда сондай белсенділікті танытпайды. 

Қ аз і р г і  ке з де  п с и хо л о г и я  ғ ы л ым ы н ы ң  ө з е к т і, 

мәселелерінің біріне адам қызметін басқару міндеті жата

-

ды. Психикалық қызметтің басты міндеті – адамның мінез-



құлқын, әдетін және танымын қоғам талабына сәйкес саналы 

әрекетімен  қоршаған  ортаға  барынша  тиімді  үйлестіру 

бағытында дағдылануы өте маңызды. 

Әр  адам  өз  өмірінде  сан  алуан  қиыншылық  пен 

ауыртпашылық, бір сөзбен түрлі күйзелістерді кездестіреді. 

Оларға  қарсы  тұрып,  қажымай,  қайсарлық  көрсетіп  және 

білу – үлкен өнер. 

Мәселен  кез  келген  күшті  әсерден  пайда  болатын 

«титықтау»  мағынасын  білдіретін  стресс  және  жан 

толқынысы аффект сияқты ахуалдар адамның көңіл-күйіне 

ғана емес, оның денсаулығына да әсер етеді. 

Сондықтан  да,    адам  стресс  не  аффектінің  ең  күшті 

сәттерінде де өзін-өзі басқара білуі қажет. Бұлар адамзат 

қызметінің әр түрлерінде оқу, қызмет, спорт, жалпы адамдар 

арасында кездесіп отырады. Бұл орайда салауатты өмірмен 

шұғылдану аталған түрлі ахуалдардың алдын алу орайында 

маңызды  роль  атқарады.  Жастарымызды  салауатты  өмір 

салтына қалыптастыру баршамызға ортақ іс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет